МерекеӘлеумет

Бірге мерекелейік!

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні

Ақтөбеде  Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық басталды. Мереке қарсаңында қаланың және ауылдық округтердің мәдениет, білім және спорт мекемелерінде, еңбек ұжымдарында көптеген қоғамдық маңызды, тарихи танымдық, мәдени және спорттық шаралар, мерекелік бағдарламалар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық сағаттар, кітаптар және сурет көрмелері, спектакльдер, патриоттық сабақтар өтеді.

25 тамыз, сағат 10.00. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдындағы алаңда  бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

29 тамыз, сағат 19.00. Абай атындағы саябақта Абай көшесінің мерекесі және «Абай — ғасыр  тұлғасы» этномерекелік бағдарлама өтеді.

Негізгі мерекелік шаралар 30 тамызда өтеді.

30 тамыз, сағат 11.00. Орталық стадион алаңынан облыс әкімдігі алаңына дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойымен салтанатты шеру өтеді, осында «Еркіндіктің асқақ шыңы — Ата Заң» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.

Конституция күніне арналған мерекелік бағдарламалар, қаланың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетулері осы күні сағат 11.00-ден ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, А.Пушкин және «Ретро» саябақтарында, Металлургтер Мәдениет үйі және «Керуенсити» ойын-сауда орталығы алдындағы алаңдарда өтеді.

Осы күні ақтөбеліктер мен қала қонақтарын кешкі шараларға шақырамыз.

Облыс әкімдігі алаңында сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін «Өнерімді қабыл ал, Тәуелсіз ел!» атты шоу бағдарлама өтеді.

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін армрестлинг, гир спорты, армлифтинг, мас-рестлинг, пауэрлифтинг, күш воркауты және стронгмен, барлығы спорттың 7 түрін қамтитын «G-Strong Power Fest» күш спорт түрлерінің үшінші қалалық фестивалі өтеді. Жарысқа Орал, Атырау, Жаңаөзен, Орынбор, Челябинск қалаларының өкілдері қатысады. Турнирдің арнайы шақырылған қонақтары — Гиннес рекордтар кітабына екі рет енген, Қажымұқан Мұнайтпасовтың күш дәстүрлерін жалғастырушы астаналық Сергей Цырюльников (Астана қ.), гір спортынан әлем чемпионы және рекордшысы, еңбек сіңірген спорт шебері Иван Денисов (Челябинск қ.).

«Ретро» саябағында сағат 19.00-де «Алтын Заң аясында» атты «Рюкзак» бард-клубының мерекелік бағдарламасы өтеді, ал А.Пушкин атындағы саябақта сағат 20.00-де «Ата Заң — мұрамыз, бақыт таңымыз» атты «Ақтөбе» вокалды ансамблінің  ретро-кеші өтеді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button