Спорт

Дәулет Азия чемпионы атанды

Таиландта грек-рим күресінен кадеттер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 76 кг салмақта Қазақстанның құрама командасы сапындағы жерлесіміз Дәулет Жалғасов қатысып, Азия чемпионы атағын жеңіп алды.

Дәулет биылғы жылы Әзірбайжан және Грузия елдерінде өткен халықаралық турнирлерде жүлдегер атанды. Сонымен қатар, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған турнирде және Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған еді. Таиландта жарыстың алғашқы белдесуін жіберіп,  жеребеге сәйкес, ширек финалынан бастап жарысқа қосылды.

Бастапқы сайыста Қырғызстан елінің спортшысынан, ал екінші айналымда жапондық палуаннан басым түскен ол, финалда Иран Ислам Республикасының спортшысымен сынға түсіп, жеңіске жетті.

Дәулет биыл қыркүйек айында грек-рим күресінен Грекияда өтетін әлем чемпионаты алдында оқу-жаттығу жиынына қатысып, әрі қарай шеберлігін шыңдай түспек.

А.ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button