Рухани жаңғыру

Айтыс өтті

Тәуелсіздік мерекесі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сағашилі ауылында жаңа үлгідегі модельді кітапхана ашылды. Кітапхананың ашылу салтанатына С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Қ.Райымбаева бастаған жергілікті атқарушы органның өкілдері келді. Бұл — аудан бойынша ашылған оныншы модельді кітапхана.

Сонымен қатар, мереке күндері Қандыағаш қаласындағы «Керуен» сауда орталығында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауданға қарасты қалалық және ауылдық округтерден жеткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, жылқы, сиыр, қой еттерімен қатар сүт және сүт өнімдеріне деген сұраныс жоғары болды.

Ал Талдысай ауылында Тәуелсіздік мерекесі кең ауқымда тойланды. Ауыл тұрғындары Мәдениет үйінде танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханның айтысын тамашалады. Айтыскер ақындардың ауылға келіп, өнер көрсетуіне ықпал жасаған «Арман-М» шаруа қожалығының құрылтайшысы  Қазыбек Әлішев екі ақынға да жылқы мінгізді. Мереке құрметіне ауылда көкпар сайысы ұйымдастырылды.

А.СЕРІКОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button