Әлеумет

Жоғалғалы жыл өтті

  • Іздеу

Шалқарлық Динара Жанұзақова із-түзсіз жоғалғалы жыл өтті. Былтыр 12 маусым күні жергілікті уақытпен 22.00-23.00 сағат аралығында дүкенге кеткен Динара үйіне қайтып оралмады. Бауырымыздың жоғалғаны отбасын алаңдатып отыр. Ал оның үш бүлдіршіні аналарын іздеп әлек…

Егер бағалы затымыз жоғалса көпке дейін іздеп әбігерге түсеміз. Сол бұйымның орнын толтыра алмай және қиналамыз. Ал айдың күннің аманында адам жоғалту, бір туған бауырдан қас-қағым сәтте қол  үзу тіпті ауыр екен. Динара жоғалғалы көңілімізге кірбің ұялап, жүрегіміз мұңға толды. Ешкімге қиянат етпей, үлкен-кішіге қамқорлық жасағанды жақсы көретін бауырымыздың ортамызға оралмауы жанымызды қинайды.

Динара Жарылқасынқызы Жанұзақова Шалқар қаласы Сарышолақ Боранбайұлы көшесіндегі №27 үйдің тұрғыны. 1979 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. Жолдасы, үш баласы бар. Бөпесінің үлкені — жеті, кішкентайы — бір

жарым жаста. Мамандығы — мұғалім. Ол өз ісіне тиянақты, бауырмал еді. Осы кезге дейін біз оның қасынан сөз таластырып, дауласып жүрген адамдарды көрмеппіз.

Динара 12 маусым күні кешкілік үй жақтағы «Қожа», «Өмір» дүкендерінен азық әкелуге кеткен еді. Сол кеткеннен оралмады. Таңертеңгілік аталған дүкендердің алдында орналасқан «Бағарыс» кафесінің жанынан оның аяқ киімі табылды. Біздің жобалауымызша, Динараны біреулер ұрлап әкеткенге ұқсайды…

Бір жыл бойы Динараның тума-туыстары, отбасы, аудандық құқық қорғау органдары іздеу салса да, одан хабар жоқ. Біз Динараны жамандыққа қимаймыз. Ал оның ізінен ерген шиеттей үш балапаны аналарын іздеп, жаутаңдап, жылап жүр.

Құрметті жамағат, Динара туралы дерек білетіндеріңіз болса, 8 (71335) 22-8-09 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз. Ақпарат бергендердің есімі құпия сақталады.

Динара бөбектерімен аман қауышса екен!

Орынгүл ЖАНҰЗАҚОВА,

Шалқар қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button