Спорт

Шаңғы теуіп, күш сынасты

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы шаңғыдан ұйымдастырған  жарысқа аталған салалардың 100-ден астам қызметкері қатысты.

Шаңғы жарысында 19 команда күш сынасты. Бас жүлдені Ақтөбе қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымынан қатысқан команда жеңіп алды. Ал бірінші орынды «Алақай» қуыршақ театры мен №1 балалар спорт мектебі командалары бөлісті.

Жарысқа қатысқан барлық командалардың еңбегі еленді. Оларға салалық кәсіподағының облыстық филиалының басшысы Назира Табылдинова мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Қыстың шуақты күнінде қарлы далада шаңғы қызығына бөленген спортшылар таза ауада жақсы демалып, көңілді қайтты.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ.

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button