Әлеумет

Әйтеке би көшесі

Есте қалар есімдер

 Әйтеке би көшесі Ақтөбе қаласының  ескі бөлігінде орналасқан. Ілгерідегі атауы — Ленин көшесі. Көше қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан Әйтеке бидің құрметіне аталған.

Әйтеке Байбекұлы (1644 -1700 жж.) — қазақтың үш биінің бірі,  мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсыөзбекқырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін кіші  жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі «Тіллә-кари (Алтынмен апталған), «Шердор» (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін оқып,  арабпарсышағатайөзбек тілдерін меңгеріп шыққан. Әйтеке бидің шын есімі Айтық. Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен. Медресені тәмамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен бірге ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал 25 жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша атсалысады. Кейін Тәуке хан құқықты «Хан кеңесін» сайлап, Әйтеке кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болады. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет бабаСоқыр АбызМайлы, Қазыбек, т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы «Жеті жарғы» қабылданды. Ел аузында Әйтеке айтқан шешендік сөздертолғауларбаталар көп сақталған. Биді халық «айыр тілді Әйтеке» деп атаған. Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқаралардың көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Ақтөбе және Қызылорда облыстары мен Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Би Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы жөне Шыназ ауылдарының маңында жерленген.

Қазір Ақтөбе қаласындағы би атындағы көшеде облыстық халық шығармашылығы үйі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе өкілдігі, Қазақ-орыс халықаралық университеті және «Березка» дүкені орналасқан. Осы көшенің бойында тұратын Мұрат Жарбасов көшенің тарихын балаларына  айтып береді.

Жастар қазір көп нәрсеге мән бермейді. Өзі тұратын көше атауы не үшін олай аталғанын, ондағы кісінің кім екеніне назар аудармайды. Сондықтан кішкентай кезінде балаларыма  кімнің атындағы көшеде тұратынымызды айтсам, қазір немереме ескертемін. Бұл көшеге осыдан 12 жыл бұрын Мұғалжар ауданынан көшіп келдім. Балаларым осы маңдағы мектепте білім алды. Бұл көшенің ой-шұқырын жақсы білемін. Соңғы жылдары тұрғын үйлер салынды. Көше тыныш, жылдан-жылға көркейіп келеді, — дейді қала тұрғыны.

 

Дайындаған Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button