ЖастарӘлеумет

Жүлдемен оралған жеті өнерпаз

Байқау

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің музыкалық білім беру мамандығының оқушылары Астана қаласында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен «Жас түлек» I республикалық байқауынан жүлделі орындармен оралды. Байқауға еліміздің 8 өңірінен 50-ге жуық өнерпаз қатысты.

Аталған байқау тұңғыш рет гуманитарлық колледждер арасында фортепиано және баян аспаптары бойынша өткізілді.

Екі күнге созылған сайыс барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжінен қатысқан оқушылар жүлделі орындардан көрінді. Айдынғали Сағынғали, Жарас Әлібеков, Айдар Құлбековтер жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Санжар Әлімжанұлы 2-орынға ие болса, Нұрхан Макутов, Ақнәзік Жолдасқызы, Гауһар Жүсіповалар 3-орыннан көрінді. Осы орайда оқушыларды өнердің қыр-сырына баулыған Л.Аббасова, Г.Сәтмағанбетова, М.Каликов, М.Жүсіпова, Ж.Бәйсейітова сынды оқытушылардың еңбегі орасан.

Байқауда қазақ композиторларының және еркін тақырыптағы түрлі шығармалар орындадық. Колледжден қатысқан 7 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болды. Астана қаласындағы гуманитарлық колледждің тарихымен, көптеген еліміздің дарынды жастарымен таныстық. Осындай байқауға қатысуға мүмкіндік берген колледж басшылығына және оқытушыларымызға алғысым шексіз, — дейді колледж оқушысы Айдынғали Сағынғали.

 Айгүл ҚАРТАНОВА,

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Мәдениет және саз бөлімінің меңгерушісі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button