Анаға тағзым

Аналарға құрмет көрсетілді

Жуырда аудан орталығындағы Мәдениет үйінде «Анаға тағзым» форумы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған аталған жоба шеңберінде бүгінгі күні облыстың барлық аудандарында форумдар ұйымдастырылуда.

Аталған форумда ауданның дамуына зор үлесін қосқан, көп бала тәрбиелеген аналарға құрмет көрсетілді.

Шара Қазақстан Республикасының Гимнімен басталып, аудандық Өнер мектебінің «Жауқазын» бишілер тобының орындауындағы әсем бимен жалғасты.

Бұдан кейін шарада алтын құрсақты, жасы сексенге жетсе де отбасының ұйытқысы болып отырған Қайрақты ауылының тұрғыны Бәтима Алмышова, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жанашыры, ұлағатты ұстаз Елена Еремина, адам жанының арашасы болып жүрген белсенді Жадыра Жұбанышовалар өздерінің тілектерін жеткізіп, жиналғандарға ризашылығын білдірді.

Форумда аудан әкімі Асқар Жүсібалиев әр салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге, аналарға алғысын жеткізіп, бір топ адамды Алғыс хатпен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні ауданда 8849 әйел бар. Олар бүгінде әр салада қызмет етіп, ұрпақ тәрбиелеуде.

 Бақыт Имашев,

 Қарғалы ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button