Спорт

Балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту — басты назарда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол командасы басшылығымен және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Жиынға клубтың бас директоры Самат Смақов, бас жаттықтырушы Владимир Муханов, жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Валерий Алемаскин, «Ақтөбе-Жас» клубының бас жаттықтырушысы Игорь Прохницкий, тәуелсіз футбол сарапшысы Николай Иванов, сондай-ақ байқаушы кеңестің (директорлар кеңесінің) мүшелері қатысты.

Кездесуді ашқан Бердібек Сапарбаев маусымның басында жастар құрамасының көрсеткен жақсы ойынын атап өтті.

— Біздің жастарымыз Ақтөбеде футбол ойыны бар екенін көрсетті. Сіздің міндетіңіз — бірлікті сақтау, команданың жауынгерлік рухын көтеру, жанкүйерлердің үмітін ақтау үшін күштерді біріктіру. Клуб жұмысындағы ашықтықты, тазалық және тәртіптілікті қамтамасыз ету маңызды. Өз кезегінде, аймақ басшылығы сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады, — деді ол.

Облыс басшысы аймақтағы балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, оқу процесінің тиімді ұйымдастырылуына және басты командаға үміт күттіретін ойыншылардың даярлығына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде С.Смақов, В.Муханов, В.Алемаскин, И.Прохницкий жаңа ойыншылардың тіркелуіне тыйым салуды, клубты қолдауға және тұтастай алғанда аймақтағы футболды дамытуға қатысты мәселелерді шешуге көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында клубтың басшылығы мен жаттықтырушы қызметкерлері ағымдағы қаржылық жағдай, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жоспарлары туралы баяндап, өзекті мәселелерді талқылады және ағымдағы мәселелер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында Ақтөбе ұсынатын «Ақтөбе-Жас» командасын құру үшін қосымша қаражат бөлу мәселесі оң шешімін тапты.

Облыс әкімі тиісті мемлекеттік органдарға «Ақтөбе» футбол клубымен бірлесе отырып, барлық қаржы мәселелерін шешуге, клубтың инфрақұрылымын және материалдық-техникалық базасын жақсартуға, Ақтөбе футбол мектебінің оқушыларынан кәсіби ойыншыларды даярлауға тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button