Билік

Облыс әкімі Е.Н.Сағындықовтың «Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2010 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері

Құрметті ақтөбеліктер!

Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауы — еліміздің қоғамдық өміріндегі басты оқиғалардың бірі, жаңа бір белестің жаңа жоспарлардың межесі, жаңа міндеттер мен жасампаз жетістіктерге жетудің құбыланамасы.

Биылғы Жолдау мүлде ерекше, себебі Елбасы бізге Қазақстанның дамып, өркендеуінің жаһандық экономикалық және саяси ықпал ету қайта бөліске түсіп, және тарихи дәуірлер ауысып жатқан күрделі кезеңдегі 10 жылдық бағдарламасын ұсынып отыр.

Ол бізге экономикалық және өркениеттік буырқаныстар дауылдарының ішімен сенімді  түрде алға басудың бағытын белгілеп берді.

Тек жеделдетілген индустрияландыру, инновациялар, еңбек өнімділігінің еселеген өсімі ғана Қазақстанның  дағдарыстан кейінгі кезеңде пайдалы және нық позицияны иемденуіне мүмкіндік беретіндігін айқын көрсетіп берді.

Жолдаудан біздің әрқайсысымыз өзімізге деген әкелік қамқорлықпен қолдауды айқын сезіндік.

Біздің облысымыздың әрбір тұрғыны, барлық қазақстандықтар сияқты еліміздің дағдарыстан кейін тез арада қалпына келеріне, өзінің тұрмыс-тіршілігінің көркейе түсеріне, берекесінің арта түсеріне берік сенуіне болады.

Бүгінгі күні біз еліміздің экономикасы үшін қиын уақыттың өзінде дағдарысқа қарсы бағдарламаның нақты нәтижелерін республикамыздың да, өз облысымыздың да өмірінен айқын көріп отырмыз.

Биылғы Жолдау — бүкіл халықтың, әрбір отбасының, әрбір адамның тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудың шынайы және нақты жоспары.

Біз, ақтөбеліктер, елімізбен бірге сенімді түрде жаңа онжылдыққа дамудың  әлеуетті қарқынымен  батыл адымдап келеміз.

Бұған облыс экономикасының, инфрақұрылымы мен әлеуметтік саласының соңғы 5 жылдағы және 2009 жылғы көрсеткіштері айқын дәлел бола алады.

2009 жылы біздің дамуымыздың негізгі бағыты ҚР Президентінің «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға» Жолдауында көрсетілген бағыттарына сәйкес болды, онда Мемлекет Басшысы белгілеген негізгі басымдықтар: бюджет қаражаттарын қатаң түрде үнемдеу,  тұрғындарды жұмыспен қамту, қаржы саласындағы тұрақтылықты  қамтамасыз ету,  экономиканы одан әрі  жаңғырту, дағдарыстан кейінгі даму жоспарын әзірлеу болатын.

Сондықтан жергілікті атқарушы органдардың бірінші кезектегі міндеті дағдарыстың салдарын, оның азаматтарға жағымсыз әсерін төмендету,  әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.

Облыс әкімдігінің 2009 жылға  белгіленген мақсат-міндеттері орындалды.

2009 жылдың басты  қорытындысы – облыс экономикасы әлемдік дағдарыс жағдайына қарсы тұра білді, төтеп берді және дамуын одан әрі жалғастырды.

Барлық белгіленген әлеуметтік бағдарламалар іске асырылды, қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталды.

Дағдарысқа қарсы шаралар

Облыс әкімдігі Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға»  Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарын әзірледі және облыстық мәслихаттың 14-сессиясында бекітті.

Жоспар ауқымында мынадай негізгі бағыттар бойынша  жұмыс жүргізілді:

• жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу;

• инфляциялық процестерін тежеу;

• экономикалық өсімге қол жеткізу, дағдарыстан кейінгі тұрақты даму үшін жағдай жасау.

Жоспарды іске асыру үшін орындалу мерзімі 2009-2010 жылдарға белгіленген 46 іс-шара бекітілді. Белгіленген жоспарға сәйкес қаржы секторын тұрақтандыру,  жылжымайтын мүлік рыногында проблемаларды шешу,  шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ірі индустриялық жобаларды іске асыру бойынша  жұмыс жүргізілді.

Жыл қорытындысы бойынша 2009 жылға арналған барлық іс-шаралар орындалды.

Жоспарды орындауға бақылау жасау мақсатында Экономиканы  тұрақтандыру және әлеуметтік  қақтығыстардың алдын алу жөніндегі штаб және Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру  және тұрғындарды жұмыспен қамту стратегиясын қамтамасыз етуді бақылау Комиссиясы құрылып, жұмыс істеп отыр.

2009 жылы штабтың 26 отырысы және Комиссияның 4 отырысы өткізілді, тиісті шешімдер қабылданды.  Өндірістің, жұмыспен қамтудың жағдайын және жалақы төлеу, уақытылы тұрақтандыру шараларын алу мәселелерін анықтап отыру үшін облыс кәсіпорындарының қызметіне жедел мониторинг ұйымдастырылды.

Әкімдіктің облыс кәсіпорындарымен бірлесіп жасаған жұмысы өндірістің құлдырауын болдырмауға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік берді.

Қолжетімді бағадағы газ бен электрэнергиясын жеткізуде «АХҚЗ» АҚ көмек көрсетілді,  бұл өндірістік процесті қалпына келтіруге елеулі ықпал етті. Жекелеген кәсіпорындар бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданды.

Инвестициялық жобаларда, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асыру кезінде мөлдірлікті анықтауда қазақстандық (жергілікті) қамтуды ұлғайту мәселесі бойынша облыстың ірі кәсіпорындарымен жұмыс жүргізілді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономиканың өнеркәсіп секторы  тұрақты даму траекториясына шықты.

Әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында әкімдік, кәсіподақ және «Атамекен» ҚҰЭП АФ бірлесіп, жұмыс орындарын сақтау және жұмысшыларды жаппай жұмыстан шығаруды болдырмау үшін ірі компаниялармен меморандумдар жасады.

Есепті кезеңде 3992 ұжымдық шарт және қызметкерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі  өзара ынтымақтастық туралы 801 меморандумға қол қойылды. Еңбек қатынастары тұрақтылығының орындалуы бойынша кәсіпорындардағы жағдай қадағалануда.

2009 жылы облыс ұйымдарында және кәсіпорындарында 1613 тексеру жүргізілді. 436 әкімшілік  айыппұл салынды.

Жалақы төлеуді кідіртудің  әрбір фактісі бойынша жедел ықпал ету шаралары қабылдануда.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2009 жылдың басында  анықталған берешектің 265,1 млн. теңгесі  өтелді.

Әлеуметтік саланы  дамыту және  тұрғындардың әлеуметтік-әлжуаз топтарын қолдау бойынша атқарылатын шаралар анықталды және іске асырылды.

Қаржы секторы

2010 жылдың 1 қаңтарында несиелер бойынша негізгі  борыштың  жалпы көлемі  162,3 млрд. теңгені құрап, 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,8%-ға азайтылды.

2009 жылы 104,3 млрд. теңге берілді, бұл 2008 жылғы осы кезеңнен 29,7% аз.

Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасы ауқымында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға бөлінген қаражат екінші деңгейлі банкілер филиалдары арқылы (9,5 млрд. теңге) толық игерілді.

Осы сомадан 91 займ алушы бұрынғы алған несиелерін 4,6 млрд. теңгеге қайта қаржыландырды және 92 займ алушы 4,9 млрд. теңгеге жаңа несиелерді рәсімдеді.

1571 займ алушы 5,4 млрд. теңгеге ипотекалық займдарды қайта қаржыландырды.

Жеңілдетілген бағдарлама бойынша студенттерге несие беру бойынша Альянс банкінің Ақтөбе филиалы облыстың 52 студентіне 6,1 млн. теңгеге жеңілдетілген несие берілді.

Займ алушылардың қарыздық жүктемесін жеңілдету үшін қолданыстағы кредиттік келісімдері бойынша ШОБ клиенттерін және тұрғындарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы облыс банкілері барлық қаржылық құралдары мен шараларын қолданды.

Жылжымайтын мүлік рыногы

2009 жылдың басында облыс аумағында үлескерлердің қатысуымен 19 нысан берілді, жыл ішінде 439 үлескердің қатысуымен 11 объект пайдалануға берілді.

Қалған 287 үлескердің қаражаты жұмылдырылған 8 коммерциялық тұрғын үйдің бүгінгі күні 2 объектісі 100%-ға дайын. Дайын құрылыс нысанына мүліктік құқықты тіркеу үшін құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде:

— 110 үлескерлердің қаржысы тартылған «Гүлдер» ТК тұрғын үйі бойынша. Құрылысты аяқтау үшін облыс әкімдігі  («АКМ Строй Консалтинг» ЖШС балансындағы) Қандыағаш қаласындағы 60 пәтерлік тұрғын үйінен  55 пәтер жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынды,

— 17 үлескердің қаржысымен Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі, №269 мекен-жайындағы үйге мансардты қабаттың құрылысын (құрылыс салушы – «Уля» ЖШС) салу бойынша қаржылай көмек көрсету туралы «Уля » ЖШС қолдау хатын комиссия қанағаттандырды.

Басқа үлестік құрылыстың 4 нысаны мемлекеттің қолдауынсыз үлескерлер және құрылыс салушылардың қаражаты есебінен салынуда.

«Ақтөбе-Ажары» тұрғын үй кешенінің №2 блок құрылысы (құрылыс салушы – «ЛашынИнвестХолдинг» ЖШС) үшін 91 үлескердің қаражаты тартылды. Нысанның дайындық деңгейі – 46%.

Ақтөбе облысы әкімдігі үлескерлердің проблемаларын шешу үшін «Ақтөбе-Ажары» ТК аумағындағы коммерциялық алаңдарды С.Бәйішев атындағы кітапхана үшін сатып алды, бұл объектіде құрылыс-монтаждық жұмыстарды қайта бастауға мүмкіншілік берді. «ЛашынИнвестХолдинг» ЖШС құрылысты толық аяқтау үшін (2 блок) 2010 жылдың нау-рызында кредиттік желіні ашу бойынша екінші деңгейлі банкілермен келіссөздер жүргізуде.

«Арай» тұрғын үй кешені құрылысына  (қоймасы және сауда залы бар 4 қабатты тұрғын үй) қатысқан үлескерлердің саны – 51.

Қазіргі таңда Арай-Ақтөбе-2008 қоғамдық қоры 0,8000 га жер сатып, үлестік қатысу шарт сомасы 115,2 млн. теңгенің 50%-ға тең бөлікпен Арай ТК үлескерлеріне қаражат төледі. 92,8 млн. теңге «Арай» ТК үлескерлерінің қарызы мүмкіндігінше тұтқындалған мүлікті сатудан қайтарылады.

Үлескерлердің проблемалық мәселелерін шешу облыстық комиссия бақылауында тұр.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2009 жылғы
6 наурыздағы «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға»
Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық
жоспарын орындау

Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жоспардың 27 іс-шарасының  2009 жылы орындалу мерзімімен 20-сы орындалды.  Қалған 7 іс-шара бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Жоспардың басымды бағыттары бойынша мынадай негізгі  жұмыс жүргізілді:

Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру бағытында 2009 жылы  облыс бойынша жалпы сомасы
1,1 млрд. теңгеге басымды емес шығыстары оңтайландырылды, оның ішінде  әкімшілік шығыстары – 349,2 млн. теңге, олар өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлауды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жол картасының» инвестициялық бағыттарын қаржыландыру үшін бағытталды.

Мемлекеттік органдардың қызметіне  талдау жүргізілді, мемлекеттік органдарды басқару құрылымын жетілдіру және  қызметкерлер санын оңтайландыру ұсыныстары дайындалды. Жалпы облыс бойынша штат санын 110 бірлікке қысқарту жүргізілді.

Мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын арттыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын енгізу үшін  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын сақтауды қадағалау бөлімі құрылды.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, түпкі нәтижеге бағдарланған басқарудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2009 жылы аумақтарды көркейту және көгалдандыру бағытында жұмыс жүргізілді. Екі айлық шеңберінде 126 сенбілік өткізілді, оған 198,5 мың адам қатысты, 48,3 мың аумақ көркейтілді,   32,3 га санитарлық-қорғау аймақтары құрылды.

Жол картасы

«Жол картасын» іске асырудың нәтижесінде жұмыссыздықтың өсуін болдырмай, оның деңгейін төмендетуге қол жеткізілді.

Бағдарлама  шеңберінде 24298 жұмыс орны  ашылды,  көптеген елді мекендердің тұрғын үй-коммуналдық саласында, қалалар мен ауылдар инфрақұрылымында жағдай едәуір жақсарды.

22141 жұмыссыз адамның 17159-ы жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

4384 әлеуметтік жұмыс орны ашылды (жоспар 130,2%-ға орындалуы), жастар практикасына  3211 жас маман жіберілді (166,7%), кәсіби даярлау және қайта даярлауға – 6509 адам (131,1%) жіберіліп, оның 4992-і оқуды аяқтады.

Жол картасының инвестициялық бағыттары шеңберінде 245 жоба бойынша 11 712,3 млн. теңге игерілді немесе жылдық жоспар 99,6%-ға орындалды.

Инвестициялық бағыттар бойынша.

1. ТКШ жүйесін реконструкциялау және дамыту

21 инвестициялық жоба іске асырылды, 4987,0 млн. теңге игерілді,  бұл жоспардың 99,7%-ын құрайды. 10413 жұмыс орны құрылды, 9160 адам жұмысқа орналастырылды.

40,45 км. су құбыры желілері, 4,9 км. кәріздік желілері, 2 сорма станциясы күрделі жөнделді. Ақтөбе қаласының
3 қазандығы, 3,6 км. су құбыры желілері, 0,5 км.  кәріздік желілері және 22,4 км. жылу желілеріне реконструкция жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар  су шығындылығын 7%-ға қысқартуға және  Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тұрғындарына су беру көлемін тәулігіне 15000 куб-қа  ұлғайтуға, жылу шығындарын 23,7 мың Гкал немесе 16%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

2. Жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу

Жол-жөндеу саласының 23 объектісін іске асыру  бойынша 2888,7 млн. теңге игерілді (99,6%). 6200 жұмыс орны ашылды, 5496 адам жұмысқа орналасты.

71,39 км. жол жөнделді және салынды:

– ұзындығы 25 км. «Алға-Павловка» автожолына орташа жөндеу;

– ұзындығы 10,5 км. «Самара-Шымкент-Аққұдық» автожолын күрделі  жөндеу;

– ұзындығы 35,89 км. Ақтөбе қ. көшелері.

Нәтижесінде автожолдардың көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға, көшелерде  көліктердің көп болып, тығыздалу санын қысқартуға қол жеткізілді.

3. Мектептерді, ауруханаларды және басқа да әлеуметтік объектілерді жөндеу және жылылау

Аталған бағыт бойынша 3426,8 млн. теңге (99,5%) игерілді, 172 жоба іске асырылды. 6990 жұмыс орны құрылды, 6711 адам еңбекке орналастырылды.

Білім беру саласының 145 объектісіне (оның ішінде 93 мектеп,  29 балалардың мектепке дейінгі мекемелері,
3 мектептен тыс мекемелері, 8 интернат және 12 кәсіптік лицей), денсаулық сақтау саласының 9 объектісі,  мәдени саланың 8 объектісі, дене шынықтыру және спорттың 8 объектісі және тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласының
2 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді.

4. Әлеуметтік-мәдени объектілердің жөндеу жұмыстары

Сомасы 409,8 млн. теңгеге 29 әлеуметтік-мәдени объект жөнделді. 895 жұмыс орны құрылды, 774 адам жұмысқа орналастырылды.

Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты босатылған жұмысшыларды жұмысқа орна-ластыруға көмек көрсетілуде.

Инфляциялық процестер

Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында жұмыстың негізгі бағыты ішкі рынокты азық-түліктің негізгі түрлерімен толықтыруды қамтамасыз ету, өнім өндірісі бойынша жеке қуаттарын дамыту болды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2009 жылғы  тұтыну бағасы индексі 105,8%-ды құрады, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,4%-ға төмен (республика бойынша – 106,2%),  оның ішінде азық-түлік тауарлары – 103,8% (103,0%), азық-түлік емес тауарлары – 108,5% (108,6%), ақылы қызметтер – 106,0% (108,4%).

Аймақ шегінен жеміс-көкөніс өнімін ішкі рынокқа әкелу жалғастырылуда. 2009 жылдың басынан бері Қазақстанның басқа облыстарынан және  шетелден 40,0 мың тонна жеміс-көкөніс жеткізілді. Қысқы кезеңде бағаны реттеу мақсатында көкөніс қоймаларына 6,5 мың тонна картоп пен көкөніс салынды.

Нарықтық инфрақұрылымды құруға, қала рыноктарына ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге  ерекше көңіл бөлінуде.

Өткен жылы 5 ірі көтерме-бөлшек азық-түлік базарлары және супермаркеттер,  оның ішінде «Табыс» коммуналдық азық-түлік базары және 10 шағын базар іске қосылды. Оған жергілікті бюджеттен 528,9 млн. теңге инвестицияланды.

Коммуналдық базарлардың жүйесін ұйымдастыру кезінде жеңілдіктердің берілуі, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өз өнімін өткізу үшін орындар беруді қамтамасыз етуге, азық-түлік рыногында адал бәсекелестік үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.

245 облыстық және аудандық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді, онда 324,9 млн. теңгенің ауылшаруашылық өнімі сатылды.

Жүргізілген жұмыс қала тұрғындарын негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға және бұл өнімдерге бағаның негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік берді.

Азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру және төмендету мақсатында әкімдіктер бизнес-құрылымдармен өзара әрекет етуде: азық-түлік тауарларын өндірушілерін, азық-түлікті көтерме жеткізіп берушілермен бірқатар Меморандумдар жасалды (қант, күріш, өсімдік майы, жеміс-көкөніс өнімі және басқалары бойынша).

«ҚазАгроМаркетинг» АҚ деректері бойынша  мониторинг жасалатын, азық-түліктің 50 түрінің көпшілігіне (90%) бағалар республикалық орташа көрсеткіштен төмен.

ЖЖМ тапшылықтың және бағаның негізсіз өсуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдануда. 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап АИ-92/93 маркалы бензиннің бөлшек бағасы литрі 82 теңгеге дейін төмендеді.

Облыс әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерін жеткізіп берушілермен бірлесіп жүргізген жұмысы бірнеше жыл бойы суға, жылуға, газға тарифтерді тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Тұрғындар үшін «Ақбұлақ» АҚ қолданыстағы тарифтері 2006 жылдың 1 мамырынан өзгертілген жоқ және суға 22,08 теңге/м3, кәріз жүйесі қызметіне 20,93 теңге/м3 құрады.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі қызметіне тарифтердің көтерілуі 2010 жылдың 2 жартыжылдығынан бастап күтілуде.

