Мәдениет

Үш жас Абайтанушының өнері

Елімізде ХІ республикалық «Абай оқулары» өтіп жатыр. Жақында жас абайтанушылар, анығы, 38 оқушы қатысқан облыстық байқау өтті.

Мұнда «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Россовхоз орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақмарал Құттымұрат жеңімпаз атанды. Ол «Татьянаның әнін» еш сүйемелдеусіз, ал «Көзімнің қарасы» әнін эстрада сүйемелдеуімен орындап берді. Ақмаралдың жетекшісі — бірнеше жылдан бері Россовхоз орта мектебінде «Абайтану» курсын ұйымдастырып жүрген ұстаз Қуаныш Қонтай. «Өлең — сөздің патшасы» номинациясында Абайдың 120 өлеңін жатқа оқитын №6 Ғ.Ақтаев атындағы Ақтөбе орта мектебінің оқушысы Әйгерім Алтаева бірінші орынды жеңіп алды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында бәсекелестерінен өнері басым түскен Шалқар қаласынан келген оқушы Бағдагүл Сейітова бірінші орын тұғырынан көрінді.

Үш жеңімпазға республикалық байқауға жолдама берілді.

Енді 8-9 қыркүйекте Семей облысы Абай ауданында өтетін республикалық байқауға баратын үш жас абайтанушы әзірліктерін пысықтамақ. Біз оларға сәт сапар тілейміз.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button