Әлеумет

«Smart City» стандарты және сапа

14 қазан Халықаралық стандарттау күні

Дүниежүзілік нарықтағы еңбек пен сауданы бөлу — мемлекеттер арасында келіссөз орнату арқылы жетістікке жетуді және нормативті талаптары өндірушіге де, тұтынушыға да бірдей мағына беретін мемлекетаралық стандарттарды жобалауды талап етеді. 1946 жылдың 14 қазанында Лондон қаласында стандарттау бойынша дүниежүзілік конференция ұйымы ашылды. Осы конференцияға Кеңес Одағын қосқанда, 25 елден 65 делегат қатысты. Бұл жиынның нәтижесінде ISO (Халықаралық стандарттау ұйымы) құрылды. Бүкіл әлемдік стандартизация күнінің аталып өтуі халықаралық стандартизация жөніндегі ұйымның (ISO), халықаралық электр техникалық комиссияның (IEC) және  халықаралық электр байланыс одағының (ITU)   бастамашылығымен 1970 жылдан бері жыл сайын аталып келеді.

Әр жыл сайын Дүниежүзілік стандарттау күні арнайы ұранмен аталып өтеді. Мысалы, 2014 жылы  «Халықаралық стандарттар тепе-тең құру шарты», 2015 жылы   «Стандарттар — әмбебап халықаралық тілі», 2016 жылы «Стандарттар сенімділікті қалыптастырады» ұрандарымен өткізілді. Ал биыл ISO, IEC, ITU  «Стандарттар   қалаларды ақылдырақ етеді» деген ұранмен анықтады.

Қазіргі уақытта қалалар экономиканың дамуындағы негізгі күш бола тұра,  әлеуметтік және экономикалық сындарда жүлдеге жеткізуде орташа орында тұрады. Қалаларға қолжетімді инфрақұрылым, жоғары ұтқырлық, қауіпсіздік және экологиялық тұрғыда  ерекше талаптар қойылады. Осы талаптарға сай кең, сапалы қызметтер спектрі ұсынылады, оның арқасында қала тұрғындырының өмірі қамтамасыз етіледі. «Smart City» жобасын жүзеге асыру бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану, қалалық қызметтерді кешенді пайдалану арқылы мәселелерді сапалы шешу ұсынылады.

Қазақстанда халықаралық стандарттар негізінде «Smart City» облысында стратегиялық және саладағы жүйелі мәселелерді шешу үшін  нормативті-техникалық база бар. Осы күнге «Smart City» жобасын құрып және жүзеге асыруға, оның ішінде «Ақылды қала» компоненттерін жоспарлау және енгізу мақсатында  қала басшыларына арналған негізгі 9 ұлттық стандарт бекітілген. Бұлар келесі негізгі стандарт:

– ҚР СТ 2725 «Тұрақты қоғам дамуы. Қалалық қызметтер мен сапа көрсеткіштері»;

– ҚР СТ BSI PAS 180 «Смарт қалалары. Сөздік»;

– ҚР СТ BSI PAS 181 «Ақылды қалалар мен қауымдардың стратегиясын жасау жөніндегі басшылық»;

– ҚР СТ BSI PAS 182 «Смарт қала тұжырымдамасы»;

– ҚР СТ BSI PD 8100 «Ақылды қалаларды шолу. Басшылық»;

– ҚР СТ BSI PD 8101 «Ақылды қалалар. Жоспарлау және дамыту рөлін бағалау жөніндегі басшылық»;

– ҚР СТ ISO/TS 37151:2015 «Зияткерлік коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы. Жұмыс көрсеткіштер жүйесіне принциптер мен талаптар»;

– ҚР СТ ISO/TS 37150:2014 «Зияткерлік коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы. Көрсеткіш жүйесіне жататын қолданыстағы қызмет түрлеріне шолу»;

– ҚР СТ ISO 37101:2016 «Қауымдастықтардағы тұрақты даму. Орнықты даму жүйелерін басқару. Талаптар мен басшылықты пайдалану».

Сондай-ақ,  7 стандарттар әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Негізгі Стандарттарды 3 деңгейге бөлуге болады:

Стратегиялық стандарттары басымдылықтарды анықтайтын нақты және тиімді стратегияны басқару басшылығын құрайды.

Процесс мазмұндайтын стандарттары бұлар сәйкес қаржыландыратын жоспарларды біріктіруге арналған басшылықты қоса алғанда, смарт қаланың сектор аралық жобалары мен ұйымаралық басқару және сатып алу тиімді әдістерін құрайды. Техникалық спецификациясы керекті нәтижеге жететін смарт қаланың қызметі мен өнімдеріне қойылатын практикалық талаптарын қамтамасыз етуін құрайды.

