Әлеумет

Сандық технология және жаңа сапа

Цифлы Қазақстан

 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты — қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурстарын да аяп жатқан жоқ. Осындай дамушы елдердің қатарында Қазақстан да бар. Еліміз тәуелсіздік алып, кенже қалған салаларды дамытуды қолға алған кезде жоғары технологиялар да  назардан тыс қалмаған болатын. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары әрі бұл саланы дамытудың бізге берер пайдасы қандай деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

Біріншіден, сандық технологияларды үкімет органдарының қызметіне енгізсек, өздеріне де тиімді және олардың қызмет көрсету деңгейі  жоғарылайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындар сандық технологияларды мейлінше меңгерсе, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен байланыс орнату жағдайында елеулі ілгерілеушіліктер орын алады. Үшіншіден, ақпараттық алмасу мен сақтауда алға басарымызға  күмән жоқ. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік телеарналар — осындай  іс-әрекеттердің жемісі. Цифрлық стандартқа көшкен сәтте, еліміз бойынша  жерсеріктік абоненттер жүйесін пайдаланушылардың саны небәрі 6300 ғана болған. Демек, алдымен ақпарат тарату саласында цифрлы стандартқа көшу қолға алған бастаманың қаншалықты халыққа тиімді әрі қажет екенінің айнымас көрсеткіші деуге болады. Цифрлы технологияларды дамытуға байланысты «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында  Мемлекет  басшысы Н.Назарбаев: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл — маңызды кешенді міндет. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,—  деп нақты болашаққа айқын бағдар берді. Бұл үшін арнайы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы дайындалғанын мәлімдеді. Бұл бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Біріншісі — ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағыты — экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Сондай-ақ,  ІТ мамандарды даярлау. Түптеп келгенде «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана ІТ саласын ғана емес, қоғамдағы  өзге де салаларды  дамытуға бағытталған.

Аталған бағдарламаны жүзеге асыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеруге, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуға зор мүмкіншіліктер жасалады. Сондықтан осы бағдарламаның аясында халықтың үдесінен шығу үшін еңбек ету қажет.

Эльмира ШҮКРАНОВА,

Ақтөбе қалалық сотының кеңсе

бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button