Рухани жаңғыру

Алғадағы мәдени шаралар

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Кең көлемдегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бағыты бойынша бірінші жұмысшы топ мүшелері Алға ауданына барды.
Алға аудандық музейіндемәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көрме жасақталды.«Өлкемізден шыққан өнегелі тұлғалар», «Латын графикасы 1935-1941 жылдардағы құжаттарда» сынды тақырыптар бойынша жасақталған көрмеге 54 жәдігер қойылды. Олардың қатарында түрлі макеттер, фотосуреттер, кітаптар, құжаттар, дискілер, газет материалдары бар.
Алға аудандық орталық кітапханасында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен өткен «Кітапханадағы ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық жұмысты ұйымдастыру» атты шеберлік сабағына аудан, ауылдардағы кітапханашылар қатысты.
Бұған қоса аудан орталығында жастар мен мешіт жамағаттары арасында шағын футболдан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға облыстық спорт және туризм басқармасының жүлделері табысталды. Ақтөбелік бишілер Алғадағы би ансамбльдері мен хореографтарға әдемі өнердің қыр-сырын үйрететін шеберлік сабақтарын өткізді.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button