Балық аулауға шектеулер мен тыйым салынады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басшысының 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде балық түрлері және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салынады, оның ішінде:
Торғай мемлекеттiк табиғи қорық (зоологиялық) аумағында 2017 жылғы 15 сәуірден 31 тамызды қоса алғандағы аралықта балық аулауға және Ақтөбе облысының басқа су айдындарында:
шортан, көксерке, берiш, аққайран, ақмарқа, қызылкөз, торта, алабұға, тұрпан, тарақ балық — 2017 жылғы 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), мөңке, оңғақ, жайын, қызыл қанатты шұбар балық, айнакөз, табан –2017 жылғы 20 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта;
нәлім – 2017 жылғы 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері – 2017 жылғы 20 қазан мен 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
шаян – 2016 жылдың 15 қазанынан 2017 жылдың 30 маусымын қоса алғандағы аралықта аулауға тыйым салынды.
Әуесқой балық аулаушы азаматтарды балық аулау ережесін сақтап, жоғарыда көрсетілген мерзімдер мен орындарда және де рұқсат етілген балық аулау құралдарымен балық аулауға шақырамыз.
Н.ДҮЙСЕНОВ,
облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
балық шаруашылығы бөлімінің басшысы.



