Спорт

Ақтөбелік команда — екінші орында!

Чемпионат

30 наурыз-2 сәуір аралығында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің спорт кешенінде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында, сондай-ақ жауынгерлік самбодан ҚР чемпионаты өтті.

Оған еліміздің 14 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам спортшы қатысты.

Мақсат — самбо күресін дамыту, оны насихаттау және әскери қызметке шақырылатын спортшыларды дайындау, самбо күресінен үздік спортшыларды анықтау.

Төрт күнге созылған чемпионаттың қорытындысы бойынша 1-орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген команда жеңіп алды. Ал 2-орынды Ақтөбе облысының командасы иеленсе, 3-орын қызылордалық спортшыларға бұйырды.

Айта кету керек, ақтөбелік спортшылардың арасында әртүрлі салмақта Ж.Асқанбай, Е.Қуанов, А.Асауұлы 1-орынға ие болып, облыстың абыройын биіктетті.

 Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button