Жастар

Жастарға жұмысшы мамандықтар насихатталды

Экскурсия

Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен қаламыздағы зауыттардың бірінде мектеп оқушыларына экскурсия өтті.

Ақтөбе қаласының №8, №26, №16, №40 орта мектептерінің 9-11-сынып оқушылары қатысқан шара  бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Жылда өтетін дәстүрлі акцияның мақсаты — жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жандандыру, түлектердің мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ету. «Стройдеталь» зауытының тыныс-тіршілігін көрем деген қыз-жігіттердің қарасы мол болғанын айта кету керек.

Экскурсия барысында жасөспірімдер қауіпсіздік шаралары мен зауыттың тарихымен танысып, өндірілетін өнімдер жайында кең мағлұмат алды. Сондай-ақ, кәсіпорында еңбек ететін аға-апаларымен әңгімелесіп, олардың қызметтерінің қыр-сырына қанық болды.

— Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Өйткені бұл өскелең ұрпаққа да қызық. Олар бәрін сырттай біліп, жұрт аузынан естігеннен гөрі, осылай көріп-танысқанды тәуір көреді. Сол себепті, шараға атсалысамын деушілер қашанда көп, — дейді ұйымдастырушылар.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button