Әлемде

Қытайда алғашқы жүргізушісіз трамвай жолға шықты

Автоматты басқарылатын қоғамдық электр көлігі көптеген елдерде дамып, кең құлашын жая түсуде. Бұл лекке Қытай да қосылды. Шаньдун провинциясында Циндао қаласы конвейерінен әлемде тұңғыш жүргізушісіз трамвай іске қосылып, көшелерде жүре бастады.

Оның вагондарына 380-ге дейін жолаушы сияды, трамвай сағатына 70 километрге дейін жылдамдықпен қозғалып адам тасымалдай алады. Трамвайдың ұзындығы — 35 метр, ал ені — 2,6 метр. Трамвай қозғалыстың интеллектуалдық жүйесі көмегімен басқарылады, бұның өзі қозғалыстың жылдамдығын өз бетімен реттеуге, жылдамдықты күшейтуге және тежеуге мүмкіндік береді.

Бұл жобаны жүзеге асырушылар China Daily басылымына олар құрастырған «трамвай миы» трамвайлардың тиімділігін көтеріп қана қоймайды, сонымен бірге олардың қауіпсіздігін де жақсарта түсетіндігі туралы айтып берді.

CRRC Qingdao Sifang  жасаушы трамвайды қашан жаппай шығаратынын хабарламайды — қазіргі уақытта ол қала көшелерінде тестілік сынақтан өтуде, сондықтан жаңа өзі жүретін электр көлігін жаппай енгізетін күн жақын бола қоймас.

Дереккөз: интересное.ru.com

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button