Жастар

Дәстүрлі күннің бастамасы

Мамандық

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Жұбанов күні» шарасы өтті.

Мақсат — университет жетістіктерін мектеп оқушылары мен талапкерлерге насихаттап, мамандықтарды таныстыру, жастарды патриоттық сезімге баулу.

Университет алаңында факультеттердің мамандықтар шеруі ұйымдастырылды. Шеру кезінде әр факультеттің мамандықтары таныстырылып, өзіндік ерекшеліктері айтылды.

«Жұбанов күні» мерекесін дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Шара барысында үздік оқытушылар, қызметкерлер, студенттердің еңбегі бағаланып, марапатталады. Бүгінгі шара — сол игі істердің бастамасы, — деді университет ректоры Бауыржан Ердембеков.

Шара аясында «Жұбановтың ғажайып әлемі» атты мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ, Студенттер сарайының фойесінде университет  факультеттерінің жетістіктері бойынша көрме, «Менің сүйікті университетім» атты суретшілер байқауы, суретшілер мен дизайнерлер көрмесі, боулинг ойынынан сайыс ұйымдастырылды.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button