«Трансэнерго» АҚ тарифтері 2004 жылдың қазанынан бері қайта қаралмады.

Қолданыстағы төлем орталық жылу үшін айына (ҚҚС қоспағанда) жалпы көлемге 1 шаршы метр үшін — 46,39 теңге, орталық ыстық сумен қамтамасыз етілген пәтерлерге ыстық су төлемі — 87,92 теңге (қосымша құн салығынсыз)  құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Трансэнерго» АҚ тарифтері көтерілді.

Тарифті көтерудің негізгі себептері: жылу желілерінің тозғандығы, арнайы техниканың тозуы, жалақы төмендігі, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеуі.

Департамент орташа мерзімге бекіткен тарифтер 3 жыл бойы өзгертілмейді.

Бұдан басқа, 2010 жылдың 1 қаңтарынан «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС-ның  электр қуатын (орташа босатылым тарифі) 1 кВтс үшін 10,57 теңгеге дейін  өсті. Электр қуатына тарифтің өсуінің негізгі себебі, 2010 жылдың 1 қаңтарынан электр станциялары өндіретін электр қуаты бағасының өсуі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 нау-рыздағы №392 «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қаулысы).

Тарифтердің өзгеруіне байланысты тәулік зоналары бойынша және жеке тұлғалардың электр қуатын тұтыну көлемі-не байланысты электр қуатына сараланған тарифтер келісілген.

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерге енгізілген тарифтер республикалық орташа көрсеткіштен төмен: су — 39,5%, кәріз — 12,7%, жылу — 4,2%, ыстық сумен жабдықтау — 28,6%, электр — 3,2%.

Ал көгілдір отын-газға келсек, оның бағасы республика бойынша Ақтөбе облысында ең төменгі баға болып есептеледі. 2008 жылдан бері Ақтөбе облысы тұтынушылары тек жергілікті ілеспе мұнай газымен қамтамасыз етіледі, тұрғындар үшін газдың құны 2009 жылдың 1 тамызынан  3,60 теңге/м3-ден  3,0 теңге/м3-ке дейін төмендетілді.

Инфляциялық процестерді тежеу, азық-түлік тауарларымен тұрғындарды үзіліссіз қамтамасыз ету және  сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелері апта сайын тұрақты негізде тұтыну рыногында бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабта қаралады.

Экономикалық өсімге қол жеткізу

Облыста жүргізілген дағдарысқа қарсы шаралар экономиканың оң динамикасына ықпал етті.

2009 жылы  облыстың экономикалық дамуының параметрлері негізгі индикаторлардың елеулі өсуімен сипатталады.

Облыста Мемлекет Басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері толығымен орындалды.

Бағалау бойынша өңірдің жалпы өнімі – 101,5% құрады.

ӨЖӨ қалыптастыратын көрсеткіштер таблицада көрсетілген.

Көрсеткіштер

НКИ, %

2009 жыл

Облыс

ҚР

Өнеркәсіп өндірісі

105,6

101,7

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

100,1

113,8

Құрылыс жұмыстарының көлемі

100,6

95,1

Негізгі капиталға инвестициялары

102,7

102,1

Көліктің барлық түрі бойынша жүк тасымалдау

99,1

96,0

Көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы

105,3

91,1

Байланыс қызметінен кәсіпорындар кірісі

98,3

108,3

Бөлшек сауда

118,1

96,1

Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының ағымдағы күйі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Орташа айлық жалақы қаңтар-қараша айында 6,7%,  ақшалай кірістер 8,3%,  тұрғындардың банкілердегі салымдары 15,0%-ға ұлғайды.

Демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы бар,  туудың өсуі және өлім деңгейінің төмендеуі белгіленді.

Жалпы, дағдарысқа қарсы тиімді жүргізілген саясат облыс экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуы үшін алғы шарттарын құрайтындығын атап өту қажет.

Мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар

2010 жылдың 1 қаңтарында облыста 12 Мемлекеттік бағдарламалардың және ҚР Стратегиясы іс-шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осымен қатар, 2009 жылы Мемлекеттік бағдарламалар іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген және облыстық мәслихаттың шешімдерімен бекітілген  28 өңірлік бағдарлама іске асырылды.

2009 жылы 5 өңірлік бағдарламаны іске асыру аяқталды: кәсіби білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту, сумен жабдықтау объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, күрделі жөндеу, мәдени мұра, дене шынықтыру және спортты дамыту,  жерді тиімді пайдалану және топырақтың құнарлығын арттыру.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар іс-шараларын іске асыру  облыстың әлеуметтік, коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға және экономикаға жағымды әсер етті.

2009 жыл бойы әкімшілер бағдарламалар іс-шараларына  тұрақты мониторинг жүргізді. 1.01.10 ж. дерек бойынша  өңірлік бағдарламалар іс-шараларын іске асыруға республикалық бюджеттен 21,4 млрд. теңге (99,4% игерілді), жергілікті – 25,4 млрд. теңге (99,8%), басқа көздері тартылды (кәсіпорындардың жеке қаражаттары, демеушілік көмек) 20,0 млрд. теңге (98,4%) бөлінді.

(Өңірлік бағдарламаларды іске асырудың негізгі қорытындысы  осы есептің бөлімдерінде көрсетілген)

Өнеркәсіп

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған өнеркәсіптік өндіріс көлемін төмендетпеу  және дағдарысқа қарсы жоспарды  орындау үшін қабылданған шаралар кешенін іске асыру өңірдің жалпы өнімінің жартысын алып отырған, облыстың өнеркәсіптік секторындағы оң серпінге  ықпал етті.

Нақты айтқанда, облыс қолмен басқару режиміне көшті, облыс экономикасының негізін құрайтын және оған ықпал ететін, ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарға  тұрақты мониторинг жүргізілді. Кәсіпорындардың қызметін тұрақтандыруға және қызметкерлердің жұмыстан жаппай шығарылуын болдырмауға бағытталған, жедел ықпал ету және алдын алу шараларын қабылдау қамтамасыз етілді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өнеркәсіптік өндірістің барлық салаларында қарқынды дамуға қол жеткізілді.

Нақты көлем индексі — 105,6%, республикалық орташа көрсеткіштен 3,9 пайыздық пунктке артты. Облыс Республика өңірлері арасында үшінші позицияны алды.

2009 жылғы өнеркәсіптің нақты көлем индексі динамикасы (%)

Жалпы республикалық көлемде өнеркәсіптің үлес салмағы — 8,0%.

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен сомасы 702,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл дағдарысқа дейінгі 2007 жылғы деңгейден 47,1 млрд. теңгеге көп.

Мұнай өндіру 5,2%, ілеспе мұнай газы – 1,2 есеге, мыс рудасы – 12,3%, мыс концентраттары өндірісі – 1,2 есеге, хром рудасы – 11,2%, хром концентраттары – 5,2% ұлғайды.

Тау-кен өндіру  өнеркәсібінде нақты көлем индексі — 106,8%.

Ірі кәсіпорындар мұнай өндіру көлемін ұлғайтты: «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 3,5%; «Қазақойл» ЖШС – 23,2%, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС – мыс рудасы 12,3%, мыс концентраттары – 21,8%.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі — 101,8%.

Металлургия саласында «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытымен, өнімі жалпы өңдеу саласының 40% артығын құрайды, 377,5 мың тонна феррохром шығарылды.

Химия өнеркәсібінде «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ  хром тұздары өндірісін тұрақтандырды, 17 мың тонна хром дубителі өндірілді,  бұл 2008 жылғы деңгейден 3,0% көп.

Машина құрылысында сомасы 10,0 млрд. теңгеге, резина және пластмасса бұйымдары өндірісінде 2,6 млрд. теңгеге,  басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінде 8,7 млрд. теңгеге өнім шығарылды.

Тамақ өнімдері мен сусындар, өндірісінің өсімі қамтамасыз етілді (110,9%).  Оның ішінде ет және ет өнімдері —14,5%, сүт өнімі — 4,6%, ұн — 6,1% өсті.

Электр қуатын, газ және суды өндіру саласында  нақты көлем индексі — 107,3% құрады,  электр қуатының өндірісі 10,7% (2174,0 млн. кВт.сағ), жылу қуаты 8,5% (5744,7 мың Гкал) ұлғайтылды.

2009 жылы экономиканың өнеркәсіп секторында 203,3 млрд. теңге инвестицияланды, бұл 2008 жылдан 8,3% көп немесе негізгі капиталға тартылған инвестиция жалпы көлемінен 66,2% (307,2 млрд. теңге).

Жалпы сомасы 238,9 млрд. теңгеге 65 объекті енгізілді, 7,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясы ауқымында облыста сомасы 1,5 млрд.АҚШ долларына 54 инвестициялық жоба іске асырып,  6,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы

Ірі жобалар іске асырылды:

Тау-кен өндіру  өнеркәсібінде:

— 111,0 млн. АҚШ доллары сомасында күйдірілген хром шекемтастар өндірісі жөніндегі фабрикасы, 25,0 млн. АҚШ доллары сомасында ұсақ топтағы кендерді байыту бөлімінің екінші кезегі  (“Қазхром” ТҰК” АҚ Дөң ТБК АҚ).

Өңдеу саласында:

— 134 млн. АҚШ доллары сомасында жобалау қуаты 80 ш. км. құбыр, әйнек пластикалық құбырлар өндірісі зауытының 2-ші кезегі; 50 жаңа жұмыс орны  құрылды («Ақтөбе  металл емес құбырлары зауыты» ЖШС);

— тұрмыстық жиһаз және қуаты жылына 24 мың есік өндіретін, бөлмеаралық есіктерді жасайтын зауыты, 35 жұмыс орны ашылды («Ақтөбе жиһаз фабрикасы» ЖШС);

— емдеу құралдарын өндіретін кәсіпорын, 20 жұмыс орны құрылады («Фармация» ЖШС).

Құрылыс материалдары өндірісі саласында:

— қуысты бетоннан  бұйымдар өндіретін зауыты («Ақтөбеқұрылысиндустрия» АҚ), жобалық қуаты жылына 171 мың куб. м.,  инвестиция көлемі 29,5 млн. АҚШ доллары,  300 жұмыс орны ашылды;

— 2,7 млн. АҚШ доллары сомасында «Қасиет-Инвест» ЖШС әртүрлі фракция шекемтастарын өндіретін зауыты, 40-тан астам жұмыс орны ашылды.

Агроөнеркәсіптік кешенде:

— 1,0 млн. АҚШ доллары сомасында, қуаты тәулігіне 200 тонна ұн өндіретін диірмен комбинаты, 20 жаңа жұмыс орны ашылды («Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС);

— нан комбинаты («Рамазан» ЖШС) қуаты тәулігіне 35 тонна нан шығаратын  инвестиция көлемі 2 млн. АҚШ доллары, 50 аса жұмыс орны ашылды:

— 40 мың бас шошқа өсіретін Алға ауданында мал шаруашылығы кешенінің бірінші кезегі («Париж коммунасы» ЖШС), құны 13,8 млн. АҚШ доллары, 60 жұмыс орны ашылды;

— сомасы 1,2 млн. АҚШ доллары болатын Мәртөк ауданында жылыжай кешені құрылысы, 50-ден аса жұмыс орны ашылды («Огородник» ш/қ) және басқалары.

Инфрақұрылымдық объектілер:

— сомасы 1,0 млрд. АҚШ долларына «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнайқұбыры, 300 жұмыс орны құрылады («Қазақстан-Қытай-мұнайқұбыры» ЖШС);

— сомасы 250,0 млн. АҚШ доллары әуе қозғалысын басқару орталығын жаңғырту («Қазэронавигация» АҚ);

— жәрмеңкелік алаңы 4,5 мың шаршы м. коммуналдық рынок, құны 3,7 млн. АҚШ доллары, 600 жұмыс орны ашылды («Табыс қала» ЖШС);

«Мега Ақтөбе» сауда, ойын-сауық кешені,  жалпы алаңы 45 мың шаршы м., 1200 жұмыс орны ашылды және басқалары.

Ақтөбе облысының жеделдетілген индустриялық даму жөніндегі Үйлестіру кеңесімен республикалық Қазақстанның Индустрияландыру картасына енгізу үшін жалпы сомасы 7,1 млрд. АҚШ долларына 20 жобасын, өңірлік Индустрияландыру картасына 600,0 млн. АҚШ долларына 22 жоба енгізу үшін ұсынылды.

Сыртқы сауда айналымы 2009 жылы 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 3,9 млрд. АҚШ доллары, импорт – 1,4 млрд. АҚШ доллары. Экспорттың импорттан озық шығуы арқасында сыртқы сауда айналымы оң нәтиже берді – 2,5 млрд. АҚШ доллары.

Өткізу рыногының жаңаларын игеру есебінен  қатынас жасайтын елдер көбейіп, облыстың сауда – экономикалық әріптестерінің саны 100-ден асты. Облыста тіркелген, бірлескен және шетел кәсіпорындарының саны 530-дан асты.

Инвестициялық жобаларда қазақстандық қамтуды ұлғайту, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асырғанда мөлдірлікті қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілді.

Отандық тауар өндірушілерді және  қызмет көрсетушілерді қолдау үшін жер қойнауын пайдаланушыларды жандандыру жөнінде нақты іс-әрекеттер қабылданды.

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға қатысты мәселерді қарау жөнінде облыс әкімдігінде комиссия құрылды. Кәсіпорындар мен ірі жер қойнауын пайдаланушылар арасында өзара іс-әрекет мәселесі «НұрОтан» ХДП, «Атамекен» ҚҰЭП» АФ өкілдері,  облыстың кәсіпорындары мен жұмыс берушілері, тауар өндірушілерінің қатысуымен жұмыс комиссиясының отырысында  бірнеше рет қаралды.

Аталған бағыттағы жұмысты жақсартуды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысы кәсіпорындарының өндіретін тауарлары, жұмыстары мен қызметтері каталогы шығарылды.

Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындарының сервистік қызмет көрсетуінде қазақстандық қамтуды ұлғайту бағдарламасы үшін маркетингілік-талдама зерттеулерін жүргізді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығару бойынша жаңа өндірістерді ұйымдастыру жөніндегі зерттеулер нәтижелерін  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС енгізу үшін ұсынылды.

Облыс бойынша 2009 жылы қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға 4857 контракт жасалды, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар да бар.

Жер қойнауын пайдаланушылар 161,0 млрд. теңгеге ТЖҚ сатып алды.

Жүйе құраушы кәсіпорындар – «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС 359 контракт жасалды, ТЖҚ жалпы сатып алу 17,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде  қазақстандық жеткізіп берушілерден 11,7 млрд. теңге немесе қазақстандық қамту 68,1% құрады, оның ішінде: «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС – 76,3% және «АХҚЗ» АҚ – 59,9%.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу 67,7 млрд. теңгеге жүзеге асырылды, қазақстандық қамту үлесі 62,6% немесе 42,4 млрд. теңгені құрады.

2009 жылдың желтоқсанында «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы Ақтөбе филиалы мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасында Меморандумға қол қойылды. Оған сәйкес компания үстіміздегі жылы кемінде сомасы 50 млрд. теңгеге қазақстандық кәсіпорындардан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алады.

Мемлекет Басшысы, Жолдауында ұлттық экономиканы жеделдетіп әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен алдағы онжылдықта тұрақты және теңгермелі дамуды қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.

Осыған байланысты экономиканың өнеркәсіп секторында 2010 жылға мынадай  міндеттер қойылады:

Өнеркәсіптік әлеуетін және 2010 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін  2009 жылғы деңгейден 103% өсіруді қамтамасыз ету;

Бәсекеге қабілетті тауарлар өндірісі үшін ғылыми нәтижелерді, энергиялық және материал сақтайтын технологияларды пайдалануға негізделген өндірістерді құрылымдық және технологиялық жаңғырту, ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту есебінен өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 1,1 есеге  арттыру;

Жаңа өндірістерді енгізу есебінен өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін  19% дейін арттыру;

Инновациялық өнімдерді шығару көлемін өсіру, технологиялық инновацияларға жұмсау есебінен инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін 4 тен 6% дейін ұлғайту;

Шикізатты емес экспортерларды қолдау бойынша жұмысты жүргізу, экспорттың жалпы көлемінде шикізатты емес экспорттың үлесін 33% ұлғайту;

Қазақстандық қамтуды дамыту, жер қойнауын пайдаланушылардың сервистік рыногына жергілікті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндірушілерді кең тарту бойынша жұмысты жалғастыру.

Жалпы инвестиция көлемінде  негізгі капиталға өнеркәсіп секторының инвестиция үлесін 70,0% дейін ұлғайту;

Жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 26 инвестициялық жобаны іске асыру, оның ішінде 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін 10 объектіні  енгізу;

Сыртқы сауда айналымын 6,0 млрд. АҚШ долларына  дейін жеткізу (108,5%);

Ресей мен Беларусьпен кедендік одақты құру, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру және Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру ауқымында халықаралық сапа стандарттарына облыстың кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің көшуі, кәсіпорындардың жаңа рыноктарға шығуы, олардың бәсекелестік басымдықтарын өсіруі бойынша жұмысты жандандыру, ақпараттық-түсіндірме  жұмысын жүргізу.

Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыс экономикасының үдемелі дамуының ерекше талабы — шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметін жандандыру, бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау.

2009 жылғы кәсіпкерлік дамуының экономикалық көрсеткіштері экономиканың осы саласында оң нәтижеге қол жеткізгендігін дәлелдеп отыр. Бұл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының күшеюімен байланысты.

Мемлекеттік қолдаудың басты бағыттарының бірі — қаржылық қолдау. Мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық үлесті көбейтуге зор мән беріліп отыр. 2009 жылы мемлекеттік сатып алу сомасы 67,7 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алу көлемінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің үлесі – 42,4 млрд.теңге немесе 62,6 % құрады.

2009 жылы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік қолдау

2009 жылы облыста барлық қаржыландыру көздерінен шағын және орта бизнеске 77,2 млрд. теңге көлемінде қаржы-несиелік қолдау көрсетілді

Осылайша, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының жүзеге асуы облыстағы бизнестің одан әрі дамуын қамтамасыз етті.

2009 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4,5 % ұлғайды және 43 630 бірлікті құрады, оның ішінде заңды тұлға түріндегі кәсіпорындар саны 6,4 % өсті. Облыстың әр 1000 адамына 12 шағын және орта кәсіпорындарынан келеді. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс жасайтын адамдар саны 158,0 мың адамға жетті және аймақтың экономикасында жұмыс жасайтын тұрғындар санының 40,0 % құрады, сонымен қатар аталған саладағы жұмысшылар 2008 жылмен салыстырғанда 3,2 % өсті.

