Басты жаңалықтар

Өтпе жол жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі

«Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, облыс басшысы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағындағы өтпе жолдың құрылысын қарап шықты. Жобаны 2019 жылы жүзеге асыру жоспарланған болатын, бірақ жұмыстың ерте бітуіне байланысты көлік жол айрығы биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек. Құны 2,1 млрд теңге тұратын нысан іске қосылысымен қалалықтар теміржол торабындағы кептелістен құтылады.

Одан әрі облыс әкімі «Керуен сити» сауда, ойын-сауық орталығы ауданындағы көпір мен 5-шағын аудан маңындағы өтпе жолды салу жұмыстарын тексерді. Мердігерлермен әңгімелескенде Бердібек Сапарбаев жұмыс кестесінің қатаң сақталып, жол бойындағы аумақтың құрылыс, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының жоғары сапалылығын қамтамасыз ету қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ облыс әкімі Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аумағын жасау жұмыстарын қарап шықты. Ақтөбелік «Арбаттың» құрылысы жайлы қала әкімі Ілияс Испанов мағлұмат берді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button