Спорт

«Ақтөбе» келесі кезеңге шықты

Қазақстан кубогы

19 сәуір күні Қазақстан кубогы үшін өткізілетін футболдық доданың 1/8 финалының ойындары өтті.

Бір кездесуден ғана тұратын бұл сатыда «Ақтөбе» сырт алаңда Оралдың «Ақжайық» командасымен күш сынасқан болатын. 90 минуттық қос тайм да, қосымша 30 минут та тең аяқталған соң кезек пенальтилерге берілді. Бұл бәсекеде ақтөбеліктер басым түсті — 5:4. Осылайша келесі кезеңге «Ақтөбе» командасы шықты.

Ал былтыр Кубок иесі болған «Астана» сырт алаңда талдықорғандық «Жетісудан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қалған кездесулердің нәтижелері: «Қыран»-«Атырау» — 1:2; «Мақтаарал»-«Оқжетпес» — 1:4; «Қызылжар СК»-«Ордабасы» — 0:1; «Тобыл»-«Шахтер» — 1:2; «Ертіс»-«Қайсар» — 3:2 (қосымша уақытта); «Қайрат»-«Тараз» — 2:0.

¼ финалдың ойындары 10 мамыр күні өтеді.

 Е.АХАТҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button