Жастар

Жастар ғылыммен айналысады

Конференция

Ақтөбе гуманитарлық колледжі әдістемелік бөлімінің басым бағыттарының бірі —  оқушыларды  ғылыми жұмыспен айналысуға баулу. Осы мақсатта Ақтөбе облыстық ғылыми-шығармашылық орталығымен бірлескен жоспар негізінде  «Студенттік ғылыми ізденіс нәтижелері: талдау және мәселелері» тақырыбында  студенттердің ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты — әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша жас ізденушілердің ғылыми және практикалық іс-тәжірибелерімен бөлісу, аталған ғылым салаларына қарай жаңа білім қалыптастыру, танымдық белсенділіктері мен интеллектілік шығармашылықтарын дамыту. Конференцияға қатысуға 150-ден аса өтініш түсті. Соның ішінде М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Х.Досмұхаммедов атындағы Орал педагогикалық  колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінен оқушылар қатысты. Сондай-ақ өзіміздің облыстағы барлық колледжден жастар жобаларын ұсынды. Конференция  бес  секция бойынша өтіп, жастар  өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.

Ғылыми жұмыстарды сараптау үшін комиссия мүшесі ретінде  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ғалымдары шақырылды. Жастар әртүрлі сала бойынша өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.

 Н.АМАНОВА,

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушысы.

                    

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button