Әлемде

Хакерлер MasterCard карталарына шабуыл жасады

ESET вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз ету компаниясының мамандары MasterCard төлем жүйесін пайдаланушыларға хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Лента.ру».

ESET компаниясы өкілдерінің мәлімдемесінде  қаскүнемдер MasterCard клиенттеріне төлем жүйесінің атынан хабарлама-хаттар таратуда. Хабарлама мәтінінде алаяқтар пайдаланушыларға олардың есептік жазбасының бұғатталғанын хабарлап, олардың фишинг сайтқа өтуіне алып келетін сілтемелерді ұсынады. Олар осы сілтемелер арқылы сайтқа өтіп, жеке ақпараттарын жаңартқаннан кейін ғана сервиске қолжетімділік қайта қалпына келтірілетін болады деп сендіреді.

Жалған сайтта пайдаланушылардың жеке деректерін көрсете отырып толтыруға арналған анкета орналастырылған. Онда төлем картасы мен жеке деректерді нөмірімен және жарамдылық мерзімін және банк картасының CVV көрсету талап етіледі.

ESET компаниясының мамандары пайдаланушылар «Енгізу» түймешесін басқаннан кейін жеке деректерін қаскөйлерге өз еріктерімен жіберетінін айтуда.

Сонымен қатар, компания фишинг парақшаның Мексика үкіметіне тиесілі .gob.mx доменінде орналасқанын хабарлады. ESET өкілдері бұл туралы Мексиканың Компьютерлік қауіп-қатерлерге жедел әрекет ету орталығына хабарлап үлгерген.

Өз кезегінде, Mastercard өкілдері пайдаланушыларға төлем жүйесінің ешқандай хабарламалар жібермегенен айтып, егер күдікті хабарлама алғандар болса, тез арада банкке хабарласуларын сұрады.

reactor.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button