Егер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өңірдің жалпы өніміндегі үлесі 2008 жылы 16,6 % құраса, 2009 жылы – 19,0 % құрады, өндірілген өнім, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызметтер көлемі 151,8 млрд. теңгеге жетті,  бұл 2008 жылдан 5,1 % артық.

Шағын және орта бизнес субъектілерінен түскен бюджет төлемдері 57,4 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 97,3 % (бюджеттік түсімдердің азаюы ҚҚС (НДС), КТС (КПН) және әлеуметтік салық мөлшерлемелерінің түсуіне байланысты).

Жеке кәсіпкерліктің қарқынды дамуына әсер еткен кәсіпкерлік инфрақұрылымының маңызды элементтері: бизнес-инкубаторлар, консалтингтік және кеңес беру орталықтары. Бүгінде 50-ге жуық қоғамдық бизнес-құрылым белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде 18 қор, соның ішінде 12 бизнес-инкубатор, кәсіпкерлік қызметті қолдайтын 6 орталық, 31 салалық одақ, ассоциация мен заңды тұлғалардың бірлестіктері.

Облыста кәсіпкерлердің облыс әкімдігі және аудан әкімдіктері жанында 14 Сараптамалық Кеңес жұмыс жасайды. Құрамына мемлекеттік органдар, бизнес-құрылым және кәсіпкерлердің аккредиттелген қоғамдық бірлестіктері кіреді.

2009 жылдың басынан бастап облыстың Сараптамалық Кеңестері мен кәсіпкерлердің аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларын алу арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қорғайтын 31 нормативтік-құқықтық кесімдер қаралды, оның ішінде 15-і облыс аудандарында қаралды.

ШОК  2010 жылға арналған міндеттері

Шағын және орта бизнес дамуын сипаттайтын көрсеткіштер деңгейін сақтау;

өңірдің жалпы өнімінде шағын және орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру;

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға қатысу;

Бизнесті дамыту бойынша өңірлік корпорациялардың тиімді жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

кемінде 400,0 млн. теңге көлемінде ауыл тұрғындарын қаржыландыру бойынша шағын несие ұйымдарының қызметін жандандыру;

Аудандық және ауылдық деңгейде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы элементтерін – шағын бизнес адвокатурасы, орталықтандырылған бухгалтерлік қызметтер, бизнес-орталықтарды құру мүмкіндіктерін қарау.

Агроөнеркәсіптік кешен

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту дағдарысқа қарсы бағытталды.

Бар қаражаттар:

— біріншіден, Ақтөбе қаласы және аудан орталықтары айналасында Азық-түлік белдеуін құру есебінен тұрғындарды негізгі азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту және ауыл шаруашылық өндірісін тұрақты дамыту үшін жағдай жасауға;

— екіншіден, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және өмір сүру жағдайын жақсартуға жұмсалды.

Ауыл шаруашылық өндірісінде қазіргі заманғы техника және өндіріс технологиясын енгізетін, ірі агроөнеркәсіптік өндірістерді басымды қолдау қамтамасыз етілді.

Осы мақсаттарға мемлекеттік қаражаттың 9,0 млрд. теңгесі пайдаланылды, бұл 2008 жылғыдан 39,4%-ға көп. Оның машина-трактор паркін жаңартуға 2,4 млрд. теңге бағытталды, бұл 2008 жылғыдан 126,7 млн. теңгеге көп.

Ақтөбе қаласы айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатында 4,7 млрд. теңге инвестицияланды.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бойынша 18 нысан салынды, оның етті өңдеу және ет өнімін өндіретіні — 8 нысан, сүт және сүт өнімін — 3 нысан, дәнді-дақылды өңдеу,  нан және макарон бұйымдарын өндіру — 4 нысан.

Жылына 3200 тонна  шошқа етін өндіретін Бестамақ мал шаруашылығы кешенінің 1 кезегі пайдалануға берілді.

«Көктас-Ақтөбе» АҚ «Рамазан» және «Аққұс» ЖШС құс фабрикаларын жаңғырту және реконструкциялау аяқталды. Бұл жұмыртқа өндірісінің көлемін 1,5 есе ұлғайтуға және 2012 жылға  жылына 2500 тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді.

Осы нысандар жобалық қуатына енген кезде жұмыртқа, құс еті және шошқа етіне импортты қысқартады, жеке өндіріс есебінен облыс тұрғындарының қажеттілігі қанағаттандырылады.

«Ақтөбе қаласының азық-түлік белдеуі» бағдарламасын дамыту ауқымында ауыл шаруашылығында кластерлерді дамыту бойынша  жұмыс жүргізіледі.

Бүгінгі күні облыста бес кластер жұмыс жасайды: дәнді дақыл кластері 440 шаруашылық субъектісін; ет кластері – 109 субъектіні; сүт кластері – 52 субъектіні; көкөніс кластері – 162 субъектіні;  өсімдік майы кластері – 36 субъектіні біріктіреді. 2009 жылдың 29 тамызында ауыл шаруашылығы басқармасы көшбасшы кәсіпорындар өкілдерімен бірге кластерлердің тұсаукесерін өткізді.

Азық-түлік белдеуінің кластері

Өндірілген өнім

Басымды бағыттардың бірі есебінде дәнді дақыл өндірісін дамытуды қолдау сақталуда, оған 3,1 млрд. теңгеден артық қаражат бағытталды. Олардың жанар-жағармай, тұқым және минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға – 532,8 млн. теңге.

Бұдан басқа дизельдік отын құнын 50%-ға арзандату үшін 200,0 млн. теңге бөлінді, астық жиналғаннан кейін оның арзандатылған сомасы қайтарылады.

Жүргізілген жұмыс көктемгі егіс науқанын ұйымшылдықпен және оңтайлы мерзімде өткізуге мүмкіндік берді. Дәнді дақылдар егісі 90,8 мың га. өсті. Ылғал-ресурс сақтайтын технологияны енгізу алаңы 7,9% ұлғайды және 384,6 мың га құрады.

Өкінішке орай, қары аз қыс және өну кезіндегі жауын-шашынның болмауы ауыл шаруашылық дақылдарының дамуына кері әсерін  тигізді – бірқатар шаруашылықтарда егіс қурап кетті. Негізінен, Қобда ауданының шаруашылықтарында егіс қурап кетті,  мұнда 71,2%  есептен шығарылды, Мұғалжар, Әйтеке би, Алға, Мәртөк және Темір аудандарында,  Ақтөбе қаласының елді мекендерінде 32,0-ден 20,0% дейін дәнді дақыл есептен шығарылған.

Жиналған алаңнан орташа 7,3 центнерден алынды, 435,1 мың тонна дән (бункерлік салмақта) бастырылды. Қарғалы (11,3 ц/га) және Хромтау (9,7 ц/га) аудандарының ауыл шаруашылық құрамаларында дәнді дақылдардан жақсы астық алынды.

Аудандар

өнімділігі, ц/га

Әйтеке би 6,0
Алға 5,0
Қарғалы 11,3
Қобда 2,9
Мәртөк 6,3
Мұғалжар 5,4
Темір 3,7
Ойыл
Хромтау 9,7
Ақтөбе 6,7
Барлығы 7,3

Осы жылдың егісі үшін азық-түлік дәні мен тұқымына  облыс тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін жиналған дән жеткілікті.

Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру ауқымында 19,9 мың га майлы дақыл егілді,  6,0 мың тонна майлы дақыл жиналды.

Картоп және көкөніс өндірісінің көлемін ұлғайту бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілді. Осы дақылдарды өсіру алаңы 893,2 гектарға өсті, тамшылатып суару 195 гектарға қолданылды, бұл 2008 жылғыдан 2,4 есеге көп.

Нәтижесінде, картоп өндірісінің көлемі 25,9% өсті және 94,9 мың тоннаны құрады, көкөніс пен бақша дақылдары – 41,3% немесе 76,0 мың тонна өндірілді.

Мал шаруашылығын дамытудың оң динамикасы сақталуда, оны қолдауға 3,6 млрд. теңге бағытталды. Орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын қалыптастыру процесін ынталандыру, оны өнеркәсіптік негізге көшіру мақсатында мал шаруашылығы  өнімін және өнімділігін арттыруды субсидиялау жөніндегі  бюджеттік бағдарлама іске асырылуда, ол арқылы 309,3 млн. теңге субсидия төленді.

Оның ет сиырын өндіру және іске асыруға – 83,6 млн. теңге, шошқа еті – 4,3 млн. теңге, құс еті – 36,3 млн. теңге, сүт – 28,2 млн. теңге және жұмыртқа – 156,9 млн. теңге.

Өткен жылы орта  және ірі мал шаруашылығы өндірістерінің саны 10 бірлікке ұлғайды және осындай 101 ауыл шаруашылық құрылымын құрады.

Жүргізілген жұмыс ет өндірісінің көлемін 6,2%-ға (102,2 мың тонна), сүт – 3,0%-ға (309,6 мың тонна), жұмыртқа өндіруді – 6,4%-ға (146,4 млн. дана), жүн өндіруді – 6,7%-ға (2094,5 тонна) ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Құс пен малдың барлық түрінің саны 2,3-тен 15,6%-ға дейін өсімі қамтамасыз етілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауыл шаруашылығы өндірісін мақсатты бағытталған әртараптандыру нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін төмендетуге жол берілмеді – 61,3 млрд. теңгеге өнім өндірілді немесе  2008 жылғы деңгейге шаққанда – 100,1%.

Өткен жылы ауылда 1183 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 0,5%-ға төмендеді  және 5,9%-ға құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы жақсарды. Соңғы үш жылда осы саланы дамытуға 3,9 млрд. теңге инвестицияланды.  Тамақ өнімдері өндірісінің нақты өсімі 10,9% қамтамасыз етті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн. теңге

Тұрғындарды  азық-түлікпен қамтамасыз ету

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша айтылған тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, дамудың стратегиялық бағыттары есебінде 2010 жылға арналған мынадай міндеттер анықталды:

Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру, еңбек өнімділігін арттыратын және ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы өндіріс технологиясын енгізетін ірі агроөнеркәсіптік құрылымдарды құру. Осыған байланысты, Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді 2010 жылдың
1 шілдесіне дейін пайдалануға беруді қамтамасыз етуі қажет, олар — «Айс» сүтті тауарлы фермасы, Бестамақ мал шаруашылығы кешені, «Izet Greenhouse» ЖШС жылыжайы және өңірлік сипаттағы бірқатар басқа да объектілер. Оларда әлемдік тәжірибені пайдалану есебінен жаңа технологиялар қолданылатын  болады.

Жеке өндіріс көлемін өсіру, негізгі азық-түліктің импорттық үлесін төмендету есебінен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол үшін:

Ақтөбе қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру бойынша жұмысты жалғастыру және биылғы жылы негізгі азық-түлік өнімдерінің қажеттілігі  кемінде 80%-ға жеке өндіріс есебінен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу;

«Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасын және «Рамазан» ЖШС құрылысын аяқтау және жобалық қуатына шығаруға ықпал ету,  сондай-ақ «ҚазАгро»НУХ» АҚ және басқа да қаржылық-коммерциялық ұйымдармен  бірлесіп, жаңа инновациялық жобаларды іздеу және әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру;

Дәнді дақыл өндірісінде қазіргі заманғы өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникасын алу, өсімдіктерді қорғауда минералды тыңайтқыштарды және химиялық құралдарды қолдану көлемін ұлғайту есебінен дәнді дақыл өндірісінде ылғал-ресурс сақтайтын технологияны игеруге  ықпал ету;

Көкөніс  шаруашылығында Қарғалы  және  Ақтөбе  су  қоймалары  негізінде  суармалы  жер  алқабын  кеңейту  мүмкіндігін  ұтымды  пайдалану, картоп  және  көкөніс  өнімдерін  өндіруге  маманданған ауыл  шаруашылығы  құрылымдарын  құруды  жан-жақты  қолдау.  Суландыруда пайдаланылатын қазіргі заманғы технологиялар үшін техника және жабдықты сатып алу үшін қажетті кредиттік ресурстарын бөлу;

Мал  шаруашылығында асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  қолдауға,  мал  өнімін  арттырып, сапасын  көтеруге,  жемшөп  қорын  нығайтуға  қолдау  жасалатын  бюджеттік  бағдарлама  есебінен  орта  және  ірі  мал  шаруашылығы  өндірісін  дамытуды   одан  әрі    жалғастыру;

Майлы  ет  өндіретін  қой  және  жылқы  шаруашылықтарын  дамыту  үшін  табиғи-климаттық  ерекшеліктерді  ұтымды  пайдалану  мақсатында  осы  салаға  несиелік  ресурстарды  бөлуге  басымдылық  беру.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде  ұсақ тауарлықтан өту,  ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өңдеуді дайындау және қызмет көрсету жүйесін құру. Осы мақсатпен аудандар әкімдері коммерциялық және қаржылық құрылымдармен бірлесіп, әрбір  ауданда кемінде бір ірі сервистік-дайындау  орталығын  және   кемінде  екі тұтыну  кооперативтерін  (бірлестіктерін)  ұйымдастыру, олардың атқарымдық  тетіктерін  әзірлеу, бұған 697,9 млн. бөлінді;

ҚР «Ветеринария туралы» Заңын орындау және ветеринарлық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қолдау мақсатында жергілікті атқарушы билік органдарында ветеринарлық ұйымдардың қажетті құрылымдарын құру және 100,0 млн. теңге бөліп, мал соятын объектілерді салу мәселесін шешу.

Ауыл шаруашылығы өндірісін білікті жұмысшы кадрлармен,  мамандармен  қамтамасыз  етуге,  ауылға  жастарды   тартуға  ерекше  назар  аудару, бұл үшін Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжіне ауыл кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайту, қазіргі заманғы оқу-өндірістік базаны құру үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету, осымен қатар, жоғарғы білікті мамандарды – жабық топырақта жұмыс жасайтын агрономдарды, қазіргі заманғы озық технологияларды игеруге икемді ветеринар қызметшілері мен механизаторларын даярлауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Жер ресурстары

Облыстың жер қоры 30062,9 мың га құрайды.

2009 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2008 жылмен салыстырғанда 21,5 мың га өсті.

Жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінің саны  2764 бірлікке артты.

2010 жылғы 1 қаңтарға көлемі 4480,9 мың га немесе 60,4% ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде 4657 шаруа қожалығы, көлемі 2399,4 мың га немесе 32,4% жерде 256 ЖШС мен АҚ, көлемі 214,5 мың га немесе 2,9% жерде 51 ӨК және көлемі 259,1 мың га немесе 3,5% жерде жеке шаруалар мен жеке тұлғалар жұмыс істейді. Мемлекеттік заңды тұлғалар жерлері 58,5 мың га немесе 0,8% құрайды.

Өз еркімен бірігу есебінен ірілену, сондай-ақ жерді пайдалануға бақылауды күшейту жөніндегі алынған шаралар нәтижесінде шаруа қожалықтарының саны 214 бірлікке азайып, көлемі 25,2 мың га көбейді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде егістік жерлердің көлемі  ұлғайды және көпжылдық шөпті есептегенде 984,4 мың га құрайды.

Жерді пайдалануды бақылау жөнінде қабылданған шаралар нәтижесінде 125 ауыл шаруашылық субъектілерінің көлемі 58,5 тыс га жер учаскелері, оның ішінде 20,7 мың га тыңайған жерлер мемлекетке қайтарылды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы бекітілген көлемі 322,2 мың га, оның ішінде 68,1 мың га тыңайған жерлері бар 505 шаруа қожалығы мен агроқұрылымдар ескертілді және нысаналы мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланбағаны үшін иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

Өткен жылы жер заңнамасына сәйкес жерге орналастыру жобалары қаралды және әзірленді, жеке және заңды тұлғалардың 7574 өтініштері бойынша жер учаскелеріне құқықтар беру туралы жергілікті атқарушы органдар шешімдер дайындап, қабылдады.

Жер қойнауын пайдалану мақсаты, мұнай құбырлары мен мұнай және газ өңдеу объектілері құрылысы үшін жер пайдалану құқықтарын беру жөнінде облыстық әкімдіктің 106 қаулысы қабылданды.

Сомасы 2460,4 мың теңгеге көлемі 4566,0 га жерге берілген уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы үшін жер қойнауын пайдаланушылармен жалдау шарты жасалынды.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға берілген жер учаскелері үшін өтеуге жататын ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары 106,0 млн. теңге сомасында бекітілді.

2009 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 1392 жер учаскелері бөлінді, бұл өткен жылғы деңгейде.

Өткен жыл ішінде сату, жалдау және жер салығынан облыс бюджетіне 1,1 млрд.теңге түсті.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі Бағдарламаға сәйкес 2007-2009 жылдары облыстық бюджеттен 125,0 млн.теңге және аудандық бюджеттерден 163,1 млн.теңге бөлініп, игерілді. Осы қаржыдан облыстың селолық округтерінің кадастрлық карталары жаңаланды, Мәртөк, Қобда, Мұғалжар аудандарында жалпы көлемі 200,3 мың га жергілікті маңыздағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекаралары анықталды; көлемі 296,0 мың га Ырғыз-Торғай табиғи резерватының шекаралары белгіленді; Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк және Хромтау аудандарында жалпы көлемі 547,6 мың га тозған жерлер шекаралары анықталды; көлемі 36 шаршы км. жерге топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізілді.

2009 жылы 18,1 млн.теңгеге Темір, Мұғалжар аудандарында көлемі 677,1 мың га бүлінген жерлерді түгендеу, көлемі 4470 га жерге Ақтөбе қаласы елді мекендерінің аумағына топографиялық түсірілім жүргізілді.

Ауылдық жерлерді дамыту Бағдарламасы аясында облыс аудандарында бөлінген қаржы игеріліп, 298 шаруашылық-жерге орналастыру жобалары әзірленді және 16 ірі елді мекендер жерлерінің шекаралары белгіленді.

Нәтижесінде елді мекендер жерлері 981,1 мың га өсіп, 3742,8 мың га жетті, бұл жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға қолайлы жағдайлар жасады.

Ақтөбе облысы бойынша өңіраралық жер инспекциясы 2009 жылы 931 тексеру жүргізіп, көлемі 51393,2 га жерде 258 жер заңнамасы нормаларының бұзылғанын анықтады. Анықталған норма бұзушылықтар бойынша 21,3 млн. теңге сомасында айыппұл салынды, өндіріп алу – 94,3%. Сот органдарына 24 іс тапсырылды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мемлекеттік шекараны межелеу бойынша  белгіленген жұмыс жүргізілді.

