Рухани жаңғыру

Уақыт талабы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде» атты жиын өтті. Жиынға саясаттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дос Көшім қатысты. 

Басқосуда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі сөз болды.

— «Латын әліпбиіне көшсек, тілімізді жоғалтамыз» деген сөз — қате түсініктен шыққан қауесет. Ең бастысы, тілді сүю керек. Тілді сүю оның болашағына жол ашады. Біз кілең қазақ отырып, ортамызға бір өзге ұлт өкілі келсе, орысша сайрай жөнелетін әдеттен әлі арыла алмай келеміз, — деді саясаттанушы.

Ол латын қарпіне көшудің уақыт талабы екендігіне тоқталды және осы мәселеге орай қойылған сұрақтарға жауап берді.

 П.ЖАҢҒЫЛЫШБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button