Жастар

Ақтөбелік колледж — бірінші орын иесі

Фестиваль

Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінің оқушылары жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін VI республикалық «Ел тірегі — жастар» фестивалінде жеңімпаз атанды. 

Шараның негізгі мақсаты —  жастарды мәдени және қоғамдық-саяси өмірге тарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды тек білікті маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.

Фестиваль М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында өтті. Байқауға еліміздің Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан 120-дан астам оқушы қатысты.

Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі атынан 12 белсенді оқушы іріктеліп, оларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Арыстанбекқызы мен арнайы пән оқытушысы Айжан Бақытжанқызы жетекшілік етті.

Фестиваль таныстыру, ән байқауы, хореография және эстрадалық-театрландырылған байқаулар бойынша өтті. Қатысушылар фестивальдің  бірінші күні «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын сайыстарына қатысып, өз білімдерін шыңдады. Бұл сайыста колледждің 2-курс оқушысы Аспандиря Тлеумбетов екінші орынға ие болды. Спорттық сайыста колледж командасы үшінші орыннан көрінді.

«Студенттік көктем-2017» VI республикалық «Ел тірегі — жастар» атты фестивальде аталған колледж оқушылары 1-орынға ие болды. Шара қорытындысы бойынша колледждер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button