ЖаңалықтарЭкономика

Ірі холдинг іргелі істерге мүдделі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге «Aktobe Invest-2017» бесінші халықаралық инвестициялық форумына қатысуға, сонымен қатар инвестицияланатын неғұрлым тартымды жобаларды талқылау мақсатында облыс басшылығымен жеке кездесу үшін Біріккен Араб әмірліктерінен келген Al Qudra Holding компаниясының бас директоры Мишель Нассурмен кездесті.

Кездесуді ашқан Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысы мен БАӘ арасындағы тауар айналымы төмен екенін, бұл екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің әлеуетін және экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастық мүмкіндігін көрсететінін атап өтті.

— Облысымыз экономиканың түрлі салаларына инвестиция тартуға қызығушылық танытып отыр. Компанияңыздың көптеген елдердің нарықтарындағы жақсы беделі мен тәжірибесін ескере отырып, біз сіздерге ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, қонақүй бизнесі сияқты салаларда ынтымақтастық жобаларын қарастыруды ұсынамыз, — деді өңір басшысы.

Өз кезегінде, Al Qudra Holding бас директоры өңірдің әлеуетімен танысып, инвестициялық басымдықтарын белгілеп үлгергенін хабарлады.

— Бізді Ақтөбе облысында айрықша қызықтырған — мұнай-химия салалары. Сондай-ақ, біз индустриялық аймаққа да, атап айтқанда, мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірістерінің ашылуына қызығушылық танытып отырмыз. Агроөнеркәсіптік кешен мен қонақүй ісін басым салалар ретінде қарастырамыз. Бастысы — өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытудың көзқарасы қазірдің өзінде бар, — деп атап өтті кездесудің жемісті әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірген Мишель Нассур.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button