Әлеумет

80 түп үйеңкі көшетін екті

Шаһар

«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өздерінің өндіріс аймағына 80 түп үйеңкі көшетін екті.

Қоршаған ортаға бейжай қарамайтын зауыттықтар ағаш егу шарасын жылына екі рет — көктем және күз мезгілінде жүзеге асыратынын айтады. Биылдың өзінде өндіріс аймағында 5 мыңға жуық әртүрлі көшет ағаштары бой түзеген. Бұл жолы тал-теректер дайын өнім цехының маңында егілді.

— Экологиялық ахуалды оңалтудың жалғыз жолы ағаш егу болып табылады. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бекерге айтылмаған ғой. Осы қағиданы басты назарда ұстайтын зауыттықтар жылдың екі мезгілінде өндіріс аймағына және қаланың өзінде ағаш егіп, қоршаған ортаны қорғауға атсалысады.

Жалпы, еліміздің әр тұрғыны тал егуді әдетіне айналдырса, кең-байтақ жеріміздің де сәні кіріп, жасыл желекке айналар еді. Енді зауыттың көркіне көрік қосатын бүгін егілген жас көшеттерді күтіп-баптау, суару жұмыстары біздің ұжымның міндетіне кіреді, — деп ой бөлісті игілікті істің басы-қасында жүрген дайын өнім цехының басшысы Малик Масаков.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button