Спорт

Дүбірлі доданың салтанаты

ХХVІІІ қысқы Универсиада-2017 алауының эстафетасына қатысып, алау ұстау құрметіне ие болғаныма қуаныштымын. Бұл — мен үшін үлкен мақтаныш.

Сондай-ақ біздің елімізде осындай айтулы, халықаралық шараның өтуі — үлкен мәртебе. Қысқы Универсиаданың басталуына, міне, санаулы күндер қалды. Сондықтан Универсиадаға басқа мемлекеттерден келген спортшылар мен делегаттар елдеріне жақсы әсермен, көңіл күймен қайтса деген ниет білдіремін. Сонымен қатар біздің еліміздің спортшылары үлкен додада жақсы жетістіктерге қол жеткізуін тілеймін.

Мен 2008 жылдан бері суға жүзумен айналысып келемін. Осы уақыт аралығында көптеген жеңістерге қол жеткіздім. Мәселен, былтыр ҚР чемпионатына қатысып,  суға жүзуден жеңімпаз атандым. Сол кезде мен дайындығымның нәтижесін көргеніме қатты қуандым. Менің жеңіске жетуіме алдымен жаттықтырушым Азамат Сарбасовтың, сондай-ақ маған үнемі қолдау көрсететін отбасымның қосқан үлесі зор.

Мен қазір Ақтөбе мұнай және газ колледжінің спорт саласы бойынша жаттықтырушы-оқытушы мамандығының 1-курсында оқимын. Болашақта жаттықтырушы болғым келеді.

Елімізде өтетін үлкен додаға қатысатын барлық қазақстандықтарға жеңіс, ал эстафетада алау ұстап шығатын ақтөбеліктерге сәттілік тілеймін.

 Диана НАЗАРОВА,

ҚР суға жүзуден спорт шебері, ҚР Кубогының жеңімпазы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button