Мереке

Өнер ұжымдарының тартуы

«Еуразия айтөресі — Астана». ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта өткен Елордамыздың туған күніне арналған шара осылай аталды.

Мерекелік шара барысында түрлі концерттік бағдарламалар, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Саябаққа жиналған жұртшылық алдымен «Ризамын саған, Астана!» атты Ақтөбе қалалық эстрадалық үрлемелі оркестрдің мерекелік бағдарламасын тамашалады.

Бұдан кейін облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында ұйымдастырылған конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекеттік гранттардың сертификаттарын табыс етті.

Одан соң шара Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры мен облыстық халық шығармашылық үйі ұжымының бағдарламаларына ұласты. Мерекелік кеш отшашумен аяқталды.

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button