Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Еуразия айтөресі — Астана!» атты мерекелік шараларға шақырамыз!

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары! Сіздерді Астана күнімен құттықтай отырып, Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Еуразия айтөресі — Астана!» атты мерекелік шараларға шақырамыз.
Мерекелік шаралар 6 шілде күні сағат 11.00-ден ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық демалыс саябағы, «Шығармашылық академиясы» (Батыс-2 ауданы), А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» демалыс саябағы, «Керуен сити» ойын-сауық, сауда орталығы, «Металлургтер» мәдениет үйінің алаңында және сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық демалыс саябағы, А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы, «Ретро» демалыс саябағында өтеді.
- ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы демалыс саябағы
10.00-11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00 – 12.00 Қазаңғап атындағы өнер мектебінің «Астана — жастықтың, ізгіліктің символы» атты концерттік бағдарламасы.
12.00 – 13.00 Облыстық «Алақай » қуыршақ театрының «Мультиертегі» қойылымы.
13.00 – 15.00 «Әлия Гүлі» қазақ биі «Халықтық ұжымы», «Халықтық» клоундар театры, «Сұңқар» «Халықтық» вокалдық ансамблінің «Еуразия айтөресі —Астана!» атты шығармашылық ұжымдарының концерті.
11:00 – 14:00 Асфальтқа сурет салу байқауы.
15.00 – 17.00 Астана қаласының 20 жылдығына арналған Биатлоннан эстафета.
19.00 – 22.00 «Plein Air Аkтobе» Халықаралық кескіндеме симпозиумның көрмесі.
19.00 – 20.30 «Ризамын саған, Астана!» концерттік бағдарлама, облыс әкімінің салтанатты құттықтауы.
20.30 – 21.30 Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының А.Маемировтың пьесасы бойынша «Астана» мюзиклінің қойлымы.
21.30- 22.30 Облыстық халық шығармашылық орталығының «Әнім сенсің, Астана!» байқауының гала-концерті.
- А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағы
10.00 – 11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00- 14.00 Асфальтқа сурет салу байқауы.
11.00- 12.00 Облыстық оқушылар сарайының «Астанам, туған күніңмен» атты концерттік бағдарламасы.
12.00 – 14.00 Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының «Жарқыраған Астана» атты концерттік бағдарламасы.
19.00 – 20.00 Музыка ойнап тұрады.
20.00-22.00 Қалалық мәдениет үйінің ВИА «Ақтөбе», ВИА «Наурыз» ансамбльдерінің қатысуымен «Жарқыра, жайнай түсші сен, Астанам!» концерттік бағдарламасы.
- Ретро саябағы
10.00 – 11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00 – 12.00 «Облыстық қоғамдық келісім» ММ-нің «Ризамын саған, Астана!» атты концерттік бағдарламасы.
12.00 – 14.00 Облыстық халық шығармашылық орталығының «Әнім саған, Елордам» атты концерттік бағдарламасы.
19.00 – 20.00 Музыка ойнап тұрады.
20.00 – 22.00 «Рюкзак» бард клубының «Алашымның ардағы сен, Астана!» атты концерттік бағдарламасы.
- «Керуен сити» ойын-сауық, сауда орталығы
10.00 – 11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00 – 12.00 «Астана – Мәңгілік Ел ордасы» атты мерекелік бағдарламасы.
12.00 – 14.00 «Астана, мақтанышы халқымның» атты концерттік бағдарламасы.
11.00 – 14.00 Асфальтқа сурет салу байқауы.
- «Шығармашылық академиясы», Батыс-2 ауданы
10.00 – 11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00 – 13.00 Шығармашылық академиясының «Астана, мақтанышы халқымның» атты концерттік бағдарламасы.
11.00 – 14.00 Асфальтқа сурет салу байқауы.
- «Металлургтер» мәдениет үйі
10.00-11.00 Музыка ойнап тұрады.
11.00-13.00 «Металлургтер» мәдениет үйінің ұжымдарының «Астана — ел жүрегі» атты концерттік бағдарламасы.
11.00 – 14.00 Асфальтқа сурет салу байқауы.



