Мәдениет

Кітап — ғасыр мұрасы

Акция

Жақында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Бүкіләлемдік кітап мерекесіне орай ұйымдастырылған кеш осылай аталды.

Кітапхана ұжымы бұл күні «Болашаққа мұра» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты — кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жастардың рухани-мәдени білімін көтеруде кең жариялылықты насихаттау. Акцияның  ашылу сәтінде  60-тан астам жаңа әдебиеттер түсті.

Кештің негізгі қонақтары — кітапхана оқырмандары. Сонымен қатар мерекелік акцияға түрлі ұжым мүшелері демеушілік етті. Атап айтар болсақ, облыстық «Нұр Отан» ХДП-ның бас маманы Г.Сейталина кітапхана қорына көптеген кітаптар тарту етті. Ал филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Алдашев ұжымға 18 дана кітап сыйға тартты. Сонымен қатар М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік медицина университетінің кітапханашысы М.Темірова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің кітапханашысы Г.Оңалбаева, облыстық планетарий  қызметкері А.Бисембаева, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының кітапханашысы С.Сүйентаева мен «Алақай» қуыршақ театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі А.Адаспаевалар түрлі саладағы көптеген оқулықтарды ұсынды.

Кітапхана ұжымы акция  күндері  демеушілік көрсетуге тілек білдірушілерді  асыға күтеді.

Ә.АРЫСТАНБАЕВА,

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер

кітапханасының библиографы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button