Жаңалықтар

 «Крепыж» сауда үйі пайдалануға берілді

Қаладағы Бөкенбай батыр көшесінде «Крепыж» сауда орталығының ашылуы өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жұман Зине қатысты.

«Крепыж» сауда орталығы — Ресей Федерациясының ірі сауда желісі. Бұл халықты сапалы тауар түрлерімен қамтуға мүмкіндік береді әрі оның бағасы да қолжетімді болмақ.

Ақтөбелік кәсіпкер Азамат Молдашев Қазақстанда тұңғыш рет осындай сауда орталығын ашып отыр. Кәсіпкердің айтуынша, қазір мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын кешенге 33 миллион теңге инвестиция тартылған. Өзге сауда орындарынан ерекшелігі, сұранысқа ие құрылыс материалдары, бау-бақша құралдары мен өсімдіктердің тыңайтқыштары, саяхатқа арналған тауарлар сатылады.

Біз Ресейдің Түмен қаласынан келдік. Орталықты ашуды өткен жылдың тамыз айынан бастап қолға алдық. Бұл сауда орталығының Мәскеу, Қорған, Челябі қалаларында 30-ға жуық сауда нүктелері бар. Мұнда негізгі төрт бағыт бойынша тауарлар сатылады. Олар — құрылыс және жөндеу, электр құралдары, бау-бақшаға қажетті құралдар, кәсіптік арнаулы киімдер, туризм және демалысқа арналған тауарлар, — дейді сауда орталығының маркетологы Михаил Бутусов.

Бүгін қаламызда Наурыз мерекесінен кейін жаңа сауда орталық ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. Бұрын да осындай шағын орталықтар болған. Ал, мұнда тұрмысқа қажетті заттардың кез келген түрін таңдап сатып ала аласың. Бүгін осы жерден үйдегі тұрмысқа қажетті бірқатар заттар алдым. Әрі алғашқы клиенттерге қосымша сыйлықтар табыс етілуде, — дейді қала тұрғыны Дүйсен Айса.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласында құрылыс сауда орталықтары көптеп ашылып жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айында «Шебер» құрылыс гипермаркеті бой көтерген болатын.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button