Қазақстанда «Smart City» облысындағы толық стандарттар базасын құру үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мен  IEC, ISO және ITU стандарттау бойынша халықаралық ұйымдарымен тығыз байланыс орнатылған. Астана, Орал, Ақтөбе, Атырау қалалары әкімшілігі, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мен халықаралық стандартизация жөніндегі ұйым,  «Қоғамның тұрақты дамуы» ISO/268 техникалық комитеті арасында өзара  ынтымақтастық меморандум жүзеге асырылуда.

Казіргі таңда республикада «Smart City» пилоттық жобасын жүзеге асыруда Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары белсенді үлес қосып келеді.

Тек қана Ақтөбе қаласында 2017-2018 жылдарға арналған келесі жобалар жоспарланған және жүзеге асырылуда:

  • «109» бірыңғай байланыс орталығы. Байланыс орталығы қала тұрғындарының коммуналды-тұрмыстық өтініштерін бір жерден қабылдап және тиімді өңдеуге мүмкіндік береді.
  • Интеллектуалді көлік жүйесі. Технологиясының мақсаты — «ақылды» құралдар, құрылғылар, бейнебақылау қолдану арқылы көлік ағынын тиімді басқаруды қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымын құру. Қазіргі кезде қаланың қоғамдық көліктері GPS арқылы бақылау жүйесімен жабдықталды. «AktobeBUS» мобильді қосымша іске қосылды.
  • «Е-халық» ақпараттық жүйе. Халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін болжау және қанағаттандыру үшін қала тұрғындары мен ауылдық округтердің әлеуметтік жағдайын анықтауға арналған ақпараттық жүйе.
  • Бірыңғай төлем құжаты. Бұл — бірден барлық тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді қамтиды: байланыс қызметтері, ерікті сақтандыру, күрделі жөндеуге жарна және тұрғын үймен байланысты басқа да қызметтер. Түсімдердің және төлемнің жеңілдетілген мөлшерін азайту.
  • «Ел-Айна» ақпараттық жүйесі. Бұл жүйе қаланың өміріне, оны жедел өңдеуге және жергілікті атқарушы органдарға нәтижелер беруіне қатысты әртүрлі ақпаратты орталықтандырылған жинау мүмкіндігін береді. Қызметтерді онлайн режиміне аудару, белсенді азамат және халықты басқару сервистерін енгізу. «Ел-Айна» ақпараттық жүйесінің мақсаты — жергілікті атқарушы органдардың қызметін автоматтандыру.
  • «Қауіпсіз қала». Бұл технология арқылы әртүрлі штаттан тыс жағдайларды анықтап, жедел түрде жауап қайтарып, салдарын жоюға арналған шаралар қабылдауға көмектесетін  ақпараттық-бағдарламалық кешен.
  • «Ақылды» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Осы жобада бірінші кезекте мына бағыттардың жүзеге асырылуы жоспарлануда:

– жүргіншілер қозғалысы мен жақындаған транспортты тетік арқылы жарықтандыру;

– су, жарық, газ, жылу құралдарының көрсеткіштерінің орталықтанған мониторингі;

– қашықтан мониторинг және ақаулар, ағып кетулер, өрттер және бұзылуды талдау.

  • Энергия тиімділігі орталығы. Қазіргі уақытта энерго жинақтау шараларын іске асыру — өнеркәсіпте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта және транспорт секторында модернизацияның ең негізгі құралы.
  • Медициналық ақпараттық жүйе — «Е-Халық. Бұл ақпараттық жүйе деректерін автоматты түрде жаңартуға ықпал етеді. Ең алдымен, бірыңғай электрондық науқас картасын құруға мүмкіндік береді, онда сіз емдеу стандарттарын желіде көре аласыз.

Стандарттаудың халықаралық қолдауға ие болғаны мәлім. Стандарттау —  экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі. Сонымен қатар, бәсекелестік, инновацияларды енгізу, қоршаған ортаны қорғау, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін қорғау, мемлекеттік жеткізулер және т.б. секілді мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыттарын қолдаудың  негізгі  факторы болып табылады.

М.САРБӨПИН,

 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты»

республикалық мемлекеттік кәсіпорын

Ақтөбе филиалының директоры. 

Г.ДӘУКЕНОВА,

 ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button