Ауыл

Жарқамыс жырға бөленді

Байқау

Жуырда «Жарқамыс — ән-жыр мекені» атты аудандық әдеби-музыкалық байқау өтті.

Байқау ақын Бәкір Тәжібаевтың кіндік қаны тамған жері — әйгілі Ақбұлақта ұйымдастырылды. Осы жердегі ескерткіш басында Жарқамыс орта мектебінің директоры Самал Жиенбаева биылдан бастау алған байқаудың мақсат, талап-шарттарымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған шараға аудандағы 9 мектептің оқушылары қатысты. «Ақбұлақ» әні шырқалып, сайын дала төсі әсем әуенмен тербелді. Ұстаздар қауымы Жарқамыстан шыққан Жем бойының жарық жұлдызы Тобық Жармағамбетов жайлы естеліктер айтты. Сол секілді талантты тұлғалар Сағи Жиенбаев, Өтежан Нұрғалиев, Есенбай Дүйсенбаев, Мәди Айымбетов, Жанна Елеусізова, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқудан және Бәкір әндерін орындаудан сайыс өтті. Үш түрлі бағыттағы сайыстың көркемдік деңгейі көпшілікті риза етті.

Байқау қорытындысында Жарқамыс ауылдық округінің әкімі Руслан Обаев, Байғанин аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрғаным Елтоққызы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады. «Жарқамыс — ән-жыр мекені» атты байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

 

Айман ЖАҚСЫЛЫҚ,

Жарқамыс орта мектебі

«Жас ұлан» ұйымының жетекшісі,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button