2010 жылға арналған міндеттер

облыстың 40 елді мекенінде олардың шекараларын белгілей отырып, шаруашылық-жерге орналастыру жоспарларын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын аяқтау;

облыс аудандарындағы ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екіншісіне аудару жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

Мұғалжар және Темір аудандарындағы бүлінген жерлерге түгендеуді жүргізу жұмыстарын жалғастыру;

толық жобалау жоспарын әзірлегеннен кейін және аумақты жайластыру жұмыстарынан соң жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуді тәжірибеге енгізу;

жерді тиімді пайдалануға және қорғауға бақылауды күшейту;

облыстың елді мекендерінде қатты-тұрмыстық қалдықтарды сақтау үшін жер учаскелерін бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

суарылатын және жайылма жерлерге түгендеу жүргізу және айналымға тарту жөнінде шаралар алу.

Инвестициялық саясат

Соңғы жылдары негізгі капиталға тартылған инвестицияның  тұрақты өсу тенденциясы сақталуда.

2009 жылдың қорытындысы бойынша облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 307,2 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылғы деңгейге 102,7%.

Қаржылық дағдарыс шетел инвестицияларының көлемін азайтуға әсер етті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 54% төмендеді.

Негізгі капиталға тартылған кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың жеке қаражаттары 18%-ға өсті.

Бюджеттік қаражаттарды дамытуға тартылғандардың өскенін айта кету қажет, оның республикалық бюджет қаражаттары 66%-ға, жергілікті  бюджет 62%-ға ұлғайды.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008ж.

2009 ж.

Негізгі капиталға инвестициялары, млн. теңге – барлығы

184 131

187 090

225 176

287 212

307 212

Республикалық бюджет

қаражаттары

20 165

9 797

13 972

20 253

33 639

Жергілікті бюджет қаражаттары

2 750

5 804

7 337

12 861

20 841

Шетел инвесторларының қаражаттары

25 019

20 925

13 463

51 216

39 052

Кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындар қаражаттары

136 197

133 012

149 593

159 807

188 341

Басқа да займдық қаражаттары

17 552

40 811

43 075

25 339

2009 жылы Ақтөбе облысының Инвестициялық бағдарламасы әзірленді, оған сәйкес 222 инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу жоспарланды. Жыл қорытындысы бойынша 237 жобаны іске асыру аяқталды, олардың жалпы құны 262,0  млрд. теңгені құрады және 11,5 мың жұмыс орны құрылды.

2009 жылғы облыстың Инвестициялық бағдарламасын іске асыру көрсеткіштері

№ п/п

Сала атауы

Жоба саны

Инвестиция көлемі, млн. АҚШ доллары

Жұмыс орындарының саны

1

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы ауқымындағы нақты сектор

54

1555,3

6578

2

Сауда және басқа да инфрақұрылым

9

37,7

1120

3

Әлеуметтік сала

174

151,0

3774

3.1.

Денсаулық сақтау

21

22,9

619

оның ішінде емханалар

2

16,8

446

Дәрігерлік амбулаториялар

4

1,0

12

Медициналық пунктер

10

0,6

6

басқалары

5

4,5

155

3.2.

Білім беру

63

29,7

1019

о.і.  мектептер

8

23,8

262

Балалардың мектепке дейінгі мекемелері

53

2,6

732

басқалары

2

3,4

25

3.3.

Сумен жабдықтау, кәріз

14

17,9

1461

3.4.

Жол инфрақұрылымы

6

6,9

15

3.5.

Тұрғын үй

7

16,4

10

3.6.

Жылуэнергетикалық  жүйе

35

39,3

346

3.7.

Мәдениет және спорт

24

15,0

267

3.8.

Басқа да әлеуметтік объектілер

4

2,8

37

БАРЛЫҒЫ

237

1744,0

11472

Инвестициялық бағдарламаға сәйкес  облыстың әлеуметтік саласында жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгеге 174 инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды, 3,8 мың жұмыс орны құрылды.

Денсаулық сақтау саласында Ақтөбе қаласында Әуежай және Тұрғындар қалашығында 500 қабылдауды жүзеге асыратын 2 қалалық емхана пайдалануға берілді, «ИнтерТичАқтөбе» ЖШС жеке қаражаты есебінен медициналық орталық іске қосылды,  ауылдық елді мекендерде 4 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында және Қобда ауданының Егіндібұлақ ауылында енгізілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 медициналық пункттің құрылысы аяқталды немесе облыстың 14 елді мекенінің, сондай-ақ облыс орталығының екі шағын ауданының тұрғындары  бастапқы медиктік-санитарлық көмек объектілерімен қамтамасыз етілді.

Білім беру саласында жалпы саны 2558 оқушы орнымен 8 орта мектеп құрылысы аяқталды,  осының есебінен Хромтау қаласында оқушылық орын тапшылығы мәселесі шешілді,  қалған 7 мектеп апаттық мектептерді алмастыруға бағытталды. 53 балабақша және шағын орталықтар ашылды, оның ішінде жаңа құрылыс есебінен 455 орындық 4 балабақша пайдалануға енгізілді, бұл мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орындар тапшылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетіне  2 оқу корпусы қатар қосылды.

Сумен жабдықтау және кәріз объектілерін реконструкциялау бойынша 14 жоба іске асырылды. 181,6 км. суқұбырлар желісін реконструкциялау және салу бойынша жұмыстар аяқталды, нәтижесінде  сапалы ауыз сумен 61 мыңнан аса адам қамтамасыз етілді.

Жыл қорытындысы бойынша жалдамалы үй, Ақтөбе қаласындағы көп пәтерлі үй және облыс аудандарында 72 үй, кредиттік тұрғын үй – 145 пәтер,  Ақтөбе және Алға қаласындағы коммуналдық көп пәтерлі тұрғын үй, Хромтау қаласында тұрғын үй (60 пәтер) құрылысы аяқталды.

Жол инфрақұрылымының 6 объектісі құрылысы және реконструкциялау аяқталды.  Ырғыз ауданының Ырғыз-Нұра автожолындағы Ырғыз өзені арқылы өтетін көпір, Ақтөбе қаласының Сазды өзені арқылы өтетін көпір салынды,  Ақтөбе қаласының көшелеріне реконструкциялау жүргізілді.

2009 жылы 6 елді мекен газдандырылды және 15 мыңға жуық адам газбен қамтамасыз етілді. Ақтөбе қаласының жылу желілері және «Шағала» шипажайының қазандығына реконструкциялау жүргізілді,  Ақтөбе қаласының жаңа құрылыстарын электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді,  жаңа тұрғын үйлерге инженерлік желілер салынды. Ақтөбе қаласының Нокин ауылында жылыжай кешені инженерлік желілермен қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениет және спорт объектілері енгізілді:

№2 ОБЖСМ жасанды футбол алаңы, 4 жабық және 6 ашық корттарымен теннис орталығы, 2 спорт кешені оның ішінде «Олимпиадалық резерв» СК» ЖШС жеке қаражаты есебінен Ақтөбе қаласында  және облыстық бюджеттен Ойыл ауданының Ойыл ауылында спорт кешені салынды.

Ақтөбе қаласында Достық үйі, облыстық ғылыми әмбебап үлгі кітапханасы және 12-шағын ауданында жасыл көшеттерімен бульвар пайдалануға берілді. Облыстың ауылдық елді мекендерінде 7 клуб және 8 кітапхана ашылды.

Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығы,  Ақтөбе теңізі жағалауында суда құтқару станциясы,  Алға ауданының Алға қаласында әкімшілік ғимарат және  Шалқар ауданының Шалқар қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды көметін полигон пайдалануға берілді.

2010 жылға арналған міндеттер

Экономиканың басымды салалары: тұрғын үй құрылысы,   агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ экономиканы әртараптандыруға бағытталған жобаларды іске асыруға инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту бойынша жұмысты жалғастыру;

Бюджеттік инвестицияларды пайдалану тиімділігін арттыру.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй саясатының басты мақсаты — халыққа тұрғын үйді сатып алуға және салу үшін  алдыңғы қатарлы несие алу жүйесіне көшуге жағдайлар жасау.

Осыған байланысты тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттары – тұрғын үйлерге несие беру мерзімдерін ұлғайту, тұрғын үй құнын, алғашқы жарна және сыйақы мөлшерлемесін төмендету жолымен халықтың қалың жігі үшін қолжетімді тұрғын үйлер құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету.

Бағдарлама аясында пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйлер көлемінің өсу қарқыны байқалып отыр. 2005-2007 жылдар ішінде облыстың 10279 отбасы жайлы пәтермен қамтамасыз етілді.

Тұрғын үйді пайдалануға беру, мың шаршы м.

2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының  Мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жоспарлық көлемі 1002,0 мың ш/метрді құрайды.

2009 жылға арналған тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 300,5 мың ш/метрді құрайды. Нақты пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 382,3 мың ш/метр, бұл жоспардың 127,2 пайызын және 2008 жылдың сәйкес кезеңіне 103,3 пайызды құрайды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінен:

— 38,9 мың ш/метр  облыстың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік несиелерін қайта пайдалану және қайтарымды негізде республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын несиелік тұрғын үйлер;

— 11,8 мың ш/метр — республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер;

— 12,5 мың ш/метр — жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен коммуналдық тұрғын үйлер;

— 171,9 мың ш/метр — жеке тұрғын үйлер;

— 147,2 мың ш/метр — коммерциялық тұрғын үйлер.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі облыстың 3397 отбасын жайлы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлерді қаржыландыру үшін 2009 жылы республикалық бюджеттен 1082,0 млн. теңге бөлінді, бұл қаражаттар толығымен игерілді.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және реконструкциялауға 1586,0 млн. теңге бөлінді, қаражаттар толығымен игерілді.

Аталған қаражаттарға  Ақтөбе қаласында жалпы ұзындығы 233,12 км құрайтын жаңа инженерлік желілер тартылды және қолда бар желілер қайта жаңғыртылды, оның ішінде: сумен жабдықтау желілері — 5,36 км., электр қуатымен жабдықтау желілері — 217,8 км., кәріз желілері — 3,8 км., жылумен жабдықтау желілері — 6,16 км.

Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақтарының орасан әлеуеті есебінен тұрғын үй құрылысын дамыту саясаты жетілдірілетін болады. Мұнда азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, мемлекет және құрылыс компанияларының тең құқықтық әріптестік принципі пайдаланылатын болады.

Бұл дегеніміз, азаматтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы тұрғын үй құнының бір бөлігін жинақтайды және арзан ипотекалық кредит алуға мүмкіндік алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі азаматтардың тұрғын үй бойынша таңдауларын қалыптастырады және  тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға дайын екінші деңгейлі банкілер мен құрылыс инвесторларын іздеуді жүзеге асырады, нәтижесінде тапсырыс беруші қызметін атқарады.

Жергілікті атқарушы органдар мемлекет атынан жер учаскелерін бөлуді және инженерлік коммуникацияларды тартуды қамтамасыз етеді.

Осылайша, тұрғындар өз үйін салуға қатысуға тең құқығы бар. Нәтижесінде, төлем қабілеттілігі бар сұраныс және бақылаудағы құрылыс қамтамасыз етіледі.

2010 жылға арналған міндеттер

346,4 мың ш/метр тұрғын үйлерді пайдалануға беру, оның ішінде:

Тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасы ауқымында — 331,4 мың ш/метр;

«Нұрлы-Көш» Мемлекеттік бағдарламасы ауқымында — Хромтау ауданында 15,0 мың ш/метр.

тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 1436,8 млн. теңгені тиімді пайдалану.

Бюджет

2009 жылы фискалдық саясат облыс экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге  және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджетке түскен салық пен басқа да төлемдер болжамы 106,1% орындалды және 57,3 млрд. теңгені құрады.

Бюджеттік төлемдердің болжамын орындауға Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы ауқымында жаңа өндірістік объектілерді  енгізу, шағын және орта кәсіпкерлікті тұрақты дамыту және салық төлемдерінің алымдарын әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылданған тиімді шаралары ықпал етті.

2009 жылы облыс бюджетінің шығыс бөлігі 99,5% орындалды.

Облыс бюджетінің шығыстары 2008 жылмен салыстырғанда 16,3% ұлғайды және 103,3 млрд. теңгені құрады. Шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік саланы қаржыландыруға (58,2%), көлік инфрақұрылымын дамытуға (7,8%) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (17,2%) бағытталды.

Негізгі бағыттар бойынша бюджет шығыстары

мың теңге

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

ШЫҒЫСТАР

Білім беру

Денсаулық сақтау

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Мәдениет, спорт, туризм және

ақпараттық кеңістік

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Көлік және коммуникация

Басқалары

88 824 704

26 652 811

14 977 976

2 542 686

14 086 866

6 212 629

3 700 405

7 412 149

13 239182

103 302 602

32 146 895

18 354 121

3 649 749

17 794 741

7 360 389

4 827 327

8 011 860

11 157 520

Облыста нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша белгіленген жұмыс жүргізілді, оның ауқымында 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлері әзірленді, жергілікті мемлекеттік органдармен стратегиялық жоспарларды құру жөніндегі жұмысы ұйымдастырылды.

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес стипендия мен бюджет саласының қызметкерлері жалақысының 25% өсуі 2010 жылдың сәуірінен бастап жүзеге асырылады.

2010 жылға арналған міндеттер

Нәтижеге бағдарланған, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыру;

қатаң үнемдеу және жергілікті бюджет шығыстарын оңтайландыру,  бюджеттік қаражаттарды пайдалануда мониторинг жүргізу арқылы бюджеттің барлық шығыстары бойынша  қатаң қаржылық тәртіпті  қамтамасыз ету.

Коммуникациялық инфрақұрылым

Тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі коммуналдық шаруашылықтың сапалы дамуына жетуде, бұл үшін жыл сайын су, электр, жылу, газбен жабдықтау объектілерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға елеулі қаражаттар бөлінуде.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес 2010 жылы Жол картасы ауқымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторының объектілерін реконструкциялау жалғастырылады, ал 2011 жылы 2020 жылға дейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын көлемді жаңғырту жоспары әзірленді.

тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарын төмендету және ресурс сақтайтын технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Сумен жабдықтау

Елді мекендердің сумен жабдықтау мәселесін шешу үшін 2009 жылы «Ауыз су» бағдарламасы ауқымында облыста сомасы 1708,8 млн. теңгеге 14 сумен жабдықтау объектісі қаржыландырылды. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 12 объект және жергілікті бюджет есебінен 2 объект. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыруға  республикалық бюджеттен 1574,3 млн. теңге бөлінді,  2010 жылдың 1 қаңтарында 1438,7 млн. теңге игерілді немесе 91,4%. Облыстық бюджеттен 134,5 млн. теңге, оның 1 қаңтарда 131,2 млн. теңгесі игерілді немесе 98,0%.

Облыстың 10 елді мекенінде 181,6 км. суқұбырлық желілерін реконструкциялау және салу жұмыстары аяқталды, нәтижесінде 61,0 мыңнан артық адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе қаласының Новостепановка ауылында, Қарғалы ауданының  Бадамша, Әлімбет, Херсон ауылдарында, Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында, Хромтау ауданының Абай ауылында, Шалқар ауданының Қаратоғай, Бозой ауылдарында және Мұғалжар ауданының Қандыағаш және Алға ауданының Алға  қалаларында суқұбырлық желілері қалпына келтірілді.

Әйтеке би ауданының «Әйке-Тереңсай» топтық суқұбырын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды.

Шалқар ауданының Ақкеспе ауылында скважинаны бұрғылаудан кейін тасымалды суды  пайдаланатын елді мекендердің  саны 6-ға дейін қысқарды.

«Жол картасы» бағдарламасы ауқымында Ақтөбе қаласы бойынша 43,5 км. суқұбырлары желісі алмастырылды.

2010 жылы 20 жаңа жобаны іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық қаржыландыру көздерінен 2,0 млрд. теңгені бөлу жоспарланған, бұл 2009 жылғы деңгейге 117,7% құрайды.

Сумен жабдықтау объектілерін қаржыландыру, млн. теңге

2010 жылға арналған міндеттер

Ырғыз ауданындағы Ырғыз-Тельман-Коминтерн ауылдарында, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ, Ойыл ауданының Саралжын ауылдарында және Мұғалжар ауданының Ембі қаласында сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және  салу бойынша жұмыстарды аяқтау;

Әйтеке би ауданының Әйке-Тереңсай ауылында, Алға ауданының Тамды, Бестамақ, Богословка ауылдарында, Қобда ауданының Өтек, Қызылжар, Ақырап Егіндібұлақ, Бегалы ауылдарында, Байғанин  ауданының Дияр ауылында, Хромтау ауданының Тассай, Құдықсай, Ақжар ауылдарында, Қарғалы ауданының Мамыт, Ш.Қалдаяқов, Петропавловка, Степное, Григорьевка ауылдарында,  Ойыл ауданының Қаратал, Көптоғай ауылдарында, Мұғалжар ауданының Жұрын ауылында, Мәртөк ауданының Хлебодаровка ауылында,  Шалқар ауданының Бегімбет ауылында  сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау бойынша жұмыстар басталды.

Электр қуаты және телефондандыру

Облыстың елді мекендерін электрлендіру бойынша жұмысы 2007 жылы толығымен аяқталды.

Облыс «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» өңіраралық электрөткізгіш желісін пайдалануға енгізгеннен кейін электр қуатына деген тәуелсіздігін алды.

Облыстың электр қуатын дамытудың 2006-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру  ауқымында энергетикалық қуаттарды бұдан әрі дамыту қамтамасыз етілуде.

2009 жылы қуаты 45 МВт (ГТЭС-45) газтурбиналық электр станциясы құрылысы аяқталды,  объектінің сметалық құны 4,1 млрд. теңге. Қуаты 45 МВт газтурбиналық электр станциясы әрбіреуі 15 МВт болатын үш газтурбиналық қондырғыларымен 3-ші Жаңажол газөңдеу зауытын  электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Жұмыс жасап тұрған, қуаты 56 МВт, Жаңажол газтурбиналық электр станциясының қуаты 110 МВт дейін ұлғайтылады.

Қуаттардың бірінші кезегі 2010 жылдың ақпанында 32 МВт, ал екінші кезегі маусымда 16 МВт енгізіледі. Жобаның жалпы құны 3 млрд. 978 млн. теңге, бүгінгі күні 2 млрд. 803 млн. теңге игерілді.

«Қандыағаш ГТЭС» АҚ ГТЭС-127 МВт құрылысы жобасын іске  асыру инфрақұрылымдық облигацияларды   шығару арқылы мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдалану көзделуде. Құрылыс жобасының шамамен құны – 178 млн. АҚШ доллары.

