БілімЖаңалықтар

Жосалы мектебінің директоры қызметінен кетті

Брифинг

Қарғалы ауданындағы Жосалы мектебіндегі шу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Сейсенбі күні облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова осыған байланысты брифинг өткізді.

Бұдан екі күн бұрын облыс әкіміне Жосалы мектебінің директорының үстінен арыз түсті. Дереу комиссия құрылды. Қазір комиссия мүшелері мәселені тексеріп жатыр.

Кеше аталған мектепке өзім де бардым. Мектеп ұжымымен кездестім, — деді басқарма басшысы. Оның айтуынша, кикілжің наурыз айында басталған. Сол кезде мектеп басшысы 4 қызметкерді жұмыстан негізсіз шығарыпты (оның екеуінің денсаулықтарына байланысты еңбекке жарамсыздығы жөніндегі құжаттары болған).

Осы екі күнде ата-аналар 18 баланы мектепке жібермей қалған. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгін І кезеңде оқитын 37 оқушының 22-сі мектепке келді. 6 оқушы денсаулығына байланысты келе алған жоқ.

Кеше аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен мектеп директоры бір ай мерзімге жұмыстан шеттетілді.  Ол мектепті 14 жыл басқарды. Әлгінде ғана аудандық білім бөлімінің басшысы хабарласып, мектеп директоры өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазғанын айтты, — деді С.Өмірбекова.

Қазір аталған мектептің директорының міндетін атқарушы болып аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі тағайындалды. Ол үш ай осы мектепте жұмыс істейтін болады.

Арызда Жосалы мектебінің басшысы мектептегі кейбір қызметкерлерді үйінің шаруасына жұмсағаны туралы жазылған. Бұл дерек расталды.

Қазір прокуратура тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді Сәуле Өмірбекова.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button