Мереке

Спорт күніне арналған мерекелік шаралар

Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары! Спорт күнін бірге атап өтуге шақырамыз!

19 тамызда, сенбі күні Ақтөбеде алғаш рет жүзу, жүгіру, велосипед жарыстарынан командалық триотлоннан қала чемпионаты өтеді. Команда құрамы 2 ер және 1 әйел  адам жас ерекшеліктеріне қарай 2 санатқа бөлінген және де ер адамдар арасында өзге санатта.

Салтанатты ашылу рәсімі және чемпионат басталуы Ақтөбе су қоймасының «Саяхат» жағажайында сағат 9.40-та басталады.

Жүзуден жарыс (1-кезең): 200 метр қашықтыққа жүзу Ақтөбе су қоймасында, екінші кезең велосипед жарысы 20 км қашықтыққа қала тасжолдары және көшелерімен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдени демалыс саябағына дейін, үшінші кезең — 5 км қашықтыққа жүгіру ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдени демалыс саябағын айналады.

Жарыс соңында чемпионат жеңімпаздарын марапаттау саябақтың бас сахнасында өткізіледі.

Аталған мерекенің ұйымдастырылуына орай қаланың кейбір көшелері мен тасжолдарын уақытша жабу шаралары жоспарлануда.

20 тамызда, жексенбі күні сағат 18.00-ден 23.00-ге дейін ақтөбеліктер мен қала қонақтары, спортшылар мен спорт жанкүйерлері және белсенді тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдени демалыс саябағына спорт күніне арналған мерекелік шараларды тамашалауға шақырамыз, сіздерді қызықты және әртүрлі бағдарламалар күтеді.

Мұнда спорт ардагерлерін мадақтаулар, спортшыларды марапаттау мен мадақтамалар, балалар мен жасөспірімдердің  таеквондо, кудо, карате, ушудан және фитнес клубтарының әртүрлі спорт түрлері көрнекі орындауларын көре алады.

Саябақта қала әкімінің жүлдесі үшін ашық қалалық ММА турнирі (аралас жекпе-жек өнерінен) өтеді, сонымен қатар Сіз әртүрлі күрес спорт түрлерінен 12 ақтық сынның белдесулерінен 11-ші дәстүрлі күрес фестивалінің куәгері боласыз.

19 және 20 тамызда сағат 9.00-да (Маресьев көшесі,10) мұнай және газ колледжінің аймағында әйелдер арасында жағажай волейболынан қала чемпионаты өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button