«Энергожүйе» ЖШС жеке қаражаттары есебінен энергоинфрақұрылымын реконструкциялау және қайта жарақтаудың инвестициялық бағдарламасын, сондай-ақ облыстың энергиялық кәсіпорындарында АСКУЭ жүйесін енгізуді орындауда. «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ энергиялық жабдықты реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты облыста электр энергиясын тұтыну өсуде. Жыл сайын орташа есеппен электр тұтынудың өсуі 3-8% құрайды. Ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесінде  облыстың электр энергиясын тұтынушыларды қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді.

2008 жылы ауылдық елді мекендерді телефондандыру толығымен аяқталды.

2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ Ақтөбе ОТД облыстың аудандарында телефон байланысын жақсарту мақсатында 10 елді мекенде спутниктік жүйені орнату арқылы көліктік ортаға жаңғырту жүргізілді,  5 ауылдық АТС –ті сандық АТС-ке алмастырылды; 3 елді мекенде 30 нөмірге тығыздау сандық аппаратурасы орнатылды. Қолжетімді қызметтерді ұсыну үшін 7 АЕМ ПД тораптары ұйымдастырылды. Облыстың 4 аудандық орталығында жұмыс жасап тұрған ПД тораптарының порттың сыйымдылығын 480 портқа кеңейту жүргізілді, 11 АЕМ 11 БС СDМА-450  орнатылды және пайдалануға енгізілді. «Қандыағаш-Жұрын» және «Қандыағаш-Саға» учаскелерінде ВОЛС құрылысы жүргізілді.

Ақтөбе қаласында байланыс объектілерін жаңғырту жұмыстары жалғастырылды: мультисериялық қолжетімділікті (МСД) 6720 абоненттік порт және 4896 ADSL порттарына кеңейту бойынша іс-шаралары орындалды; 4272 ADSL порттарына кең жолақты абоненттердің порт сыйымдылығын кеңейту жүргізілді; байланыстың әр түрлілігін және сапасын жақсартатын бірқатар қызметтер енгізілді.

2010 жылға арналған міндеттер

Жаңажол газтурбиналық электр станциясының қуатын 56-дан 110 МВт-ға дейін ұлғайту;

Қандыағаш қаласында 100 МВт ГТЭС құрылысы бойынша жобасын іске асыру;

Ауылдық елді мекендердің телефон желілерін жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру.

Газдандыру

Облыста елді мекендерді газдандыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде.

2009 жылы сомасы 210 млн. теңгеге республикалық бюджеттен Байғанин ауданының Қарауылкелді, Қобда ауданының Қобда және Алға ауданының Тамды-Павловка-Қайнар елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен  Шалқар ауданының Аққайтым, Хромтау ауданының Сарысай,  Ақтөбе қаласының Кірпішті тұрғын үй алабы, Ақшат және Красносельское,  жетім балар үшін Алға облыстық мектеп интернатының еңбек және жазғы демалыс лагеріне газ жеткізу құбырларын тарту аяқталды,  оған  763,4 млн. теңге пайдаланылды. Байғанин ауданының Қарауылкелді,  Алға ауданының Тамды, Павловка, Қайнар ауылдарында кварталішілік газ бөлу желілерін салуға ТЭН, Қарғалы ауданының Петропавловка, Ш.Қалдаяқов ауылдарына және Ақтөбе қаласының Шилісай ауылына газ жеткізу құбырын және кварталішілік желілерді салуға ЖСҚ әзірленді.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде есепті жылы 14549 адам газбен қамтамасыз етілді.

2010 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен Алға ауданының Тамды-Павловка-Қайнар ауылдарына газқұбыры құрылысын аяқтауды, сондай-ақ  Байғанин және Қобда аудандарында газқұбырларын салуды жалғастыруды жоспарлауда. Осы үш объекті бойынша 2010 жылы 2320,0 млн. теңге бөлінді.

2010 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен  Мұғалжар ауданының Ембі қаласын,  Қарғалы ауданының Петропавловка, Алға ауданының Тамды, Павловка, Қайнар және Ақтөбе қаласының Шилісай ауылын газдандыру (ауылішілік газқұбырлары), Байғанин ауданының Қарауылкелді, Мұғалжар ауданының Жұрын,  Алға ауданының Шибаевка ауылдарын газдандыру бойынша жобалау құжаттамаларын әзірлеу жоспарлануда.

Газбен жабдықтау объектілерін қаржыландыру, млн. теңге

2010 жылға арналған міндеттер

Мұғалжар ауданының Ембі қаласын,  Қарғалы ауданының Петропавловка ауылын, Алға ауданының Тамды, Павловка, Қайнар ауылдарын және Ақтөбе қаласының Шилісай ауылын газдандыру;

Байғанин ауданының Байғанин және Қобда ауданының Қобда ауылдарына газқұбырларын тартуды жалғастыру.

Автомобиль жолдары

Облыс экономикасының дамуы  инфрақұрылымдық кешен жағдайына да тәуелді. Облыстың  елді мекендерін дамыту үшін, ең маңыздысы,  облыстық және аудандық орталықтарды байланыстыратын автомобиль жолдарының жақсы техникалық жағдайы.

Облыстың жалпы пайдаланымдағы автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 6084,7 км. құрайды, оның 1864 км. республикалық маңызы бар жолдарын, 1098,5 км. облыстық маңызы бар жолдарын, 3122,2 км. аудандық маңызы бар жолдарын құрайды.

2009 жылы республикалық маңызы бар жолдарды дамыту және жөндеуге 6579,1 млн. теңге игерілді.

2007 жылы Қарабұтақ-Ырғыз учаскесіне  реконструкциялау басталды және жалғастырылуда, 2009 жылы барлығы 5179,0 млн. теңге игерілді. 2008-2009 жылдарда  көлік жүруі үшін 1025-1132 км. учаскесінде реконструкцияланған жолдың 51 км. ашылды. 1132-1240 км. жол жабындысының  37 км төменгі қабаты, 6 км. үстіңгі қабаты салынды. Көлік жүруі үшін  Ырғыз өзені арқылы өтетін ұзындығы 197 м. көпір ашылды.

Ақтөбе – Орал автожолының, Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы (Орынбор қаласына) учаскесінің 0-102 км. және Самара – Шымкент автожолының 630-390 км. учаскесін жоспарлы реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 73-103 км. учаскесінде, барлығы 30 км. орташа  жөндеу жүргізілді, 274,5 млн. теңге игерілді.

Республикалық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу, ұстау және жасылдандыруға бағытталған 613,6 млн. теңге игерілді.

Соңғы жылдары автомобиль жолдарының жергілікті желісі біршама дамытылды. Жүргізілген іс-шаралар арқасында  автожолдардың техникалық жағдайы 2005 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жақсарды және  автожол саласында жұмыспен қамтылған қызметшілер саны 2008 жылға қарағанда 3 есеге ұлғайды.

Жалпы пайдаланымдағы автожолдардың

техникалық жағдайы, %

2009 жылы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын дамытуға, Жол картасын қосқанда, 6,2 млрд. теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарының жергілікті желісі бойынша 2009 жылы қойылған міндеттер толығымен іске асырылды.

Ақтөбе қаласының жөнделген жолдары мен көшелерінің жалпы ұзындығы  179 км. құрады, оның ішінде:

99,5 км. күрделі жөнделді;

73,5 км. Орташа  жөндеу жүргізілді;

6,0 км. Салу және реконструкциялау;

4 көпір жөнделді.

Облыстың жолаушылар автокөлігі кешеніне жолаушылар көлігінің бірнеше түрі кіреді, оның ішінде:  сыйымдылығы орташа және шағын автобустары, троллейбустар және жеңіл автокөлік. Қазіргі уақытта  облыстың жолаушылар көлігі 1206 бірлікті құрайды, оның 518 бірлігі автобус, 429 бірлігі шағын автобустар, 5 – троллейбус, 254 – жеңіл автокөлік.

Қалалық қоғамдық көліктегі қолданылған тариф 2006 жылғы 1 наурыздан бастап 2009 жылғы 1 желтоқсанына дейін өзгеріссіз болды.

Бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық көлікте жүргені үшін ең төмен төлем тарифі болды.

Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес 2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап қаланың қоғамдық көлігіне жаңа тариф енгізілді, автобустарда 35 теңге, шағын автобустарда 45 теңге.

Тарифтердің көтерілуіне қарамастан, қалалық көлікте жүру құны республика бойынша ең төмен болып қалуда.

Жекелеген азаматтар санаты үшін қолданыстағы  жеңілдікті жүруі өзгеріссіз қалды, жеңілдікті жүру құқығын 170,0 мыңға жуық адам пайдалануда.

Қазақстан Республикасы бойынша қалалық маршруттар тарифтерінің
салыстырмалы кестесі

№ р/с

Қалалар

Қалалық тариф

автобус

шағын автобус

1

Астана

60

65

2

Алматы

50

50

3

Атырау

45

50

4

Өскемен

40

50

5

Қостанай

40

45

6

Орал

40

40

7

Ақтөбе

35

45

Темір жол және әуе көлігі

Мұғалжар, Шалқар аудандары тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында  «Ақтөбе-Шалқар» және «Қандыағаш-Никельтау» әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау жүзеге асырылуда. 2009 жыл ішінде облыстық бюджеттен 218,8 млн. теңге субсидия бөлінді және 203,4 мың жолаушы тасымалданды.

Ырғыз ауданы  тұрғындарының проблемаларын шешу үшін «Ақтөбе-Ырғыз» бағыты бойынша 2010 жылы авиамаршрут ашылатын болады.

2010 жылға арналған міндеттер

2010 жылы автожолдардың жергілікті желісін дамытуға 3,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Жол картасы ауқымында 1,2 млрд. теңге және  автожолдардың 97,2 км. жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарлануда. Жол жөндеу жұмыстарында 2100 жұмысшы жұмыспен қамтылады және  мынадай жобалар іске асырылатын болады:

«Әйке станциясына кіреберіс» автожолын салу;

Жолдарды күрделі жөндеу:

«Қарабұтақ-Комсомол-Солтүстік-Ұшқатты», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық», «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк», «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» автожолының учаскесі, «Самара-Шымкент-Аққұдық»;

«Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолында 2 көпірді күрделі жөндеу;

Ырғыз ауылында жергілікті әуе желілері әуежайын қалпына келтіру.

Табиғатты пайдалану

Облыс бойынша 10076 табиғатты пайдаланушы тіркелген.

202 объектіде жұмыс жасайтын 124 жер қойнауын пайдаланушы бар, оның 31 компаниясы көміртек шикізатын (КТШ), 18 кәсіпорын қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) және 67 кәсіпорын жалпы таралған пайдалы қазбалары (ЖПҚ), жер асты сулары бойынша – 8 су пайдаланушы барлау және өндіруді жүзеге асыруға құқы бар.

Облыстың экологиялық жағдайы 2009 жылы өткен жылғымен салыстырғанда көп өзгерген жоқ.

Өндірістік объектілердің экология бойынша қабылданған шараларына қарамастан, облыстағы жағдай алаңдаушылық танытады.

Облыстың экологиялық проблемаларының бірі алауларда ілеспе газын жағуды жалғастыру. 2009 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және басқа мұнай өңдеу компанияларында ілеспе мұнай газының  558,0 млн. м3  алауларында жағылды. Заңнамада талаптардың болмауына  байланысты ілеспе газын жағу нақты есепсіз жүзеге  асырылады,  газды пайдалану бағдарламасын орындау мерзімі артқа ысырылуда.

2009 жылы шығарынды көлемі төмендеген жоқ және 325,3 мың теңгені құрады,  оның 218 мың тоннасы стационарлық көздерден жағылды.

Жалпы көлемнің біраз үлесін автокөлік шығарындылары құрайды, егер 2008 жылы автокөлік шығарындылары 94,2 мың тоннаны құраса, 2009 жылы ол 106,8 мың тоннаға өсті.

Көкейтесті проблемалардың бірі қалдықтардың жиналуы болып табылады.

Түгендеу деректері бойынша облыста  қалдықтарды орналастыратын  349 орын есепке алынды, оның тек 4-еуі ғана санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес. Барлық полигондар мен қоқыстарда 7,6 млн. м3 ҚТҚ, оның 5,2 млн. м3 Ақтөбе қаласында жиналған. Қалдықтарды пайдалану бойынша іс жүзінде жұмыс жүргізілмейді.

2009 жылы кәсіпорындардың жеке қаражаттары есебінен 1 санаттағы қауіптілігі бар сомасы 12,8 млрд. теңгеге, оның ішінде: ауа қорғайтын 6,6 млрд. теңге, су қорғайтын – 1,0 млрд. теңге, жерді қорғау және қалдықтар саласында – 2,9 млрд. теңгеге 227 іс-шара орындалды.

Табиғатты қорғау іс-шараларына облыстық бюджеттен қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде.

2009 жылы табиғатты қорғау іс-шаралары 1892,2 млн. теңгеге  қаржыландырылды және игерілді (жылдық қаржыландыру жоспарында 800,0 млн. тг.).

Қоршаған ортаны қорғау өңірлік бағдарламасы бойынша барлығы 57 іс-шара көзделген, оның 38-і орындалды.

Шалқар ауданы Шалқар қаласында санитарлық және экологиялық талаптарға сай осы заманғы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны салынды. Ақтөбе қаласының маңындағы жасыл желектердің санитарлық-қорғау аймағын қайта жарақтандыру жобасы әзірленді. Облыс бойынша бүлінген жерлерге түгендеу жүргізілді. Анторпогендік факторлардың әсер ету деңгейіне байланысты облыстың бүлінген жерлерінің көлемі анықталды, бүліну және табиғи аймақтық сипатына қарай жерлерді қайта жаңарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ластайтын объектілерді республикалық немесе коммуналдық меншікке алдағы уақытта беру жұмыстары үшін  қоршаған ортаны ластайтын иесіз алқаптарға түгендеу жүргізілді және тізімі жасалынды.

Көкжиде құмы алқабының жер асты бірегей тұщы су кен орнын сақтау мақсатында ғылыми қолданбалы экологиялық зерттеулер жүргізілді. Жер асты суларының сапасын қадағалау үшін гидрогеологиялық үңғымалар желісі құрылды.

Жұмыс қортындысы бойынша жер асты суларын сақтауды  ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар жоспары жасалынды.

Иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу жөнінде жұмыстар басталды. 3 ауданға зерттеулер жүргізілді, Шалқар ауданында өздігінен ағатын — 94 ұңғыма, Байғанин ауданында — 99 ұңғыма, Ырғыз ауданында — 19 ұңғыма анықталды.

Жануарлар әлемін қорғау мақсатында, оның ішінде облыс аумағында киіктердің түрлерін, сонымен қатар,  тұрғындардың денсаулығын қорғау  және құтырма ауруының алдын алу үшін 2006 жылдан бастап қасқырлар санын азайту бойынша іс-шаралар  жүргізіліп,  1 770 бас қасқыр жойылды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және орналастыру жөніндегі Сызбасы (бұдан әрі ЕҚТА) негізінде Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, қазіргі уақытта Қарғалы ауданындағы «Эбита» ерекше қорғалатын табиғи аумағына жалпы көлемі – 83 770 га құрайтын жер учаскесі резервке алынды.

Облыстың су айдындарын балықтың құнды түрлерімен балықтандыру іс-шаралары бойынша  су айдындары 990 мың балықпен балықтандырылды.

Су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобаларын орнату іс-шаралары бойынша Елек, Ембі, Сағыз, Темір өзендерінің және олардың салаларының 2 826 км ұзындығына жоба әзірленді.

Соңғы үш жылда облысымыздың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік орман қорының жалпы 192 мың гектардан астам аумағында жерде орналастыру жұмыстары жүргізіліп, тұрақты жер пайдалану актілері әзірленді.

Аймақта орман алқаптарының көлемі, орман дақылдарының ассортименті артып келеді. 5 жылдың аралығында «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2316 га. аумаққа ағаш отырғызылды.

Жылжымалы құмдарды тоқтату мақсатында Темір және Шалқар аудандарында жалпы аумағы 200 га ағаш отырғызу  жұмыстары атқарылды.

2010 жылға арналған міндеттер

өңірде экологиялық теңдікті қалпына келтіру және табиғат ортасының сапасын тұрақтандыру үшін табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігін арттыру;

2010 жылы жергілікті маңызы бар «Эбита» ЕҚТА құрылып, «Орқаш» ЕҚТА техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау;

бірегей тұщы су кен орнын сақтау мақсатында «Көкжиде құмы» алқабының жер асты және жер бетіндегі суына мониторингті жүзеге асыру;

Елек өзені бассейнінің жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды жалғастыру;

Қасқырлардың бас санын оңтайландыруға бағытталған шараларды жүргізу;

Облыс су айдындарын бағалы балық түрлерімен балықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру;

мемлекеттік орман қорына кірмейтін облыстың орман алқаптарын түгендеу, оларды сақтау мен оңтайлы пайдалану жөнінде қазіргі уақыттағы жағдайын бағалау;

көлемі 62 алаңда Ақтөбе қаласы маңындағы жасыл желектің санитарлық-қорғау аймағын реконструкциялау жұмыстарын жалғастыру.

Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау

2009 жыл бойы атқарушы биліктің және облыстың мемлекеттік органдарының қызметтері жұмысшыларды жаппай қысқартылмауын ескертуге, жұмыссыздарға жұмыспен қамтуға ықпал жасау және тұрғындардың әлсіз санаттарын әлеуметтік қорғауға бағытталды.

Жол картасымен бірге жыл басынан облыста 39 875 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспарға 110,2 %), 4 852 әлеуметтік жұмыс орны ашылды (129,8%), 7 560 жұмыссыз кәсіби даярлауға жіберілді (126,8%), 3 615 адам «Жастар тәжірибе-сіне» жіберілді (163,9 %),  31 084 адам жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарға 5 033 адам қатысты.

Жұмыспен қамтуға ықпал жасауға қосымша үлгілер пайдаланылды, толық емес кестемен жасайтын мекемелердің апталық мониторингі жүргізілді. Жұмысшылардың құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін өзара ынтымақтастық жөнінде Меморандумдарға отыру, 2009 жылдың 1 мамырындағы ең жоғарғы 0,6 % қарағанда соңғы 6  айда «жасырынды жұмыссыздықтың деңгейі» экономикалық белсенді халықтың санына 0,2 % – 0,3 % шегінде болуына ықпал етті.

Халықты жұмыспен қамтуға қабылданған шаралар тіркелген жұмыссыздардың санын қысқартуға мүмкіндік берді, ол 2009 жылы 1940 адамды құрады, осы көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 407  адамға төмен.

