Әлеумет

Өз балаңыздың қауіпсіздігі үшін бәрін жасадыңыз ба, ойланыңыз

Өрттің  пайда болу себептерінің бірі – балалардың тентектігі, мектепке дейінгі және мектептегі төменгі сынып жасындағы балалардың отпен және өрт қаупі бар заттармен абайсыз болуы. Бұл неліктен болады? Осының жауабы – біз бен сіздің балаларымыздың өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуі.

Үйрету – бұл білімді кеңейту, өрттің туындауының негізгі себептерімен таныстыру, отпен абай болудың қарапайым дағдыларын ұғып алу және өрт болған жағдайда дұрыс қимыл жасау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау. Егер біз балаларымызды өрт қауіпсіздігіне мектептегі төменгі сыныптан бастап үйретпесек, онда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмегендік, қазір де болашақта да өрттің пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан балаларға отпен ойнау және тентектіктің қаупін, электр тұрмыстық аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін үйрету, бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануды үйрету қажет. Шағын жалынды сумен, құммен, гүл құмырасындағы топырақпен, кір жуатын ұнтақпен көміп тастау немесе отты матамен жауып сөндіруге болатынын бала білуі тиіс. Бала міндетті түрде «101» және «112» құтқару қызметінің телефонын білуі тиіс.

Ата-аналар балаларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін үйретуге іс жүзінде назар аудармайды және өрттің қауіпті екенін түсіндірмегендіктен ата-аналардың «Тентек болма!», «Ұстама!», «Сіріңкемен ойнама!» деген ескерту сөздері нәтиже бермейді. Одан сорақысы, олар балаларға отты қолдану кезіндегі абайсыздық үлгілерін өздері көрсетіп, балаларды қараусыз сіріңкемен оңаша қалдырады. Әдетте, оның салдары қайғылы: не бала өліміне, не мүгедектікке немесе денсаулықтан айырылуға әкеп соғады. Ойланыңыз, осы үшін тәуекелге баруға бола ма? Өз балаңыздың қауіпсіздігі үшін  бәрін істедіңіз бе, тағы да ойланыңыз.

Тек өртпен күресетін өрт сөндіруші-құтқарушылар өрттің қалай «аяқ астынан» шығатынын біледі. Шыдауға болмайтын және уландыратын түтін шығуға жол бермей бірнеше секундтың ішінде есінен тандырып тастайды… Адамдар өртке олардың және балаларының басына келмейтін нәрсе ретінде қарайды. Ал ҚР ІІМ ТЖК жыл сайынғы мәліметтерінде балалардың отпен ойнауынан болған өрт жағдайлары тіркеледі. Бұл жағдайда әрқашан да ересектер кінәлі.

Балаларды үйде жалғыз қалдырып, олардың іс-әрекеттері мен ойындарын бақыламайды, сіріңкені тықпайды және ең сорақысы өрт қауіпті жағдай туғызады: ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған тұрмыстық аспаптарды қолданады, газ плиталардың үстінде киімдерді кептіреді және т.б.. Ата-аналар тіпті бірнеше минуттың ішінде орны толмас қайғыға әкеліп соғуы мүмкін екендігін естерінде сақтауы қажет.

Бәрімізде балалар қолдарына кескіш заттарды алмауын қадағалап отырамыз. Бала қолына пышақ алған жағдайда, біз әділ түрде наразылық білдіреміз. Ал бала сіріңке және оттықпен ойнаған жағдайда, оны қолына ойыншық алғандай елемейміз (не істесе сол істесін, тек жыламаса болды дегендей). Бірақ бұл пышақпен ойнаудан гөрі қауіпті. Бала өрттің қауіпті апат екендігін түсінбейді. Бірақ бұл туралы ересектер үнемі естерінде сақтауы керек. Тек қана үлкендер балаға жауапты.

Отты абайсыз қолдану және отпен ойнауынан балалар ауыр күйіктер мен жарақаттар алады, олардың орны өмір бойы жаралар мен тыртықтар болып қалады. Бірақ баланың дене жарақаттары – бұл тек қайғының бір жағы. Ал жағдайдың келесі жағы – бұл психологиялық  жарақат. Бала қараусыз қалдырғандықтан және салғырттықтан күйік алуына байланысты  ата-анасының жанына ауыр тиеді, өйткені ұлының немесе қызының алдында үнемі кінәлі сезім туындайды. Сондықтан баланы өрт кезінде өзін қалай ұстауға және өртті болдырмауға үйрету өте маңызды.

Балалардың отпен ойнауынан болатын өрттерді болдырмау үшін сіріңкелер мен оттықты балалардың қолдары жетпейтін орындарға қою қажет; балалардың ойындарын бақылаусыз қалдырмауға тырысыңыз; оларды үйде жалғыз қалдырмаңыз; кішкентай жастағы балаларға электр аспаптары мен газ плиталарды қосуға, ал оған қоса жанып жатқан пештер мен қосылып тұрған жылыту құралдарын  бақылауға рұқсат бермеңіз.

Тәжірибе көрсеткендей, төтенше жағдайларда балалар шкафтардың ішіне, кереуеттің астына тығылады, өрт сөндірушілер қымбат уақытын есінен танып қалған балаларды іздеп, жоғалтады. Сондықтан ересек адамдар балаларға өрт болған жағдайда тез арада сыртқа шығуға тырысу керек екендігін, сондай-ақ кездескен кез келген ересек адамға өрт туралы айту керектігін түсіндіруі керек.

Құтқару қызметінің телефоны әрине ересектердің есінде. Ал сіздің балаңыз құтқару қызметінің «101» және «112» номерін біле ме? Мүмкін бұл туралы еске салуымыз керек шығар! Егер бала білмесе, міндетті түрде жаттату керек.

Құтқару қызметінің нөмірлері балалардың еріккеннен ойнауы үшін емес, сол туралы әрбір ата-ана өз баласына түсіндіріп айтуы қажет. Балаларға осындай қызық көріп ойнауы кезінде қиындыққа душар болған адамдардың өмірін құтқару үшін қымбат уақыт жоғалатындығын түсіндіру абзал.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жолында қырағылық танытатын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысына құрметпен қарауды ерте жастан қалыптастыру қажет.

Ақтөбе облысының ТЖД ӨҚСБжПҚБ

халыққа хабар беру және оқыту тобы

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button