Рухани жаңғыру

Болашаққа бастама

100 жаңа оқулық

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жүз жаңа оқулық» республикалық жобасын іске асыруға арналған дөңгелек үстел өтті.

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шараға жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

— Баршамызға белгілі, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамға үлкен серпін туғызды. Биыл қазақ тілінде 100 оқулықты баспадан шығару ісі қолға алынды. Жуырда 18 оқулық шет тілдерінен аударылып, жұртшылыққа ұсынылып отыр. Алдағы уақытта тағы 30 оқулықты шығару жоспарланды. Бұл біздің қоғамымыздағы мемлекеттік тілді төрге шығарудың шынайы көрінісі. Оқулықтар кітапханалар мен оқу орындарында тегін таратылатын болады. Мұның өзі ел экономикасының дамығандығының белгісі, — деді халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев.

Жиын барысында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Алдашев өз пікірін ортаға салып, жарыққа шыққан 18 кітапты атап өтті.

— «Жүз жаңа оқулық» жобасының басты мақсаты — әлем әдебиетін қазақ тілінде сөйлету. Енді біз­дің студенттер әлемнің маң­дай­алды ғалымдарының еңбек­те­рін өз ана тілінде оқи алады. Жақында жарыққа шыққан 18 кітаптың ішінде  Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін», Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы», Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы», Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: Әлеуметтік психологияға кіріспе» сынды басқа да еңбектер бар. Менің ойымша, бұл жоба­ны жүзеге асыру еліміздің әлем­дегі қарқынды дамыған отыз мемлекеттің қатарына қо­сы­луы­на айтарлықтай ықпал ет­пек, — деді ол.

Шара соңында студенттер өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button