«Ақтөбе — құтты мекен»Спорт

Жаттықтырушы өз тәжірибесін бөлісті

«Ақтөбе — құтты мекен» облыстық форумы аясында шілде-қыркүйек айларында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен маңызды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі  жерлесіміз Бақытжан Есжановпен кездесу өтті.

Облыстық олимпиада резервін даярлау орталығында өткен шараның басты мақсаты — Ақтөбе өңірінен шыққан спортшылармен өзара тәжірибе алмасу, спорт саласын жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Бақытжан Есжанов — Ақтөбе өңірінің Ново-Михайловка ауылында дүниеге келген. Еркін күрес спорт түрімен шұғылданған және 2008-2011 жылдары еркін күрестен және әйелдер күресінен жаттықтырушы қызметін атқарған.

Кездесуге облыстың барлық спорт мекемелерінің басшылары мен орынбасарлары, әдіскерлері қатысты. 2025 жылға дейін дене шынықтыру және спорт саласын жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына спортшылар даярлау жұмыстары талқыланды.

Бақытжан Аманханұлы қазіргі таңда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру комитетінің спорт резерві басқармасының әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде бас сарапшы қызметін атқарады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button