Жастар

Жас полицейлер ант қабылдады

Ақтөбеде полицейлердің арасында дәстүрге айналған саптық жүру шарасы өтті.

Шара тәртіп сақшыларының киімінің жаздық үлгіге ауысуымен байланысты, сондай-ақ, саптық жүрудің деңгейі, бөлімшелердің жинақылығы мен сыртқы түр-келбеті, қызметтік пен жеке жетон нөмірлерінің сәйкестілігі, қызмет атқару барысында қажет етілетін заттардың болуын тексеру үшін ұйымдастырылды. Салтанатты жағдайдағы саптық жүруді облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Андрей Хайруллин қабылдады. Шараның барысында сақшылар көк байрақты алып өтті, Әнұран ойналды. Бұдан кейін полиция қатарына қосылған жас қызметкерлер ант қабылдады.

Өз кезегінде полиция полковнигі Андрей Хайруллин жас буынды антқа адал болуға, қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button