2009 жылы 0,6% қарағанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,5%-ын құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 0,6%).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4 % – дан 5,9 % – ға дейін төмендеді (орташа республикалық көрсеткіш – 6,3%).

Азаматтардың әлеуметтік әлсіз топтарына қосымша қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы және орындау-шы органдардың шешімдерімен төленетін өтемақылары біраз өсті. 2009 жылы 154,7 мың азаматқа 1 688,4 млн. теңге көлемінде әр түрлі жеңілдіктермен және басқа қосымша әлеуметтік төлемдер берілді, ал 2008 жылы 128,3 мың азаматқа 1 387,7 млн. теңге көлемінде төлемдер берілген болатын.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 4594 адамы бар 1166 аз қамтылған отбасы өтініш жасады, ол  2008 жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда  34,1 және 30,3 пайызға төмен.

Облыстың жекелеген аудандары мен Ақтөбе қаласындағы 841 аз қамтылған отбасыларына  ақшалай және заттай түрінде кәсіпорындардың, ұйымдардың, діни бірлестіктердің және қайырымдылық қорлардың қаражаттарының есебінен барлығы 3035,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, 259 аз қамтылған отбасы қайырымдылық көмек көрсету үшін шаруашылық субъектілеріне бекітілген, 125 отбасына бау-бақша егу үшін жер учаскелері бөлінді, 28 отбасына үй шаруашылығын нығайтуға ықпал жасалды.

Аз қамтылған азаматтарды қолдайтын Аймақтық қордан 138 отбасына 8945,0 мың теңге көлемінде шағын несие берілді, олардың ішінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алатын 89 отбасына 5970,0 мың теңге көлемінде көмек берілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құрамында 999 адамы бар 223 аз қамтылған отбасы кірістерін жоғарылатты және құрамында 1582 адамы бар 336 отбасы – кедейшілік жағдайдан шығарылды.

Халықтың әлжуаз тобын қолдау үшін қабылданған қосымша шаралар, аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту және олардың кірістерін көбейтудің нәтижесінде аз қамтылған азаматтардың үлесі 2008 ж. 1,0%-дан 2009 ж. 0,6%-ға дейін төмендеді, ол әлеуметтік төлемдердің төмендеуіне ықпал етті. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың үлесі орташа республикалық көрсеткіштен 2,5 есе төмендеді (1,5%-дан 0,6%-ға).

4335 аз қамтылған азаматқа 69,7 млн.теңге көлемінде Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, ал 2008 жылы 97,7 млн. теңге көлемінде еді.

Тұрғын үй көмегін алатындардың саны 8997 отбасынан 6 812 отбасына дейін төмендеді. Тағайындалған көмектің көлемі 64,1 млн. теңгені құрайды.

Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен   отбасында тұратын 18 жасқа дейінгі 32459 балаға 367,9 млн. теңге көлемінде  жәрдемақы тағайындалды.

2009 жылы жалпы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 224,3 мың адамға 2 558,7 млн. теңге құрайды.

Облыстық мүгедектерді оңалту Бағдарламасын іске асыру  бойынша 2009 жылғы шығындар 485,2 млн.теңге болды, ол бөлінген қаражаттың 100%-ын құрайды.

Көрсетілген Бағдарлама және жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 3,9 мың мүгедек жүру техникалық жабдықтарымен, протезді – ортопедиялық көмектермен, гигиеналық жабдықтармен, жеке көмекшілермен, санаторийлық-курорттық сауықтыру, һәм орта арнаулы және курстық оқу мекемелерінде оқыту үшін 127,0 млн. теңге қаржы жұмсалды.

Әлеуметтік көмек беретін бөлімшелер 1802 жалғызбасты және жұмысқа жарамсыз азаматтардың үйіне барып әлеуметтік жәрдем көрсетті, солардың ішінде 209-ы мүгедектер. Солармен бірге 501  мүгедек-балаларға қызмет көрсетілді.

2 интернат үйінде мемлекеттік күтуде 610 жалғызбасты қарт азаматтар және мүгедектер тұрады. «Жол картасы» бойынша психикалық жүйке аурулары интернат-үйінде әкімшілік корпусына қайта жаңарту жүргізілді, ол қосымша 50 төсектік орын ашуға ықпал етті. «Жол картасы» бойынша екі интернат-үйлерінде 100 млн. теңге көлеміне күрделі жөндеу жүргізілді. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған 65 орынды әлеуметтік бейімделу  орталығы жұмыс жасайды.

Елбасының қаңтардағы Жолдауында 2020 жылы жұмыссыздық деңгейін 5,0%-ға дейін түсіру және ең төменгі күн көріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесін 8%-дан асырмау тапсырылды. облыста бұл тапсырманы орындау-дың барлық алғышарттары бар.

Экономикалық дағдарысты еңсеру облыстың дағдарыстан соңғы дамуын қамтамасыз ету жағдайында жергілікті атқарушы билік бұрынғыдай әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге зор көңіл бөлетін болады. Ірі компаниялармен әріптестіктің түрлі формаларын пайдалана отырып, тұрғындарды жұмыспен қамту, кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту һәм  өндіріс көлемінің төмендеуіне жол бермеу саясаты жалғастырылады.

Елбасы Жолдауы жарияланған сәтке дейін-ақ, жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге қатысты  біршама ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерін материалдық қолдау жөніндегі қаржылық мәселелердің бәрі шешіліп қойылды. Сонымен Жеңістің 65 жылдық мерекесі құрметіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне республикалық бюджет есебінен 65 мың теңге , ал оларға теңестірілгендер мен тыл еңбеккерлеріне 25 мың және 20 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсету көзделіп отыр. бір реттік материалдық  көмекке бөлінген қаржының көлемі — 222,5 млн теңге.

Мерекеге қатысты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің  жеңілдікпен жол жүру ақысы үшін 16,4 млн теңгелік республикалық мақсатты трансферт қарастырылып отыр.

2010 жылға арналған міндеттер

«Жол картасын» жалғастыру аясында 2010 жылы:

сомасы 5,4 млрд. теңге болатын 90 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 5,9 мың жаңа және 2,4 мың әлеуметтік жұмыс орны ашылады,  жастар практикасына 1,3 мың адам тартылып, 1,7 мың адам кәсіби даярлау және қайта даярлауға жіберіледі; «Жол картасын» жүзеге асыру үшін аудан орталықтары мен ауылдарда өндіріс пен тұрақты жұмыс орындарын ашатын жобаларға көңіл бөлу жоспарлануда.

Бұдан басқа, 12 мыңдай жаңа жұмыс орынын ашу көзделіп отыр. 10 мыңдай жұмыссыз жұмысқа орналастырылады.

2009 жылдың мөлшерінен төмендетпей, мүгедектерге, аз қамтылғандарға және халықтың басқа да әлжуаз топтарына әлеуметтік қызмет көрсету жалғастырылады.

Білім беру

Қаржыландырудың жыл сайынғы, оң динамикасының негізінде облыстың білім беру жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің позитивті өсуіне қол жеткізілді. Білім беруді қаржыландыру көлемі 2008 жылмен салыстырғанда, 21% немесе 26,0 млрд. теңгеден 32,2 млрд. теңгеге жоғарылады. 2009 жылғы облыстық бюджеттің 30% артығы білім беруді қолдауға және дамытуға бағытталды.

12 жылдық оқыту моделіне көшу дайындығына ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың 6 мектебіне 12 жылдық оқуға көшу бойынша эксперименті жүргізіліп жатыр, ал 2015 жылға  қарай облыс мектептерінің 11 мың оқушысы барлық жерлерде жаңа бағдарламамен оқытылатын болады.

Президенттің қаңтардағы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында, болашақта 12 жылдық бағдарламамен  мектептердің табысты жұмыс жасауы, аудан орталықтарында және ірі елді мекендерде кәсіби оқытуды  ұйымдастыру үшін 2020 жылға дейін кезең-кезеңмен, 11 мектеп жанындағы интернаттарды салу және ашу жоспарланды.

Қазіргі уақытта сапалы оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу-білім беру мекемелерінің желісін кеңейту, олардың материалдық-техникалық базаларын жоспарлы түрде жақсарту жөніндегі жұмыстар жалғастырылды, тек қана 2009 жылы пайдалануға  білім берудің 12 нысаны енгізілді, 193 нысан күрделі жөнделді (оның ішінде «Жол картасы» бойынша 145), 44 биология кабинеті, 27 мультимедиялық кабинет, 29 пәндік интерактивті кабинет, ОӘК және оқулықтар  алынды.

Есепті жылы 15 білім беру нысандарының құрылысын  жүргізуге 3 112,2 млн.теңге, күрделі жөндеуге және жарақтандыруға 4318,1 млн. теңге  бөлінді.

Сондай-ақ Мемлекет Басшысы өзінің биылғы Жолдауында балаларды мектепке дейінгі  тәрбиемен қамтамасыз ету проблемасына ерекше көңіл бөлді.

Үкіметке «Балапан» бағдарламасын әзірлеуге және үстіміздегі жылдың екінші жартыжылдығынан бастап оны іске асыруға кірісуге тапсырма берді.  Бағдарламаның басты мақсаты 2020 жылға қарай барлық балалардың мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеге қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта біздің облыста Мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру үшін барлық алғышарттары бар. Балаларды мектепке дейінгі білім беру қызметімен қамтамасыз ету орташа республикалық көрсеткіші 37%, біздің облыс 64,7%-бен алғашқы орындарда тұр.

Облыс басшылығының жүргізген мақсатты бағытталған жүйелі жұмысы арқасында соңғы бес жылда БДҰ 4,6 есе (84-тен 389-ге дейін), балаларды қамту – 3 есе (9411 адамнан 28619 адамға дейін) ұлғайды.

2009 жылы 53 балалардың мектепке дейінгі ұйымдары,  оның ішінде 26 балабақша және 27 шағын орталықтар ашылды. 26 балабақшаның 4-еуі жаңа құрылыс есебінен, 22-сі бар ғимараттарды қайта құру және бұрын жабылған балабақшаларды қайтарып алу есебінен ашылды.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 2010 жылы мектеп жасына жетпеген балалардың 80%-ы балабақшалар мен шағын орталықтарда тәрбие алатын болады, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.

2005 жылдан 2010 жылғы 1 қаңтардағы кезеңде
мектепке дейінгі балалар ұйымын дамыту динамикасы

Сапалы білім беруді қамтамасыз ету — мектеп бітірушілердің мемлекеттік аттестаттауы ең соңғы нәтижесі болып табылатын облыстың білім саласының ерекше маңызды міндеттерінің бірі. 2009 жылдың қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 10 балға жоғарылады, бұл ортареспубликалық деңгейден 3 балға жоғары.

Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты иегерлерінің саны 2 есеге,   үздік аттестат иегерлері  9 есеге ұлғайды. Жоғары оқу орындарында оқу үшін мемлекеттік грантқа иегер мектеп түлектерінің саны  1,5 есеге  (1215) артты. Алғаш рет облыс әкімімен колледждердің 40 үздік оқушыларына  80-100 мың теңге көлемінде стипендиялар мен гранттар бекітілді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту 46 қосымша білім беру ұйымдарының қызметі арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларды қосымша білім берумен қамту  37% құрайды (ҚР көрсеткіші 22,5%).

Жыл сайын жалпы білім беретін мектептерде үйірме, секция, клубтардың саны артып келеді, үйірме жұмысымен қамту  81% құрады.

Балаларды жазғы демалыспен қамтудың позитивтік өзгерістері байқалады,  2009 жылы оқушылардың жалпы контингентінің 89 % қамтылды.

Оқушыларға  тегін ыстық тамақ ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.

Бастауыш класс оқушыларының 96 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Оқушыларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету мақсатында    46 мектеп автобустары алынды, бұл 2600-ден астам оқушыны тасымалдау жөніндегі мәселені шешуге септізгін тигізді.

Арнаулы (коррекциялық) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту және желісін дамытуға үлкен мән берілуде. 2009 жылы 40 адамға  «Ақтөбе облыстық оңалту (арнаулы) орталығы» ММ, Ақтөбе қаласы және Қобда ауданында 8 логопедтік  пункттер, Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданында  түзетім (коррекциялық) сыныптары ашылды.

Облыста техникалық және кәсіби бағдарламалар бойынша  мамандар даярлауды 38,0 мың оқушы оқытылатын 41 оқу орындары жүзеге асырады. Еңбек нарығы сұранысын жоғары білікті жұмысшы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырыс беру жыл сайын артуда. «Жол картасы» жобасы бойынша 6,0 мыңнан астам адам оқытылды.

2009 жылы 362 мұғалімді мемлекеттік қолдау мен ауылдарға тұрақтандыру мақсатында 40 пәтер бөлінді және 35,6 млн.теңге көлемінде көтермеақы төленді.

Алғаш рет облыстық конкурс-марафон нәтижесі бойынша жалпы сомасы 132,0 млн. теңгеге жеке сыйақылармен 1000 педагог марапатталды. Жеңімпаздарға мына номинациялар бойынша  атақтар тағайындалды:  30 мектепке  «Облыстың ең үздік мектебі», 605 мұғалімге  «Ең үздік облыс мұғалімі», 294  класс жетекшіге «Ең үздік класс жетекшісі».

2010 жылға арналған міндеттер

5 жаңа мектеп және 9 жаңа балабақша құрылыстарын аяқтау есебінен білім беру мекемелерінің желісін ұлғайту, бұрынғы жекешелендірілген объектілерді қайтып алу, реконструкциялау есебінен БДҰ ашу;

Мемлекеттік – жеке әріптестік әлеуетін тарту; күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын бұдан әрі нығайту бойынша жұмыстарды жүргізу (о.і. «Жол картасы» жобасы бойынша 32 білім беру объектісі)  кабинеттерді техникалық және әдістемелік жарақтандыру және т.б.;

мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 80 % дейін жеткізу;

Білім беру ұйымдарын 12 жылдық оқыту моделіне көшіруге дайындауды жалғастыру;

МАБ және ҰБТ өткізуге 4,9,11-класс оқушыларын сапалы даярлауды жүргізу;

мүмкіндігі тежелген балаларға инклюзивтік білім мен тәрбие беруді дамыту жөніндегі шараларды жалғастыру;

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аула клубтарының желісін арттыру, аз қамтылған отбасы балаларына арналған қала сыртындағы стационарлық демалыс лагерьлерінің желісін дамыту жөніндегі шаралар қабылдау;

облыстың үздік педагогикалық ұжымын және үздік мұғалімдерін сыйақымен ынталандыру жөніндегі шараларды жалғастыру.

Денсаулық сақтау

Есепті кезеңде денсаулық сақтау қызметі тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді бұдан әрі жетілдіруге бағытталған елеулі жүйені қайта құрулармен ерекшеленеді.

Салада емдік құралдарды бірыңғай дистрибуциялау институты енгізілді.  Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу бойынша дайындық іс-шаралары кешені жүргізілді.

Осы инновацияларды есепке ала отырып, денсаулық сақтау саласын реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ауқымында  облыста саланы дамытудың жоғарғы қарқыны қамтамасыз етілді.

Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға бөлінген шоғырланған қаражаттар көлемі  есепті жылы 22,4% өсті және 18,3 млрд. теңгеден асты.

Денсаулық сақтау саласының 16 объектісі салынды және  пайдалануға берілді. Олардың ішінде Ақтөбе қаласының Тұрғындар және Әуе қалашығы аудандарында, «Болашақ» шағын ауданында және Қонаев көшесінде үлгілік емханалары бар.

Ауылдық жерде 2009 жылы 10 медициналық пункт және 3 дәрігерлік амбулатория үшін үлгілік ғимараттар салыды. ересектер мен балаларға арналған облыстық ауруханалармен, Қарғалы қалалық ауруханасының перзентхана бөлімінің құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтаудың 66 объектісіне күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде Жол картасы бойынша жалпы сомасы  963,0 млн. теңгеге 9 объекті қайта жаңарды. Медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға жыл ішінде 1,5 млрд. теңге бағытталды.

Кадр мәселесінде оң серпін байқалуда. Мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлердің саны  2008 жылғы 2729-дан 2735-ке дейін, орта буындағы медициналық қызметкерлер 4771-ден 4881 дейін ұлғайды.

Саланы ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, медициналық көмекті ұйымдастыру және басқару технологиясын жетілдіру тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштеріне оң әсер етті және  оң медиктік-демографиялық тенденциясын бекітті.

Есепті кезеңде 16700-ден аса бала туылды,  бұл 2008 жылғыдан 4% көп. Облыстағы туу көрсеткішінің қорытындысы республикалық көрсеткіштен жақсы (22,5 қарағанда 1000 адамға 23,3).

Тұрғындардың жалпы өлу коэффициенті республикалық орташа көрсеткіштен (ҚР-9,0) төмен, 2008 жылғы 1000 адамға шаққанда 8,75%-дан 8,41%.

Бала тууға көмектесу және баланың денсаулығын қорғау жүйесіне халықаралық стандарттар мен хаттамаларды енгізу ана өлімінің көрсеткіштерін 42,3% және нәресте өлімі көрсеткіштерін 12,4% қысқартты.

Медициналық қызметкерлердің тұрғындарды алдын ала қарау  жұмыстарымен қамтуы есебінен денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң серпініне  ықпал етті. өткен жылы 203 мың бала қаралды, 85 мың  ересек адам қан айналу жүйесінің ауруларын анықтау бойынша тексерілді, 40 мыңнан аса әйел онкологиялық аурулардың алғашқы белгілерін анықтау бойынша және облыстың 520 мың тұрғыны туберкулезді анықтау бойынша  қаралды.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде тұрғындардың алғашқы ауру көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда жақсарды.

Тұрғындардың туберкулезбен ауруы 22,8% төмендеді.

2007 жылы ашылған кардиохирургиялық орталық  күшіне ене бастады. Есепті жылы кардиохирургтар жүрекке 136 операция жасады, 303 стентирлеу және 1311 жүрек тамырларына ангиографиялық зерттеу жүргізді.

Облыста дәрілік заттарға жеңілдікті түрде және ақысыз алуға құқы бар азаматтарды емдеу құралдарымен тұрақты қамтамасыз ету тәртіпке келтірілген. Осы мақсаттарға бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.

Бұл мәселеде, бұрынғыдай тұрғындардың әлеуметтік-басымды санаттарына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің облыс, өзге облыстармен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерді ауруы бойынша 1-топтағы мүгедектерді,  гемофилиямен ауыратындарды және басқа да қатаң ауруларды ақысыз емдеуді қамтамасыз етті.

Ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында облыстың шалғай жатқан аудандарымен телемедициналық байланыс жүйесі енгізілді.

