Спорт

Екі айналым осылай аяқталды

Премьер-Лига

 «Ақтөбе»-«Қайрат» — 1:2

Міне, қатарынан үшінші тур бойы «Ақтөбе» қарсыластар қақпасына 1 доп енгізуден аса алмай келеді. Екі рет, бір ұпай болса да, әйтеуір қоржынды аш қалдырмаған сол 1 доп бұл жолы еш пайдаға аспай қалды.

Негізінде әуелі «Ақтөбе» алға шығуға тиіс еді. Бірақ шымкенттік төреші Фуркат Атажановтың алматылықтарға бүйрегі бұрғаны әп дегеннен-ақ байқалып қалды. Бұл төрешіңіз 21-минутта өз алаңында қолмен ойнауға мәжбүр болған қайраттық Ғафуржан Сүйімбаевтың әрекетіне еш назар аудармай қойды. Оның есесіне арада бес-алты минут өтер-өтпесте ойын тәртібін бұзғаны күмәнділеу Джозф Нейнді кінәлі деп тауып, он бір метрлік айып добын белгіледі. Жерар Гоу қақпаны дәл көздеп, чемпионаттағы соққан голдарының санын 15-ке жеткізді және өзімен қатарлас келе жатқан астаналық Жуниор Кабанангадан бір гол озды — 0:1.

Бұдан соң жерлестеріміз қауырт қимылдарға көшті. Бірақ қарсыластарын қаусырып тастарлықтай ойын өрнегіне қол жеткізе алмады.

Бірінші тайм осылай аяқталды да, ойынның екінші бөлігі басталысымен алаң иелері жойқын шабуылдар ұйымдастырды. Ақыры 50-минутта қонақтардың бес қорғаушысының ортасында жүрген екі футболшымыз стадионды дүр еткізді. Игорь Зенькович тастаған тамаша допты Кирилл Шестаков қақпаның оң бұрышына сүңгітті де жіберді — 1:1.

Әрине, ақтөбеліктер ұпайды еселеуге тырысып бақты. Душан Савич пен Муарем Муаремнің соққылары қарсыластар қақпасына қатты қауіп төндірді. Дегенмен жалпы алғанда футболшыларымыз бірінші таймдағыдай осы екінші кезеңде де қайта-қайта қателесе берді. Ал басты бәсекелесі «Астанадан» әжептәуір қалып  келе жатқан, қайткен күнде де соның есесін толтыруды мақсат еткен «Қайратты» мұндай ойынмен жеңу мүмкін еместігі белгілі еді. Ақыры 78-минутта қайраттық Георгий Жуков жарқырап көрінді. Айып алаңының ішінен біздің қорғаушымыз қайтарған допты дереу іліп алған ол сол бойда қарсы ұмтылған екі қорғаушымызды соншама шеберлікпен қатар алдап, екеуін де қатар сұлатып салды да, қақпаның тура «тоғыздығын» нысанаға алды. Көз ілеспес жылдамдықпен зырқыраған допқа Андрей Сидельников еш қайран жасай алмады — 1:2.

Рас, «Ақтөбенің» футболшылары жан аяп қалған жоқ, қарсыластар алаңына қарай барынша ұмтылып-ақ бақты. Бірақ алматылық қорғаушылар екінші қайтара гол соққызарлықтай қателіктер жіберген жоқ. Әрине, расына келсек, қонақтар жеңіске әзер қол жеткізді. Бірақ бұл жанкүйерлерге жұбаныш бола алар ма екен?! Сонымен екі айналымда «Қайраттан» екі рет ұтылдық. Әсіресе, бұл кездесуге Андрей Аршавин мен Бауыржан Исламханның қатыспағанын пайдалана алмай қалғанымыз өкініштілеу болды.

«Ақтөбе»-«Қайрат» — 1:2

Гол авторлары: Жерар Гоу, 29-минут (0:1); Кирилл Шестаков, 50-минут (1:1); Георгий Жуков, 78-минут (1:2).

Ескерту қағазын алғандар: Р.Валиуллин, 2-минут; К.Шестаков, 8-минут; А.Сидельников, 30-минут; М.Муарем, 40-минут; Д.Савич, 45+2 («Ақтөбе») — И.Қуат, 36-минут; Ж.Гоу, 44-минут; Е.Ахметов, 59-минут («Қайрат»).

«Ақтөбе»: Андрей Сидельников (капитан), Олександр Воловик, Муарем Муарем, Томаш Шимкович, Джозеф Нейн, Слободан Симович (Саят Жұмағали, 78-минут), Кристиан Колчак (Душан Савич, 24-минут), Игорь Зенькович (Марко Обрадович, 79-минут), Бағдат Қайыров, Кирилл Шестаков, Руслан Валиуллин.

«Қайрат»: Стас Покатилов, Барбоза Исаэль, Жерар Гоу, Сезар Арзо Ампоста, Акош Элек, Шелдон Бато, Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Исламбек Қуат (капитан), Георгий Жуков (Чума Анене, 88-минут), Михаил Бақаев (Бауыржан Тұрысбек, 67-минут).

30 шілде 2017 жыл. Ақтөбе қаласы. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион. 11 500 адам.

Сонымен чемпионаттың екі айналымында «Ақтөбе» 22 кездесу өткізіп, 4 рет ұтты, 6 рет тең ойнады, 12 ойында жеңіліп қалды. 24 гол соғып, өз қақпасына 33 доп жіберіп алды. Ұпай саны — 18.

