Мереке

Әсерлі сәттер аз емес

1935 жылдан «За болшевисткие колхозы» деген атаумен шыққан аудандық басылым 2001 жылдан «Мәртөк тынысы» болды. Осыдан екі жыл бұрын сексен жылдығын атап өткен газеттің тарихына үнемі көз жүгіртіп отырамыз. 

Газеттің алғашқы редакторы Дарья Мастерова болған. Ал елуінші жылдардың ортасынан бері қарай басылым тізгінін Борис Лускань, Александр Урясов ұстады. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Сәттіғұл Қаракеев басқарып келеді.

Шамамен алғанда аудандық газетте әр жылдары журналистердің үш ұрпағы еңбек етіп, қалыптасты.

Мен осы газетте қызмет істеген жылдары талай тағдырлармен кездестім, көптеген жаңалықтардың куәсі болдым. Сол үшін де журналистика саласына келгеніме өкінбеймін.

Өзгеше өнер иесі Молдабайдың өмір тарихын зерттеуге қатыстым. Тіпті сол ізденістер нәтижесінде Ақтөбе теледидарынан орыс тілінде хабар да жүргіздім. Бұл жөнінде кейіннен жазушы-композитор Илия Жақанов ризашылықпен жазды. Сонда бір мәртебемнің көтеріліп қалғаны бар.

Көршілес Орынбор облысында қаншама рет іссапарда болды, талай әсерлі сәттерге кезіктік. Соның барлығын мүмкіндігімше газет бетінде жария етіп, ойларымды оқырмандарыммен бөлісемін. Сондай рухани ләззатты сәттер біздің жүрегімізді қуанышқа бөлейді, сол үшін де таңдаған мамандығыма ризамын.

 Елена ОНИСЬКОВА,

«Мәртөк тынысы» газетінің қызметкері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button