Әлеумет

Жаңбыр аз жауады

Маусым

Синоптиктердің болжауынша, маусымда ауаның орташа айлық температурасы — +21…+24 градус. Бұл — мөлшер шамасындағы (мөлшері: 21…24 жылы) көрсеткіш.

Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде — +10…+15 градус, күндіз — +25…+30 градус. Облыстың кей жерлерінде  термометр бағамы +15 градусты көрсетпек.

Екінші онкүндіктің бірінші жартысында ауа температурасы түнде — +18…+23, күндіз — +32…+37 градус. Одан кейін түнде — +10…+15, ал күндіз ауа райы 24…29 градусқа дейін жоғарылайды.

Үшінші онкүндікте ауа райы көрсеткіші түнде — +15…+20, ал күндіз — +29…+34 градусқа, кей жерлерде термометр бағамы 24 градустан әріге жоғарыламайды.

Жауын-шашынның айлық мөлшері  облыста мөлшер шамасында және мөлшерден аз (мөлшері: 17…35 мм) болады деп күтілуде. Кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай болады. Бірінші онкүндіктің басында облыстың кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Ал екінші онкүндіктің басында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Маусым айында Ақтөбенің кей өңірлерінде батыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел секундына 15-20 метрге күшеймек.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button