Біздің мергендеріміз:

Игорь Зенькович — 6 доп (1 допты пенальтиден соқты);

Юри Мамуте — 3;

Душан Савич — 2;

Бауыржан Байтана — 2;

Кирилл Шестаков — 2;

Жуниньо — 1;

Кассиано — 1;

Витор Жуниор —1;

Марко Обрадович — 1;

Томаш Шимкович — 1;

Джозеф Нейн — 1.

(Үш допты қарсыластарымыз өз қақпаларына өздері соғып алды: Д.Чертов, «Оқжетпес»; С.Граховац, «Астана»; Б.Шадманов, «Тараз»).

Чемпионаттың екі айналымының қорытынды ойын кестесіне үңілсек, 51 ұпаймен «Астана» алда тұр. «Қайрат» — 47 ұпай, «Ордабасы» — 41 ұпай. Бұл ретте «Астана» мен «Ордабасының» басқалардан бір ойыны кем екенін еске саламыз.

4-5 орындарда 34 ұпай жинаған «Ертіс» пен 31 ұпай жинаған «Тобыл» тұр.

6-орындағы «Тараздың» 27 ұпайы бар.

7-9 орындардағы үш команда — «Қайсар», «Атырау», «Шахтер» 24 ұпайдан жинады.

21 ұпайы бар «Оқжетпес» 10-орынды еншілесе, 18 ұпайы бар «Ақтөбе» 11-орынға сырғыды.

12-орын иесі — 16 ұпайы бар «Ақжайық».

Үшінші айналымның ойындары 12-13 тамызда, сенбі-жексенбі күндері өтеді.

Бұл 23-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Астананы» қабылдайды.

Басқа ойындар:

«Тараз» — «Ақжайық»
«Қайсар» — «Тобыл»
«Атырау» —  «Ертіс»»
«Шахтер» — «Ордабасы»
«Оқжетпес» — «Қайрат»

ПРЕМЬЕР-ЛИГА. XXVI ЧЕМПИОНАТ. ҮШІНШІ АЙНАЛЫМ

 XXIII тур

12-13 тамыз, сенбі-жексенбі
«Тараз» — «Ақжайық»
«Қайсар» — «Тобыл»
«Атырау» —  «Ертіс»
«Шахтер» — «Ордабасы»
«Оқжетпес» — «Қайрат»
«АҚТӨБЕ» — «АСТАНА»

XXIV тур

19-20 тамыз, сенбі-жексенбі
«АҚЖАЙЫҚ» — «АҚТӨБЕ»
«Астана» — «Оқжетпес»
«Қайрат» — «Шахтер»
«Ордабасы» — «Атырау»
«Ертіс» — «Кайсар»
«Тобыл» — «Тараз»

XXV тур

26-27 тамыз, сенбі-жексенбі
«Тобыл» — «Ақжайық»
«Тараз» — «Ертіс»
«Қайсар» — «Ордабасы»
«Атырау» — «Қайрат»
«Шахтер» — «Астана»
«ОҚЖЕТПЕС» — «АҚТӨБЕ»

XXVI тур

9 қыркүйек, сенбі
«Ақжайық» — «Оқжетпес»
«АҚТӨБЕ» — «ШАХТЕР»
«Астана» — «Атырау»
«Қайрат» — «Қайсар»
«Ордабасы» — «Тараз»
«Ертіс» — «Тобыл»

XXVII тур

16-17 қыркүйек, сенбі-жексенбі
«Ертіс» — «Ақжайық»
«Тобыл» — «Ордабасы»
«Тараз» — «Қайрат»
«Қайсар» — «Астана»
«АТЫРАУ» —  «АҚТӨБЕ»
«Шахтер» — «Оқжетпес»

XXVIII тур

23-24 қыркүйек, сенбі-жексенбі
«Ақжайық» — «Шахтер»
«Оқжетпес» — «Атырау»
«АҚТӨБЕ» — «ҚАЙСАР»
«Астана» —  «Тараз»
«Қайрат» — «Тобыл»
«Ордабасы» — «Ертіс»

XXIX тур

30 қыркүйек-1 қазан, сенбі-жексенбі
«Ордабасы» — «Ақжайық»
«Ертіс» — «Қайрат»
«Тобыл» — «Астана»
«ТАРАЗ» — «АҚТӨБЕ»
«Қайсар» — «Оқжетпес»
«Атырау» — «Шахтер»

XXX тур

15 қазан, жексенбі 
«Ақжайық» — «Атырау»
«Шахтер» — «Қайсар»
«Оқжетпес» — «Тараз»
«АҚТӨБЕ» — «ТОБЫЛ»
«Астана» —  «Ертіс»
«Қайрат» — «Ордабасы»

XXXI тур

21-22 қазан, сенбі-жексенбі
«Қайрат» — «Ақжайық»
«Ордабасы» — «Астана»
«ЕРТІС» — «АҚТӨБЕ»
«Тобыл» — «Оқжетпес»
«Тараз» — «Шахтер»
«Қайсар» — «Атырау»

XXXII тур

28 қазан, сенбі
«Ақжайық» — «Қайсар»
«Атырау» —  «Тараз»
«Шахтер» — «Тобыл»
«Окжетпес» — «Ертіс»
«АҚТӨБЕ» — «ОРДАБАСЫ»
«Астана» — «Қайрат»

XXXIII тур

5 қараша, жексенбі
«Астана» — «Ақжайық»
«ҚАЙРАТ» — «АҚТӨБЕ»
«Ордабасы» — «Оқжетпес»
«Ертіс» — «Шахтер»
«Тобыл» — «Атырау»
«Тараз» — «Қайсар».

Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button