Спорт

Cпортшылар жүлдемен оралды

Отандық спорт тарихында тұңғыш рет Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі  аясында каратэ-до спорт түрінен Азия чемпионаты өтті.

Аталған шараға 700-ге жуық спортшы қатысты. Олардың қатарында қазіргі әлемдік каратэ-до спорт түрінің Әлем және Азия чемпиондары өзара сынға түсті.

Қазақстанның намысын 70 каратэші қорғады, олардың қатарында Азия ойындарының алтын медаль иегері Андрей Ақтауов және Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы Ринат Сағындықовтар болды.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өткен Азия чемпионатының қорытындысында жерлестеріміз Андрей Ақтауов Азия чемпионы,  Ринат Сағындықов күміс жүлдегер, Нұрқанат Ажиканов 76 кг  салмақта жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер атанды.

 А.ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button