Жаңалықтар

Алқа төрағасы Алғаға барды

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайырбек Елемесов Алға аудандық сотында болды.

Қызметтік сапар барысында Қ.Елемесов аудандық соттың жұмысымен танысып, сот отырысы залдарын аралады. Алқа төрағасы ақпараттық қызмет жұмысы және сот процестері өтетін залдағы аудио-бейне жазба құрылғыларының тиісті жұмыс жасауына ерекше назар аударды.

Сот қызметкерлерімен кездесу барысында Қ.Елемесов Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасындағы міндеттердің тәжірибеде толық жүзеге асырылғанын, заң үстемдігін қамтамасыз ету сот жұмысының басым бағыты екендігін атап өтті.

Сонымен қатар ол судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, іс қарау мерзімдерін сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау қажеттілігіне аударды.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button