Спорт

МАҚТАНЫШ ПЕН МАҚСАТ

Универсиада алауын ұстау — мен үшін үлкен қуаныш. Алау ұстауға лайық 60 адамның бірі болғаныма мақтанамын.

Спортпен, әсіресе, бокспен бала кезімнен бастап айналысамын. 12 жасымнан бастап Ақтөбе қаласындағы №4 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне бардым. Жаттықтырушым Тағыберген Қазихановқа көп рақмет. Сол кісінің арқасында бокстан өткен облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі турнирлерге қатысып, жеңімпаз атандым.

2013, 2016 жылдары бокстан Қазақстан чемпионатына қатысып, екеуінде де ІІ орын иелендім. Сөйтіп, 2013 жылы Қазақстанның бокстан жастар арасындағы құрама командасының мүшесі болдым. 2015 жылы Әзірбайжанның Баку қаласында өткен «Агаларов турнирінде» 64 келі салмақта сынға түсіп, алтын медаль алдым. Сол жылы Түркияның Стамбул қаласында ұйымдастырылған халықаралық турнирге қатысып, ІІІ орын иелендім. Былтыр тоғыз спортшы Германияда өткен еуропалық турнир — Бранденбург кубогына қатысып, еліміздің намысын қорғадық. Жалпы командалық есепте 9 елдің ішінен екінші орынды еншіледік. Жеке есепте де ІІ орын иеленіп, күміс медаль алдым.

Сондай-ақ, Қарағандыда өткен республикалық «Мықтылар турнирінде» жеңімпаз болдым. Былтыр Қостанай қаласында өткен халықаралық «Ағайынды  Айтеновтар» турнирінде де І орын алып, спорт шебері атандым.

Универсиадаға қатысушы спортшыларға табыс тілеймін.

 Рай СЕЙТЖАНОВ, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінің 3-курс оқушысы.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button