Анаға тағзым

Еліміздегі алғашқы жоба

Күлшат МАСАЛИМОВА,

облыстағы іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл елімізде алғаш болып Ақтөбе қаласында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды. Айта кету керек, бұл кешен «Туған жер» акциясы бойынша облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен жүзеге асырылған жоба. Республикадағы бірегей жобаның Ақтөбеде бой көтеруі бізді қуантады. Әрі салтанатты ашылу рәсімі облыс тарихына ерекше із қалдыратын айтулы күнмен, яғни республика бойынша тұңғыш рет облысымызда ұйымдастырылып жатқан «Анаға тағзым» аналар слетімен тұспа-тұс келіп тұр. Ақтөбеде өткізілгелі жатқан «Анаға тағзым» аналар слетінің маңыздылығы мен «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы еліміздің әрбір азаматы үшін қымбат, тіпті бүкіл адамзат бас иетін аналарға арналған алғашқы жоба. Елімізде мұндай орталыққа ұқсас ешқандай ғимарат жоқ. Мұндай бірегей әрі халыққа қажет жобаның берері мол. Бұл кешеннің маңыздылығы сол, облыстағы жас аналардың, қыздарымыздың рухани-адамгершілік тұрғыда жан-жақты дамуына үлкен серпін береді. Сондықтан облысымызда бірегей, өзгелерге үлгі болатын ерекше жобаның жүзеге асырылғанына қуаныштымын.

Алдағы уақытта орталықта әйелдерге, жас аналарға арналып әртүрлі шеберлік кластары, тренингтер, кездесулер өткізілмек. Бұл орталықта рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие беріп қана қоймай, өсіп келе жатқан ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдеп-ғұрыптарымызды дәріптеп, насихаттауға мейлінше мән беріледі. Ең бастысы —  тарихта болған, есімі елге танымал әйел-аналарымызды ұлықтау, болашақ аналарға жан-жақты тәрбие беру мақсатында қолға алынған бұл жобаның қазіргі жас аналар мен қыздарымыз, келешек ұрпақ үшін маңызы зор.

Әңгіме төркіні аналар тақырыбында болғандықтан, облыстағы іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы ретінде мен Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласының қарышты дамып жатқанын, оның ішінде бизнестің тізгінін ұстаған әйелдердің еңбегін, олардың облыс экономикасын дамытудағы үлесін айрықша атағым келеді. Үйде ана, әйел орны бар, ал түзде ер-азаматтармен қатар иық тірестіре жұмыс жасап жүрген ақтөбелік кәсіпкер қыз-келіншектердің тың идеялары мен бастамалары көпке үлгі. Тәуекелге бел буып, талай күрделі істі еңсеріп жүрген осындай іскер әйелдердің бастамасына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы ұдайы қолдау танытады. Әрине, бұдан қоғамда гендерлік саясаттың маңыздылығы, нәзік жанды әйелдердің қоғам өмірінде алатын орны орасан зор екенін айқын аңғаруға болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button