Жаңалықтар

Көз нұры сөнбесе…

Облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен «Көз — адамның шамшырағы» атты шара өтті.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Жанна Сатқұлова қазіргі таңда түрлі жастағы адамдар арасында кең тараған көз ауру түрлері, олардың алдын алу, ауруға шалдыққан жағдайда жүргізілетін емдік шаралар туралы айтып берді. Оқырмандар өз сауалдарын қойып, ой бөлісті.

Облыстық халық шығармашылығы үйінің әншісі, республикалық байқаулардың жүлдегері Амангүл Ешпанова оқырмандарға халық әндерін тарту етті.

Д.ШЫНТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button