Рухани жаңғыру

Рухты көтеру – өркениетке өрлеу!

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тарихи мәні бар құжат қана емес, ол сонымен бірге ұлтымыздың рухын көтеретін бірден-бір озық ойлы мәлімдеме. Өйткені Елбасымыз бұған дейін сан айтылып, жазылып келе жатқан ел-жұртымыздың рухын көтеретін мәселелерге кеңінен тоқталған. Біртұтас ұлт болу үшін, ең алдымен, ұлтымыздың рухы мықты болуы керек, рухты көтере отырып, өркениетке өрлеудің мүмкіндігі мол.

Елбасы өз мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын айқындап, көрегендік танытты. Солардың алғашқыларының бірі — бәсекелік қабілет. Президентіміз білім, ғылым, зияткерлік қабілет және сапалы еңбек арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру керектігіне ерекше тоқталды. Яғни, әрбір азамат өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Сондықтан қазір «Цифрлық Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында жүзеге асыру маңызды шаралардың алды болып отыр.

Сондай-ақ, «Туған жер» бағдарламасы кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға себепші. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры — тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар.

Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі жадымызда тұруы керек деп білеміз. Біздің институтта оқып жүрген курсанттарымызға адамгершілік, ержүректік, намысшылдық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіре отырып, олардың Отанға адал қызмет етіп, халқымыздың мүддесін қорғайтын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтайтын, айбынды ішкі істер қызметкерлері болатынына сенеміз. Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламасы біздің ұжымда үлкен қолдауға ие болды.

Мен Елбасы мақаласын толық қолдай отырып, біздің кең-байтақ жеріміз бен еліміздің, рухани мәдениетіміздің дамуы үшін ұлттық құндылықты сақтай отырып, одан әрі даму барысында курсанттарымыздың кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсіндім.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы, ішкі-сыртқы қорғанысымыздың бекем болуы — Елбасымыздың бірегей бағдарламаларының арқасы.

Р.РАҚЫШЕВ,

ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы

Ақтөбе заң институты

курс бастығының орынбасары,

полиция майоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button