Облыстың медициналық қызметі жергілікті атқарушы билік тарапынан жоғары бағаланды. 500-ден аса медициналық қызметкер облыс әкімінің сыйақысына ие болды. жалпы сыйақы қоры — 38,0 млн. теңге. Саланың бірқатар ардагерлері жоғары үкіметтік наградалармен марапатталып, «Жыл адамы» құрмет атағын алды.

Қол жеткен нәтижелерге қарамастан, салада ауылдық денсаулық сақтау объектілерін материалдық-техникалық базасын жаңғырту проблемалары сақталуда. Жыл сайын медициналық пункттер және амбулаториялардың салынуына қарамастан, 33 елді мекен үлгілік медициналық ұйымдарға мұқтаж. Кадрлық қамтамасыз ету мәселесі тиісті деңгейде шешілмеуде. Бүгінгі күні дәрігер кадрларға қажеттілік 91 адамды, орта буын медициналық қызметкерлерге – 17 адамды құрайды. Аталған проблеманы шешуде медициналық университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен аудандық деңгейдегі әкімдіктер тең дәрежеде күш салуы қажет.

Бүгінгі күні тұрғындардың мүгедектігінің басымды факторлары мен еңбек қабілеттілігін жоғалтатын жүрек қан тамырлары аурулары, қант диабеті, травматизмнің алдын алу әдістерін жетілдіру қажет.

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алдағы онжылдыққа арналған стратегиялық жоспарлары туралы айтып, оның ішінде халық денсаулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі деп ерекше мән берді.

«Адам — мемлекеттің басты байлығы» деп атап көрсетті Президент. Сондай-ақ Елбасы азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, адамының және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігі қажеттілігіне ерекше көңіл аударды

Қоғам игілігі сияқты, денсаулығына саналы түрде және жауапкершілікпен қарау барлық адамның өмір сүру және мінез-құлқы нормасы болуы қажет, ал салауатты өмір салтын жергілікті жерлерде бекіту — жалпы мемлекеттік маңыздылығы бар іс.

Денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары, дене шынықтыру және спорт басқармалары көпшілікке арналған дене шынықтыру  қозғалысын жаңарту, темекі тарту,  алкоголь ішімдіктерін шектен тыс ішу, есірткі тұтыну, сапасыз және тиімсіз тамақтану, төмен дене шынықтыру белсенділігі сияқты мінез-құлық дағдыларын төмендету бойынша жұмысты күшейтуде бастамашы болуы керек.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру,  адамның өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі қағидаттарын дамыту,  медициналық көмектің бұдан әрі сапасын және тиімділігін арттыру бойынша Ел Президентінің алға  қойған міндеттерді орындау үшін 2010 жылы:

Мемлекет пен азаматтардың денсаулығына ортақ жауапкершілігін қалыптастыру формалары мен әдістерін жетілдіру;

Азаматтардың күнделікті өміріне салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын енгізу;

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізу ауқымында денсаулық сақтау жүйесінің құрылымдық тиімділігін арттыру және сала қорларын басқарудың экономикалық әдістерін енгізу;

Тұрғындарға көрсетілетін жоғарғы технологиялық медициналық көмектің көлемін және түрлерін ұлғайту үшін жағдай жасау;

Ана мен бала денсаулығын сақтау саласына қазіргі заманғы әдістерді енгізу;

Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету және материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту;

Денсаулық сақтаудың 11 объектісін салу және 40 объектісін күрделі жөндеу;

Медициналық қызметкердің әлеуметтік мәртебесін және кәсіптік абыройын көтеру.

Мәдениет

Мәдениет саласын жыл сайын қаржыландыруды ұлғайту, оның жан-жақты дамуы мен жақсаруына ықпалын тигізуде.

2009 жылы қаржыландыру көлемі 2008 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғайды және 3892,0 млн. теңгені құрады.

2009 жылы 17 мәдени мекеме ашылды, оның 8 ауылдық кітапхана, 9 клубтық мекеме.

Қазіргі уақытта 473 мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Материалдық – техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс жүргізілді, оған 610,1 млн. теңге бөлінді.

Сала бойынша 5 объекті құрылысы мен реконструкциясына облыстық бюджеттен 797,7 млн. тг., 51 объектіні күрделі жөндеуге 873,6 млн.теңге жұмсалды. Оның ішінде «Жол картасы» аясында 37, жергілікті бюджет қаражатымен 14 объект жөнделді.

Облыстың 235 кітапханасының кітап қоры 4824,2 мың дананы құрайды, негізінен ауылдық жердегі 21 кітапхана жаңартылды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша облыс мұражайларының жұмысы жалғастырылды. Облыстың 16 мұражайының экспонаттары 140 мың бірлікті құрайды.

Мәдениет және өнер ұйымдары мемлекеттік мерекелермен қатар,  дәстүрге айналған «Ақтөбе джаз-2009» облыстық балалар джаз музыкасы фестивалі, «Назерке», «Жас дәурен», «Балдәурен», «Қазақтың қалжың әндері – ай» облыстық фестиваль, байқаулар, республикалық және аймақтық қобызшылар және патриоттық әндер, халықаралық «Жұбанов көктемі», «Классика» фестиваль – байқаулары, есеп беру концерттерін ұйымдастырды.

2009 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласының 140 жылдығына Мемлекет Басшысының қатысуымен театрландырылған қойылым, облыстық Достық Үйі ғимаратының тұсаукесері, Бейбітшілік және Келісім алаңы ашылуына концерттік бағдарламалар, жастардың сауық кештері, халықтық серуен ұйымдастырылды.

Облыстағы кәсіби өнер мекемелері мен халық шығармашылығы ұжымдарының тұрғындарға қызмет көрсету аясы кеңейтіліп, республика және алыс-жақын шетелдермен, әсіресе, РФ шекаралас өңірлерімен мәдени байланыс күшейтілді.

2009 жылы театралдық-концерттік мекемелер 1069 концерт, қойылым көрсетіп, 230 мың көрерменді қамтыса, облыс бойынша барлығы 13 мыңнан астам іс-шара өтіп, оны   2 миллионға жуық адам тамашалады.

Есепті жылда «халықтық», «үлгілі» атағын алған  көркемөнерпаздар ұжымы саны 17 бірлікке ұлғайды немесе 26,5%, бұл 64 ұжымды құрайды.

«Мәдени мұра» бағдарламасы ауқымында 200 тарих және мәдениет ескерткіштеріне құжаттар әзірленді, Түйе төбе ескерткіш-белгісіне, Н.Байғанин бейіті ескерткішіне, А.Биекеновтің ескерткіш-бюстіне, «Әлия» мемориалдық кешені мен азамат соғысы батырлары ескерткішіне жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге биыл Ақтөбе қаласында даңқты ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Бигелдиновке ескерткіш-мүсін орнатылды.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың тарихи тұлғасын анықтау және оның тарихи айналасын  зерттеу жұмыстары жалғастырылуда.

2010 жылға арналған міндеттер

Мәдениет мекемелерінің желісін  10 кітапхана, 12 клуб, 1 мұражайға ұлғайту;

«Жол картасы» аясында барлығы 11 нысанды күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, «Алақай» қуыршақ және Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрлары, облыстық мемориалдық және Қарғалы аудандық музейлерінің күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау;

Ауылдық елді мекендердің кітапханалар жүйесін жаңғыртуды жалғастыру және облыс кітапханаларының кітап қорларын 8-10%- ға дейін толықтыру;

Әбілқайыр хан және Бөкенбай батыр тұлғаларын кешенді тарихи зерттеу жұмыстарын жүргізу, Ойыл, Темір, Мұғалжар аудандары ескерткіштерінің жинағы үшін материалдар жинау және Қызылүйік, Доңызтау, Індібай кесенесін зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру, Мұғалжардағы ауданы Қарағұл кесенесін, Байғанин ауданы Жем – Сағыз бойы ескерткіштерін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау.

Батыс Еуропа және Батыс Қытай трассасы бойында Абат – Байтақ – Бөкенбай шоқысы кешендері арқылы туристік бағыттардың жаңа жобаларын даярлау.

Дене шынықтыру және спорт

Дене шынықтыру және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасын,  тұрғындар арасында салауатты өмір сүруді насихаттауды дамытуды іске асыру мақсатында белгіленген жұмыс жүргізілуде.

Спорттың 65 түрі бойынша 1422 спорт құрылғысы жұмыс жасайды, онда  облыстың жалпы  тұрғындарының 15% артығы айналысуда (108,6 мың адам).

Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, жыл сайын БЖСМ саны ұлғаюда: 2008 жылы спорттың қысқы түрі бойынша ОБЖСМ, 2009 жылы Теннис мектебі ашылды, сметалық құны 911 млн. теңгені құрады, «Жол картасы» ауқымында жалпы сомасы 300,0 млн. теңгеге 8 спорт мектебі және стадион жөнделді. Сомасы 472,9 млн. теңгеге №8 ОБЖСМ жасанды жабындысы мен жылытуы бар футбол алаңын реконструкциялау және әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу аяқталуда, жалпы сомасы 120,6 млн. теңгеге Ойыл ауылында БЖСМ реконструкциялау аяқталуда. Қобда ауылында мектеп-гимназиясының спорт залының құрылысы басталды (153,0 млн. теңге).

Қазіргі уақытта 27 спорт мектебінде 13,5 мың тәрбиеленуші спортпен шұғылдануда, онда 500 жоғары білікті тренерлер сабақ береді.

2009 жылы облыс спортшылары түрлі дәрежедегі жарыстарда 113 алтын, 145 күміс, 213 қола медальдарды жеңіп алды. Руслан Байманов суға жүзуден, Лила Қоныспаева дзю-до спортынан Азия чемпионы атанса, Қалжан Тайжанова кураш спортынан І-Азия ойындарында жеңімпаз болды. Евгений Гончаров гір спортынан, Мирас Жекеев дойбыдан, Елене Коршикова полиатлоннан әлем чемпионы атанды. «Ақтөбе» футбол командасы төртінші рет Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды.

Жыл бойы 1900 аса спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, онда 195 мың адамнан артық қатысты.

Облыс спортшылары республикалық ірі кешенді жарыстарға қатысты. Екінші Жастар ойындарында грек-рим стиліндегі күресшілер жалпы командалық ойында бірінші орынға ие болды; дзю-дошылар – жалпы командалық үшінші орынды иеленді. «Ақ бидай» республикалық ауылдық ойындарда облыс спортшылары Президенттік көп сатылы жарыста жалпы командалық 4 орынды, қыздар командасы волейбол бойынша 4 орынды алды.

Ұлттық техникалық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының «Бүркітші-2009» чемпионаты, «Мыңнан тұлпар» ат жарысы өткізілді.

Ақтөбе қаласының 140 жылдығын тойлау ауқымында ат жарыстары, мотокросс және үлкен теннис бойынша Халықаралық турнир өткізілді.

Ақтөбелік спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаты мен оқушылар арасындағы ҚР біріншілігінде кеме құрастыру спорты бойынша бірінші орынды иеленді.

Спорт мектептерінде волейбол, футбол, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақпен айналысу үшін тиісті жағдайлар құрылуда. 2009 жылы спортшы-мүгедектер республикалық жарыстарға қатысып, тоғызқұмалақтан 1-орынға ие болды.

Туризм саласында халық қолөнері мен кәдесый өнімдері өндірісін дамыту бағытында белсенді жұмастар атқарылуда. Ақтөбе облысының жаңа туризм нысандары енгізілген туристік картамен анықтамалық ақпаратпен толықтырылған Ақтөбе қаласының карта-схемасы жарық көрді. Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасы, Қазақстан өңірлері мен облыс аудандары қолданбалы өнер шеберлері өнімдерінің «Жаз-Демалыс: туризм, саяхат, спорт ITFA» Ақтөбе Өңірлік Туристік жәрмеңкесі өткізілді.

«Патриот-Синема» шығармашылық бірлестігімен бірлесіп, «Поющая степь» фиьмінің І-бөлімі түсірілді. «Арайлы Ақтөбе» және «Ұлы Жібек Жолында» сыйлық фотоальбомдары шығарылды.

2010 жылға арналған міндеттер

тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді жүйелі дене шынықтырумен айналысуға тарту;

әр түрлі дәрежедегі мүгедектердің дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау;

Жоғары спорт шеберлін дайындауды жалғастыру және облыс спортшыларының 2010 жылы Қытайда өтетін ХVІ жазғы Азия ойындарына қатысуын қамтамасыз ету;

Материалдық-техникалық базаны жақсарту мақсатында «Жол картасы» бойынша үш спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, «Қобыланды» орталық стадионын реконструкциялау, «Нефтяник» стадионын реконструкциялау;

Туризм және спорт инфрақұрылымын кеңейту, Елек өзенінде орналасқан «Green land» демалыс базасы мен «Ырғыз керуен сарайы» көпфункционалды кемпингі инвестициялық жобасын іске асыру.

Мемлекеттік тіл саясаты

Облыстағы тілдік ахуал этнодемографиялық оңды өзгерістермен сипатталады.

Мемлекеттік  тілді   меңгеру  қажеттілігі  өсіп,  мемлекеттік  тілді   үйренуге  деген сұраныс артуда. 2008 жылмен салыстырғанда 2009  жылы мемлекеттік тілді үйренушілер  саны 23%-ға,  мемлекеттік қызметкерлердің үлесі  10%-ға,  тіл  үйренушілер  арасындағы өзге ұлт өкілдерінің үлесі 41%-ға,  мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  үлесі  12%-ға  артты.

Облыстағы  мемлекеттік  қызметкерлерінің 80%-дан көбі іс  қағаздарды мемлекеттік  тілде  жүргізе  алады.

Облысымыздағы жалпы білім беретін мектептердің  64%-ы және мектепке дейінгі  балалар   мекемелерінің  67%-ы (республикалық көрсеткіш – 49%) оқу және тәрбие  жұмысын қазақ  тілінде жүргізеді. Бүгінгі  таңда   облыста   балабақшаға   баратын  балалардың  78%-ы  (республикалық көрсеткіш 34%), жалпы  мектепке  баратын  балалардың  73%-ы (респ.  көрсеткіш – 61%)  қазақ  тілінде  білім-тәрбие  алады.

Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  қоғамдық  өмірде  мемлекеттік  аппарат, оқыту, ономастика, халыққа  қызмет  ету, көрнекі ақпарат  салаларында қолданыла бастады. Облыс мемлекеттік басқару  органдарындағы  құжат  айналымының  мемлекеттік  тілдегі  үлесі  85%-ды  құрады. Мемлекеттік тілді үйренемін деушілерге тілді оқытудың  толыққанды жүйесі қалыптастырылды. Тілдерді  оқыту  орталығының  жүйесі 2009 жылы
2 өкілдікке  артты: Мәртөк, Қобда аудандарында өкілдіктер ашылды. Оқыту  курстарынан басқа оқыту сипатындағы 2 радио  желісінде  радиосабақтар  циклі,  арнайы  радиохабар, 1 мерзімді басылым арқылы  қазақ  тілі  сабақтар  циклі, ересектер  және  балалар  үшін  тіл үйрету  телехабарлары  тұрақты  түрде  жүргізілуде.

Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  өңірлік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатына 2005 жылдан  бері  облыстық  бюджеттен 190  млн. теңге  бөлінді. Бұл  қаржы  мақсатты түрде мемлекеттік тілді оқыту  орталығының   жүйесін кеңейту, қазақ  тілін  оқыту  әдістемелерін және  оқу  құралдарын  әзірлеп  шығару, зерттеулер, байқау, семинарлар өткізу, тіл жанашырларын  марапаттау,  тағы  басқа  бағыттар  бойынша жұмсалып,   игі  істердің  өріс  алуына  ықпал  етті.

Облыс топонимикалық кеңістігін мемлекеттік-ұлттық мүдде мен  стратегияға  сәйкес қалыптастыру, көрнекі ақпараттардың  тілдер туралы заңнамаларға  сәйкестігін бақылау мәселелерінде де жүйелілік  орнады.  2004  жылдан  бері  елдің тарихын, тұлғаларын, мәдениетін, табиғатын ұлықтайтын 52, оның  ішінде 2009 жылы 19 елді  мекен өздерінің байырғы тарихи атауын  қайтарып алды.

Жаңарған атаулар орын алған аудандардың түрлі-түсті географиялық карталары, сондай-ақ  «Ақтөбе  облысының  жер-су   атауларының   атласы»  жарық  көрді.

Тіл туралы заңның орындалуын бақылау мақсатында тексерілген  нысандар  саны артты. Егер 2005  жылы 102 нысан тексерілген болса, 2009 жылы  облыс орталығында 237 нысан тексеріліп, 127 нысанда орын алған  заңсыздықтар жойылды. 2008 жылмен салыстырғанда көрнекі ақпараттағы   тіл  туралы  заңбұзушылық   5% -ға  кеміді.

Облыста өзге этностардың тілін  дамыту іс жүзінде қамтамасыз  етілуде. Ана  тілдерін  оқытуға  арналған 6 жексенбілік мектептерге облыстық бюджеттен  2005  жылдан бері 15 млн. теңге қаржы  бөлінді.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай, мемлекеттік  тілді  насихаттағаны  және  мемлекеттік  тіл  саясатына  қосқан  үлесі  үшін  2  адам пәтермен,  3  адам автокөлікпен, 45 адам әртүрлі заттай-ақшалай сыйлықпен    марапатталды.

Қоғамдық өмірде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту бойынша жергілікті атқарушы органдардың мақсатты бағытталған жұмысын қажет етеді.

2010 жылға арналған міндеттер

Қолданыстағы бағдарламалармен қатар Мемлекеттік тілді оқытудың балама бағдарламаларын  әзірлеп,  қолданысқа енгізу;

Тіл мәдениетін қалыптастыру, тілдік сауатсыздықты жою БАҚ-та отбасылық тәрбие  туралы бағдарламалардың көлемін ұлғайту, мемлекеттік тіл  мәселелеріне  арналған  арнайы  рубрикалар  енгізу.

Ақтөбе  қаласы,  Қарғалы, Мұғалжар  аудандарында тілдерді оқыту  орталығының   өкілдіктерін   ашу.

Құқықтық тәртіп

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қылмыс жағдайын сипаттайтын статистикалық деректері бойынша, 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 2009 жылы тіркелген қылмыс саны сәл ғана төмендегендігін (2,2%) көрсетеді.

Қылмыстың көпшілігі Ақтөбе қаласында (2009 ж. – 3259, 2008 ж. – 3321), Мұғалжар ауданында (2009 ж. – 350, 2008 ж. – 323),  Хромтау ауданында (2009 ж. – 333, 2008 ж. – 266), Алға ауданында (2009 ж. – 148, 2008 ж. – 184) және Темір ауданында (2009 ж. – 150, 2008 ж. – 146) тіркелді.

