Әлеумет

«Денсаулық» бағдарламасы: талап және жүйе

«Нұр Отан» партиясы cайлауалды бағдарламасының денсаулық сақтау бағыты бойынша Ақтөбе өңірлік комиссиясы отырысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы сөз болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Мәмбетжанованың айтуынша, облыста 47 аурухана, 458 амбулаториялық емханалық мекемелер медициналық қызмет көрсетеді. Облыс бойынша 3189 дәрігер бар. Өткен жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін бітірген түлектердің 72-сі облыстағы емдеу ұйымдарына жұмысқа орналастырылған.

Елбасы Жарлығымен бекітілген «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бірінші жылы, яғни 2016 жылы сәтті жүзеге асырылды.

Облыс тұрғындарына өткен жылы 1059 жоғары мамандандырылған медициналық  көмек көрсетілді. Оның  ішінде 6 бауыр және 21 бүйрек алмастырулары, 92 тізе буын ауыстыру, 91 жамбас буын ауыстыру, 20 омыртқа жотасын бекіту, 15 омыртқа сынығына инплант қою, 290 кардиохирургиялық оталар жасалды, — деді Гүлнар Мәмбетжанова.

Өз сөзінде басқарма басшысының орынбасары биылғы жылға басты талап денсаулық сақтау саласының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу екенін жеткізді. Сондай-ақ ол бұл бағытта арнайы ұйымдастырылған жұмыс топтары күнтізбелік кестеге сәйкес  қала және ауылдық елді мекендерде үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқанын айтты.

 А.АЙДАРОВА.

                    

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button