Әлемде

Ресейде тоғыз қабатты үйдің бір бөлігі опырылған сәттің видеосы пайда болды

Ресейдің Ижевск қаласында көпқабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылды, – деп хабарлайды РИА Новости. Төтенше жағдай қала орталығындағы Удмуртская көшесінде жергілікті уақыт бойынша 15:44-те болды.
Алты кіре берісі бар үйдің бір подъезді (32 пәтер) толығымен қирап қалды. Төтенше жағдай салдарынан 7 адам қаза тапты. Үйдің опырылуына басты себеп ортаңғы қабаттардағы пәтердің бірінде болған жарылыс. Пәтер иесінің баласы қамауға алынды. Тергеу мәліметінше, ол бұл қадамға қасақана баруы мүмкін.
Удмуртияда сенбі жексенбі күндері қаралы күн болып жарияланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button