Ішкі істер органдары тіркелген қылмыстар саны 88,7%-ды құрады, ал қаржы полициясы органдарының үлесіне 9,4% тиесілі, ұлттық қауіпсіздік органдарына, кедендік қызмет және әділет органдарына – 1,0% тиесілі.

Қылмыс құрылымы бойынша, қылмыстың көпшілігі жекеменшікке, қоғамдық қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпке қатысты. Мәселен, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар — 1,8%, басқару тәртібіне қарсы —2,2%, көліктік қызметтерге қарсы қылмыстар 3,4%-ды құрайды.

2008 жылмен салыстырғанда, қоғамдық қауіпсіздікке қатысып қылмыстар саны (5,6%), тұлғаға қарсы (7%), жекеге қарсы (8,9%), мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы (8,9%), басқару тәртібіне қарсы — (13,5), сондай-ақ көліктік қылмыстар (7,6%) саны төмендеген.

Облыс аумағында 859 қоғамдық құқық қорғауға бағытталған құрылымдар құрылған, онда жалпы саны 3417 адам бар.

Қоғамдық құрылымдар қатарында 619 сарбаздар жасағы (2523 адам), 16 «Сақшы» жасақтары (128 адам), 5 студенттік жасақтар (94 адам), ППБ жанындағы 57 қоғамдық кеңестер, 162 қоғамдық көмекшілер жасағы (бұрынғы ЕКК топтары) жалпы 486 адам көлемінде, сондай-ақ объектілер мен азаматтардың пәтерлерінің  күзетілуін қамтамасыз ететін 3 жеке күзет құрылымдары құрылған.

Қылмыстық субъектілер бойынша.

Талдау көрсеткендей, бұрын қылмыс жасаған қылмыскер саны көбейген. Сонымен қатар, ішімдік ішіп масан күйде болу жағдайында қылмыс жасаған, кәмелетке толмағандар арасында, жұмыссыздар, әйелдер арасында қылмыс төмендегені байқалуда.

Мысалы, талдамалы кезеңде бұрын қылмыс жасаған 184 адам анықталды, бұл 2008 жылдың көрсеткіштерінен 26,0% артты (136).

Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар саны өткен жылғыдан 5,2%-ға аз (209 қарағанда 198).

2009 жылы қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар саны 5,2%-ға төмендеді,  олардың ішінде оқушылар арасында жасалған қылмыс 10,2%-ға төмендегені (2007 жылғы 235 қарағанда 2009 жылы 211) байқалуда, бұл оқу орындарының педагогикалық ұжымымен ішкі істер органдары арасында өзара қарым-қатынастың жанданғанын көрсетеді.

Сәйкесінше топтасқан қылмыс жасағандар адамдар саны 10,5%-ға төмендеді (2008 жылы — 1038,  2009 жылы — 929).

2009 жылы мас болу жағдайында қылмыстық жауапкершілікке 378 тұлға тартылды, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 12,0%-ға төмен (430).

Есірткі заттарын заңсыз айналысқа түсіруге байланысты қылмыстар бойынша 2009 жылдың қорытындысы көрсеткендей,  есірткі заттарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды заңсыз айналысқа түсірумен байланысты қылмыстар және олармен күресу есірткі заттарын заңсыз айналысқа түсіруге байланысты қыл-мыстардың өскенін көрсетті.

Қылмысты ашу органдары 2008 жылы 321,  ал 2009 жылы 327 есірткі қылмысын тіркеді, бұл қылмыстың 1,8%-ға өскенін көрсетеді.

118 кг. артық есірткі және психотроптық заттар тәркіленді, оның ішінде 20 кг, 85 гр. героин, 96 кг. 43 гр. марихуана. 2009 жылы заңсыз айналыстан шығарылған есірткі заттарының көлемі ұлғайғандығы байқалуда.

Есірткі заттарын заңсыз айналысқа түсіруге байланысты қылмыстардың көпшілігі Ақтөбе қаласында тіркелген, бұл тіркелген есірткі қылмыстары жалпы санының 73,7%-ын құрайды.

2010 жылға арналған міндеттер

Қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, алдын алу қызметін жетілдіру;

Ішкі істер органдары мен тұрғындар арасындағы байланыстырушы звено ретінде учаскелік полиция инспекторларының рөлін арттыру;

Қылмыспен күресте азаматтардың қызығушылығын ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру;

ұйымдасқан қылмыс, нашақорлық, экстремизм және заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекеттер жүйесін қамтамасыз ету.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін мемлекеттік органдармен үйлестіру мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен облыс әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия, құрылды.

Тоқсан сайынғы комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сұрақтарының проблемалары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерінің, жергілікті атқарушы орган басшыларының есептері тыңдалды.

2009 жылдың қортындысы бойынша Комиссияның 4 отырысы  өткізілді. Мемлекеттік қызметкерлермен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама нормаларының сақталуы, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, жер учаскелерін бөлу кезінде ҚР жер заңнамаларының ережелерін сақтау, мемлекеттік сатып алу  заңнамасының сақталуы, жергілікті атқарушы органдармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау барысы туралы және басқа да  мәселелер қаралды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптарына жүйелі түрде мақалалар жарияланады, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» ХДП қатысуымен семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Есепті уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 330 материал жарияланып, эфирге шықты.

Мемлекеттік органдардың қолжетімділігі кең орындарында мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі ілінді, сенім телефондары мен лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері жөнінде арыздарға арналған жәшіктер орнатылды.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының мәліметіне сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың 2009 жыл бойынша жай-күйін талдайтын келесі статистикалық деректерде өткен жылмен салыстырғанда, тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыс-тары жөніндегі мәліметтер төмендегенін көрсетеді.

2009 жылы облыс бойынша 49 (2008 жылы – 64) сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Оның 44 (2008 жылы – 54) қылмысын экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, 5-уін (2008 жылы – 8) Ұлттық қауіпсіздік департаменті анықтады.

Аталған уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысы 37 мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңестірілген тұлғаларға қатысты  қозғалды. Оның 16 — жергілікті атқарушы органдардың, 6 — бюджеттік мекемелердің, 5 — ішкі істер органдардың, 4 — жеке тұлғалардың және 6 — облыстың басқа мемлекеттік құрылымдарының қызметкерлеріне қатысты.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны  былтырғы жылмен салыстырғанда өсуі байқалуда.

2009 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке 258 (2008 жылы-178) лауазымды тұлға тартылды, олар ауыл округ әкімдері — 11, ішкі істер органдарының қызметкерлері — 14, кеден — 4, салық органдары — 11, қаржы полиция — 3, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері — 43, жергілікті атқару орган — 98 және басқа мемлекеттік органдардың 74 қызметкерлері.

2010 жылға арналған міндеттер

мемлекеттік органдардың басшыларымен және олардың қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызмет, заңды және жеке тұлғалардың арыздарын қарау кезінде заңдылықтарды сақтауда бақылауды күшейту;

мемлекеттік аппараттың кадрлық резервімен жұмысты жандандыру жөніндегі шаралар қабылдау;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясатын насихаттау және іске асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің рөлін  көтеру.

Қоғамдық-саяси жағдай

Ақтөбе облысында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылық  тұрғындардың жұмыспен қамтылу және кіріс деңгейіне  оң ықпал ететін облыс экономикасының динамикалық  дамуына;  облыс тұрғындары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, кәсіподақтар арасындағы келісім мен толеранттылыққа;  әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық салалардағы мәселелерге биліктің жедел араласуына негізделген.

Әлеуметтік зерттеулер қорытындысы тұрғындардың басым көпшілігі мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың  қызметтерін қолдайтындықтарын және нәтижелерін сезініп отырғандықтарын көрсетті. Жаңа өндіріс орындары, мектептер, ауруханалар іске қосылып,  еңбекақы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер уақытылы төленуде, өмір сүру деңгейі  өсіп келеді.

2009 жылдың саяси  маңызды оқиғаларының бірі – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Ақтөбе облысына іссапары. Ақтөбе қаласында Достық үйінің, Бейбітшілік және Келісім гүлзарының ашылуы, көпұлтты облысымыздың әр түрлі этномәдени орталықтарының өкілдері және көпшілікпен  кездесуі қоғамдық келісім және бейбітшілікті нығайту ісіне жаңа импульс берді.

Барлық саяси партиялар, қоғамдық,  үкіметтік емес және діни ұйымдар өз қызметтерін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүргізеді. Облыстағы 10 саяси партиялардың өкілдері мемлекеттік органдар тарапынан өткізілген барлық қоғамдық-саяси шараларға қатысып отырады.

2009 жылдың қаңтар айында Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанынан қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік келіспеушіліктің алдын алу жөнінде арнайы қоғамдық Кеңес құрылды. Кеңестің басты мақсаты — мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында  тұрақты байланыс каналдарын және  кері байланыс механизмдерін қалыптастырып,  жалпы стратегияны жүзеге асыру. Кеңес отырыстарында облыстағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер қаралып, тиісті мемлекеттік органдарда мәселелерді шешу бойынша бірнеше ұсыныстар қабылдады.

2009 жылдың ақпан айында 8 облыстық партия филиалдары өзара серіктестік пен Ақтөбе облысының территориясында саяси, экономикалық тұрақтылық пен рухани келісімді біріге сақтау туралы Меморандумға қол қойды.

Бүгінгі күні облыс аумағында 112 діни бірлестік қызмет жасайды, 82 ғибадат объектілері тіркелген. Жергілікті және орталық атқару органдарының  аймақтық құрылымдары мен діни бірлестіктердің өзара байланысын үйлестіретін Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жұмыс жасауда. Облыста діни ахуал тұрақты, діни көшбасшылардың көбі дінге еріктілік пен  конфессияаралық келісім принциптерін ұстанады.

Облыста 100-ге жуық үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Балаларды, жастарды, әйелдерді қолдау, адам құқықтарын қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, жастарды патриоттық тәрбиелеу,  ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ рухани-мәдени мұраны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттауды жетілдіру бағытында жұмыс жасайтын Үкіметтік емес ұйымдар жақсы дамыған.

2009 жылдың 21-ші тамызында Ақтөбе облысы үкіметтік емес ұйымдарының IV облыстық конференциясы өтті. Конференцияда Ақтөбе облысындағы мемлекеттік органдар мен  үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы,  проблемалары және  перспективалары мәселесі қаралды.

Еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 6  наурызындағы «Дағдарыстан — жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын бұқара арасында насихаттау және түсіндіру тұрақты жүргізілуде.

Атқарушы органдар басшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар басшылары және қоғамдық пікір көшбасшыларынан  жасақталған құрамы 1,5 мың насихатшыдан тұратын 400-ге жуық ақпараттық-насихаттық топ         облыс тұрғындары арасында 6467 кездесулер,  6320 лекциялар мен баяндамалар, пікір алмасулар, тақырыптық «дөңгелек үстелдер», семинарлар, т.б. өткізді. Аудандарда құрылған, «Ауылым» үгіт пойызы 2009 жылы облыстың шалғай елді мекендерінде  200-ден аса кездесу өткізді. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы сұрақтары бойынша 12 ауданда  52 ашық қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

2009 жылы  облыс бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстың   барлық түрлерімен  600 мыңнан астам  адам қамтылды.

Облыста 2008 – 2010 жылдарға арналған Өңірлік жастар саясаты бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2009 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы  жастар саясатын іске асыру саласында үздік деп танылды. Бағдарламаның басты ерекшелігі — жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталуы. Қаржыландырудың жылдан-жылға өсуі жастарды қолдауда көптеген проблемаларды шешуге көмектеседі. 2009 жылы өткен облыс әкімінің «Жастарды қолдау – болашақты болжау» атты жастардың дәстүрлі Форумында оқу озаттарына жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж оқушыларына  облыс әкімінің 60 атаулы стипендиясы,  бір жылдық оқу ақысы көлемінде 158 грант, сондай-ақ ғылыми жетістіктері үшін талантты 5 жас ғалымға әрбіреуіне 300,0 мың теңгеден сыйақы берілді. Гранттардың, стипендиялардың және сыйақылардың жалпы сомасы 30,0 млн. теңгені құрайды.

Облыста студенттік құрылыс жасақтары қозғалысы белсенді дамып келеді. Студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарын облыстық бюджеттен қаржыландыру жылдан-жылға артып келеді, 2009 жылы  бұл сома 36,0 млн.  теңгені құрады.

2009 жылы студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарына жауынгерлерінің саны 5 мың адамға, ал жұмыс көлемі 5 жылда 3 миллиард теңгеге жетті. Студенттік құрылыс жасақтарының орташа еңбекақысы 27 000 – 35 000 теңгені құрады.  СҚО және «Жасыл ел» отрядтарының қозғалысын ұйымдастыру бойынша Ақтөбе облысы Республикада басты орындарды иеленуде.

Жастармен жүргізілген жұмыстың басқа да формалары қолданылуда. Жұмысшы мамандығын насихаттау, талантты жастарды шығару, қолдау, түлектердің жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын тудыру мақсатында Ақтөбе «Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында жұмысшы жастар арасында «Газоэлектросварщик мамандығы бойынша үздік жас жұмысшы» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 10 ірі өндіріс орындарынан жас жұмысшылар қатысты.

Жергілікті атқарушы органдармен ауылда жас мамандарды бекіту бойынша белгіленген жұмыс жүргізілуде. 2009  жылы жоғары оқу орнын бітіруші түлек саны 3 839 болса, олардың 86%-ы жұмысқа орналасқан. Жоғары оқу орнын аяқтаған 600 жас маман облысымыздың 12 ауданына жолдама алып, жұмысқа орналасқан жас мамандарды жергілікті атқарушы органдар тұрғын үймен, көтермеақымен сондай-ақ коммуналдық төлемдерге жеңілдіктермен қамтамасыз етті. Бұл мақсаттарға 40,0 млн. теңге бөлінді.

Өткен жылы жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында  70 қоғамдық-саяси, мәдени, танымдық шаралар өткізілді. Жыл ішінде кәсіби мерекелер мен атаулы күндері арнайы сыйақылармен, автокөліктермен, бағалы сыйлықтармен  үздік интелегенция өкілдері, еңбек ардагерлері, журналистер, ақындар мен жазушылар, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, балалар үйлері мен Жастар үйінің тәрбиеленушілері марапатталды.

Облыста этникааралық келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының және мәдениэтникалық орталықтардың  маңызы артып келеді. Бұл жыл облыстың мәдениэтникалық орталықтары үшін, қазіргі талаптарға сай салынған, өзінің жеке ғимараты Достық үйіне көшуі болды. Достық үйінің ашылу рәсіміне Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев қатысты. Халықтар арасындағы достық, қоғамды жұмылдыру ісіне қосқан үлесі үшін 15 мәдениэтникалық орталық жетекшілері жалпы сомасы 1,5 млн. теңге грантымен марапатталды.

«Ақтөбе облысында этникааралық   келісімді  дамыту» және «Демократия мен азаматтық қоғамды дамыту» әлеуметтік-маңызды жобаларын немістердің «Возрождение» мәдениэтникалық орталығы  және украиндердің «Оксана» Ақтөбе облыстық мәдениэтникалық орталығы орындады.

Облыста мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырып, аумақтық  бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс аумағында 70 бұқаралық-ақпарат құралдары тіркелген — 42 газет, 7 журнал, 11 электрондық БАҚ.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында республика, облыс көлемінде өткізілетін қоғамдық – саяси маңызды шараларды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша медиа-жоспарлар жасалып, жүзеге асырылады. Аумақтық БАҚ облыс тұрғындарын Үкімет және жергілікті атқарушы органдардың  қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау бойынша қызметін ақпараттық қамтамасыз етіп отырады.

2010 жылға арналған міндеттер

облыста қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді  нығайтуға, облыс тұрғындары арасында әлеуметтік оптимизмді қалыптастыруға, азаматтық  қоғам институттарын қолдау және дамытуға, облыста ақпараттық кеңістік бәсекелестігін көтеруге бағытталған  мемлекеттік саясатты жүргізу. Әлеуметтік шиеленістер тудыратын мәселелерді  уақытылы анықтап, шешім қабылдау;

ҚР Президентінің  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезеңінде мүдделерін насихаттау және түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар ұйымдастыру;

Мемлекеттік  ақпараттық саясатты мемлекеттік және тәуелсіз өңірлік  бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық және өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асыру;

Жастардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту,  жетім, мүгедек және аз қамтылған жастарды әлеуметтік қолдау, жас мамандарды аудандық жерлерге бекіту бойынша  жүйелі жұмыс жүргізу;

Жеңістің 65 жылдығын, ҚР Конституциясының 15 жылдығын жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізу, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына  дайындалу.

Қорытынды

Алдағы онжылдықта жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген басымдықтарды іске асыру болып табылады.

Мемлекет Басшысының  «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыруға  арналған.

Елбасы атап өткендей, 1997 жылы «Қазақстан – 2030» Стратегиясы қабылданғаннан кейін, еліміздің ұзақ мерзімді дамуы, негізгі мақсаттары мен басымдықтары қалыптастырылып, олар 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарда дамуын жалғастырды. Қазақстандықтар  жоспарлағанындай өмір сүре бастады және оң нәтижелерге қол жеткізді.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыс экономикамыздың өсу қарқынына әсер еткенімен, біздің дамуымызды тоқтата алмады. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдағы ең қиын дағдарыс жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз етті.

Мемлекет Басшысы, 2020 Стратегиялық жоспары – көшбасшылыққа жеткізетін қазақстандық жол дей келіп,  қазақстандық қоғам алдында тұрған жаңа міндеттерді анықтады, олар:

— экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау;

— жеделдетілген индустриализация және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың тұрақты өсіміне қол жеткізу;

— болашаққа белсенді инвестиция тарту арқылы адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

— қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

— ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту.

Облыс әкімдігі Ел Президентінің  қойған міндеттерін орындау бойынша әрбір атқарушы билік деңгейінің кешенді іс-әрекеттер жоспарын әзірлейтін болады. Басымдықтар өңір дамуының әзірленетін бес жылдық жоспарларының негізіне енгізіледі, инвестициялық жобалар мен салалық іс-шаралар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында көрініс табады.

Мемлекет Басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін облыста  барлық қажетті жағдайлар жасалды,  экономиканың дағдарыстан кейінгі дамуына жеткілікті әлеуеті бар, мұны өткен жылдың қорытындысы анық көрсетіп отыр.

Жерлестерімнің, ақтөбеліктердің, түсіністігі мен қолдауы осы сеніміме берік негіз болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button